Мен өз өмірімнің авторымын

Психология, Тәрбие сағаттары
Тандыбаева Гульмира Толкуновна , Мен өз өмірімнің авторымын

Мақала авторы: Тандыбаева Гульмира Толкуновна
Жұмыс орны: "Зырян қаласы №9 орта мектеп"КММ
Лауазымы: психолог
Порталға жариялану мерзімі: 29.11.2016


Ұйымдастыру кезеңі.

Энерджайзер.

«Хи-хи, ха-ха» жаттығуы Топ шеңбер құрады. Жүргізушінің қимылымен қайталап, бір қалыпта: «Бір-екі, үш, төрт! Хи-хи-хи-хи, ха-ха-ха-ха!» деп айтады.

Оқушыларға арнайы жасалған қима қағаздары таратылады. «Сен кімсің?»

-«Мен кіммін!»

-«Мен қандаймын!»

Менің сүйікті ісім!

Мені осылай еркелеткенді ұнатамын!

Менің ең жақсы көретін тағамым!

Менің бүгінгі жоспарым!

Менің өмірімнің ұраны!

Кағаздар жинап алынады да, оқылады ал оқушылар авторын табуға тырысады.

«Өзіңді теңей біл» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, өмірге көзқарасын кеңейту.

Психолог: Сендер өздеріңді бір затқа немесе табиғат жаратылысына теңейсіңдер. Ол «МЕН» деп есептейсіңдер.

Қатысушы: Мен өзімді бұлаққа теңеймін. Өйткені мен бұлақпын….

Психолог: Не үшін бұлақсың?

-Мен жануарларды, адамдарды қоректендіремін. Менің бұл өмірге пайдам көп. Өйткені мен өмірге қорекпін.сол сияқты

Өмір дегеніміз не? Оның қандай құндылықтары бар.

Жауабы:Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз.

Өмір өзен болса, ағысқа қарсы емес. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы.

«Сақау сөйлемдер»жаттығуы

Оқушылар екі топқа бөлінеді де оларға арнайы қағаздарда сөздерді оқып, мимикамен көрсетуі қажет.

-Қатты қуану

-Өз сезімін білдіру

-Қайықтағы адам

-Ватсапта отырған адам

-Армандаған адам

-Дәргігер

-Сауыншы

-Мұғалім

-Сурет салып отырған суретші

-Бақытты бала

-Емтиханнан бес алып шыққан оқушы

-Тв коріп отырған адам

-Еш уайымсыз адам

-Аялдамада автобус тосып  тұрған адам

Бейне ролик көру және талқылау. Өз өмірлеріне ризалықтарын ояту, мақсат қоя білуге үйрету.

Нұсқау: Жағдай оқылыды. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.

  • Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.
  • Кімнің бойы 1.65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын.
  • Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай деп айқайласын.
  • Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын.
  • Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.
  • Иттерді жақсы көретіндер үрсін.
  • Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын.
  • Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін.
  • Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын.
  • Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін.
  • Емтихан , ҰБТ тапсыруға қорықпайтындар «Алға!» деп айқайласын.
  • Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын.
  • Осы тренингке қатысқандарына қуанатынндар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын.

Оқушыларға қатысқандарына алғыс білдіріп, өз өмірлерінің авторы болуға шақыру.