Мектепке дейінгі ұйымдарда театрландырылған әрекетті ұйымдастыру

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Григорьева Рита, Мектепке дейінгі ұйымдарда театрландырылған әрекетті ұйымдастыру

Мақала авторы: Григорьева Рита
Жұмыс орны: №201 мектеп-лицей
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 17.05.2018


«Театр – адамдарды туыстыратын

шығармашылық отбасы,сахна өнері – тіл

жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни

адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес».

Бүгінгі таңда балалардың негізгі қабілеттері қалыптасатын және дамитын, мектеп жасына дейінгі кезеңдегі тұлға дамуының ерекше өзектілігіне айрықша назар аударылуда.Оның ішкі мәдениетінің байлығы, зияткерлік еркіндігі,биік шығармашыл әлеуеті,жоғары көркемдік талғамы, тұлғааралық, ұлтаралық және әлеуметтік қарым-қатынаста төзімділік таныта білуі қазіргі заманғы жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға қажетті жағдайлар болып табылады.
Осы орайда мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттер – бұл тұлға шығармашылығына бағытталған тәрбие,баланың шығармашылық әлеуетін ашудың мүмкіндігі.Театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру баланың қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі, жалпы дамуына,білуге құштарлығының айқындалуына,жаңаны тануға деген ұмтылысын,жаңа ақпараттарды және әрекеттердің жаңа әдістерін игеруге , ассоциативті ойлануға;рөлдерді орындау кезіндегі эмоцияның,ақыл-парасатының көрінуіне, мақсатқа жету үшін ұмтылуына,табандылығының дамуына ықпал етеді.
Балалар қоршаған әлемдегі қызықты идеяларды байқауға, оларды қолдана білуге,кейіпкердің өзіндік көркем бейнесін құруға үйренеді,оларда балалар шығармашылығының кең тараған түрі шығармашылық қиялы дамиды.
Осы мақсатта мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуымен қатар мектеп жасына дейінгі балалар өміріне театр мықтап енді.