Мектепке дейінгі мекемеде «үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру

Ағылшын тілі
Мыжиканова Салтанат Жумабековна, Мектепке дейінгі мекемеде «үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру

Мақала авторы: Мыжиканова Салтанат Жумабековна
Жұмыс орны: "Салтанат" бөбекжай-бақшасы МККҚ
Лауазымы: ағылшын тілі мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 14.10.2018


Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі – заманның қажеттілігі.
Н.Ә. Назарбаев.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты» деп ағылшын тілін игерудің әрбір азаматқа жаңа мүмкіндіктерді ашатынын атап өткен еді. Еліміздің экономикасы дамыған сайын ағылшын тілін меңгеру талабы да артуда. Ағылшын тілін меңгертудің басты мақсаты — тіл үйренушілердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру, шет елдерде еркін қарым қатынас жасай алу, өз ойын сол тілде жеткізе алу болып табылады.
Қазіргі заманда біз шет тілін үйретуді балабақша есігінен бастаймыз. Бәрімізге белгілі, ағылшын тілін үйретуді ерте жастан бастасақ, бұл баланың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді және де тілдік кемшіліктерді жойып, болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Әрі сәби кезінде алған білім жадында тез сақталады. Егер бала балабақша іргетасында өзге тілді меңгеруді бастаса, келешекте ана тіліндей таза, анық сөйлеуіне мүмкіндіктер алады.
Мектеп жасына дейінгі кезең — тілдерді үйренуге ең қолайлы кезең, осы жастағы балалардың есте сақтауы мен логикалық ойлау қабілеті жоғары болады. Біз осы кезеңді пайдаланып, балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін, ағылшын тілін үйрену үшін «Салтанат» бөбекжай бақшасында «Ағылшын тілін үйренейік» үйірмесін құрдық. Бұл үйірме 3-6 жастағы балаларға арналған, аптасына екі рет жүргізіледі.
Үйірменің мақсаты:
-күнделікті күн тәртібінде ағылшын тілін қолданыс аясына енгізу, мысалы: таңертеңгілік қабылдауда ағылшынша амандасу, қалың сұрау, серуенге, түскі аста, шынықтыру шараларында, ойын іс-әрекеттерінде ауыз-екі сөйлеу барысында айтылатын қарапайым диалогты ағылшын тілінде айта білуге үйрету;
-өтпелі тақырыптар (менің балабақшам, сандар, отбасы, ойыншықтар, түстер, көліктер, жануарлар, жемістер, жиһаз, мамандықтар, жыл мезгілдері, тб) бойынша ағылшын лексикасын үйрету;
— ағылшын тілінің грамматикасының қарапайым негіздерімен таныстыру;
-тілдердің негізімен, ауызша сөйледің қарапайым дағдыларын меңгерту;
— тыңдағанды түсіну дағдыларын қалыптастыру;
-монологтік және диалогтік сөйлеу тілін дамыту;
-ағылшын сөздерін дұрыс дыбыстауға үйрету;
Үйірменің міндеті- балалардың ағылшын тілінде сөйлеу білім-білік дағдыларын қалыптастыру, тілдің коммуникативтік қызметін меңгерту. сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, бір-бірімен қатынас жасай алуға ынталандыру, әр баланың тілге деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтижие:
Балалардың үштілділік коммуникативтік қатынасы нығая түседі, сөздік қоры көбейеді, тіл байлығы дами түседі, бір-бірімен ағылшын тілінде қатынас жасайды, қойылған сұрақтарға жауап береді, байланыстырып сөйлеуі қалыптасады; тілді меңгеруге деген қызығушылығы арта түседі, оқу бағдарламасы жүйелі үздіксіз оқытылады, білім сапасы артады.
Қорытындылай келсек, балабақшада тілдердің үштұғырлығын дұрыс ұйымдастырып оқыту, балаларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге, оларды заманауи көптілді әлем өміріне дайындауға көмектеседі. Балалардың болашақта тілдерді оңай меңгеруіне жол ашады.