Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Амирова Нургуль Ануарбековна, Мектепалды даярлық тобына арналған «Жаңа жылдық сиқырлы кеш» ертеңгілігінің сценарийі

Мектепалды даярлық тобына арналған «Жаңа жылдық сиқырлы кеш» ертеңгілігінің сценарийі

Мақала авторы: Амирова Нургуль Ануарбековна
Жұмыс орны: Қарақия аудандық білім бөлімі,МКҚК "Болашақ" балабақшасы
Лауазымы: Әдіскер
Порталға жариялану мерзімі: 24.01.2017


Жаңа жылдық сиқырлы кеш!

(Музыка ырғағымен балалар залға кіреді)

Күлдірген: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанымыз бәріміз. Жаңа жыл бәрімізге бақыт әкелсін.

(конфетти шашылады, музыка ырғағымен балалар залға кіріп, шыршаны айналып тұрады.)

Бүлдірген:  Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Естімей қапы қалмаңыздар,

Таңдандырып, таңдай қақтыратын.

Бір күлдіріп, бір жылататын.

Күлдірген: Көңілді теңіздей толқытатын,

Сүйсіндірер, күрсіндірер.

Қызыққа толы шытырманды,

Ешкімді бей-жай қалдырмайтын.

Көз бен құлақты талдырмайтын жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастаймыз, Кешіккендерге есікті ашпаймыз.

Бүлдірген:Балалар осы жаңа жылдық мерекесіндегі ең ерекше не екенін білгілерің келе ме?

Балалар: Ия!

Бүлдірген:Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (шырша)

Күлдірген:Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік-деп шыршаны айналып ән айтайық.

1.Ән: «Шырша жыры» (ал достарым келіңдер)

Бүлдірген:   Жасыл шырша жанында,

Көңілдіміз бәріміз.

Тақпақ айтып, ән айтуға,

Әрқашан да дайынбыз.

Амира:

Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық жылы келіп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

 

Өркен:

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық

Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық

Құттықтаймыз келер жылды алдағы

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық

 

Жібек:

Мәз болып жиналып көп бала,

Бір-бірін құшақтап топтала.

Ойыншық ілініп тұр шыршаға,

Неткен ойыншық көп мұншама.

Дайын тұр тақпақ пен әніміз,

Әрдайым құлпырсын сәніміз.

 

Айсұлтан:

Әкелді жыл ырыс құт,

Әлемде  той тамаша.

Жарқын өмір жаңаша,

Жаңа жылы тамаша.

 

Альбина:

Келіп қалды Жаңа жыл,

Көңіл өсіп кеңеісін.

Ортақ ойы арманы,

Жақсы достар көбейсін.

 

Адия:

Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді.

 

Фатима:

Оралды өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпе.

Асқар тау қарлы шың.

 

(Бірін-бірі итеріп Аққалалар келеді)

Үшеуі бірге: Тотыдай таранған, аққудай аппақ.

Алма мойын қиғаш қас,

Кештің сәні болатын

Біздей мықтылар табылмас.

Күлдірген:  Сәлеметсіздерме  Аққалалар! Қайдан келдіңіздер? Өздеріңізді таныстырып өтіңіздер.

Денсаулық:  Мен Денсаулық боламын! Сендерді өзім сияқты мықты, күшті спортшы болуға шақырамын. Спорт-денсаулық кепілі екенін ұмытпайық!

Оқымысты:  Жо-жоқ Денсаулық! Мен сенімен келіспеймін. Өмірде маңызды тек қана спорт емес. Мен сендерді өзім сияқты оқымысты болуға шақырамын. «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» Денсаулық! Сондықтан білімді болу керек! Солай ма балалар?

Еріншек:   (есінейді) Ой-ой –ой сендер неге дауласып жатырсыңдар? Адамға маза бермедіңдер ғой. Өмірде ұйқыдан қымбат не бар? Қане барлығымыз ұйықтайықшы.

Бүлдірген:  Ия біз сіздерді тыңдадық. Денсаулық сен дұрыс айтасың.Басты-байлық денсаулық.Оқымысты сен де дұрыс айтасың. Қазіргі кезде көп оқып, көп білуіміз керек. Ал Еріншек біз сенімен келіспейміз. Көп ұйықтамай сергек жүруіміз керек.Олай болса сенің ұйқыңды ашатын би билейік.

Би: «Аққалалар»

Күлдірген: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Сымбат:

Кел, жаңа жыл! Төрле- төрле жеріме!
Құт береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің бәрін де!

 

Алмаз:

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылға шақырады жаңа өмір,
Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!

 

Ислам:

Ақ көңілім айналады аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылда!

 

Бибіжамал:

Әрқайсымыз жаңа жылмыз,
Әрқайсымыз жаңа ғасырмыз.
Өмір таңын жарқыратқан,
Біз де сендей жасылмыз.

 

Алихан:

Шырша қандай керемет,
Ойыншықтар ілінген.
Жымың қағып шамдары,
Бүкіл қызық тірілген.

 

Жан:

Шыршамызды әсемдеп,
Ән шырқаймыз билейміз.
Өзімізде күлімдеп
Жабырқауды білмейміз.

 

Амина:

Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл.
Шырша жаны көңілді,
Билеп барлық бала жүр.

 

 

Бүлдірген: Балалар Аққала неден жасалатытын білгілерің келсе, мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады? (қар)

Ойын: «Қар жинау»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдылыққа, жылдамдыққа үйрету.

(Ойыннан соң Еріншек ери бастайды)

Денсаулық:  Біздің Еріншек досымызға не болды? Бұл әлсіреп, еріп бара жатыр ғой!  Оқымысты сенің білмейтінің жоқ. Досымызға қалай көмектесеміз?

Оқымысты: (ойланып)  Бұл Еріншекті өз қалпына келтіру үшін барлығымыз боран керек. Қане тарлығымыз бірге у-у-у  дейміз. (барлығы у-у-у дейді)

(Музыка ырғағымен Мұз ханшайымы келеді)

Мұз ханшайымы: Мені қайсысың шақырған?Мұнда не болып жатыр? Мен бұл жерді өзімнің патшығыма айналдырамын! Барлығыңды қатырып тастаймын.(барлығын қатырып тастайды)Ха-ха-ха!!! Мен барлығыңды қатырып тастадым! (Ери бастаған Еріншек өз қалпына келеді) Сен үшеуің менің нөкерлерім боласыңдар! Бұл жерде менен басқа ешкім сөйлемеуі керек. Сендер үшеуің мына жерді күзетіңдер! Ал мен болсам демалып келемін!(Мұз ханшайымы кетеді)

Үшеуі бірге:   Мына адамдарды қалай ерітеміз?

Денсаулық:  Бізге енді кім көмектеседі?

Еріншек:   Ей Оқымысты! Сен бәрін білесің ғой. Көмекке кімді шақырамыз.

Оқымысты: (ойланып) Ия! Ия! Қазір мен ғаламтордан гугл желісінен қарайын. Тек қана Сиқыршы ғана көмектесе алады екен. (Сиқыршыға хабарлама жібереді)

Сиқыршы: Мен сендердің хабарламаларыңды алдым.Менен сендерге қандай көмек керек?

Оқымысты: Мұз ханшайымы келіп барлығын қатырып кетті. Ата-аналарды, балаларды, сайқымазақты өз қалпына келтіру керек.

Сиқыршы: Қазір мен сиқырлы айнамды ашайын. (айна ашылады)

Сиқырлы айна: Не білгіңіз келеді? Сиқыршы әміріңізге құлдық!

Сиқыршы: Ата-аналарды, балаларды, сайқымазақты өз қалпына келтіру қалай келтіремін?

Сиқырлы айна:  Мына сиқырлы айнадан шыққан сөзді қайтаңыздар:

(барлығы өз қалпына келеді)

Күлдірген: Барлығымыз бірге қайталайық:

СИМ-САЛА-БИМ!

СИМ-САЛА-БИМ!

СИМ-САЛА-БИМ!

Барлығың өз қалыптарыңа келіңдер.

СИМ-САЛА-БИМ!!!

 

Мұз ханшайымы:  Менің нөкерлерім қайда? Мен сендерге күзетіңдер деп тапсырып кеттім ғой.   Мұнда барлығы қозғалып, жаңа жылдық мереке тойлап кетіпті.

Сиқыршы:  Ей Мұз ханшайымы! Сен бұларды енді қатыра алмайсың!

Мұз ханшайымы:   Жоқ мен барлығын қатырамын. (екеуі шайқасады.)

(жарық сөніп, жанады), (Мұз ханшайымы жеңіледі)

Мұз ханшайымы:  Менің нөкерлерім! Менімен жүріңдер! Өз патшалығымызға қайтамыз! (шығып кетеді, жарық жанады)

Сиқыршы:  Біз Мұз ханшайымын жеңдік!!!

Күлдірген мен Бүлдірген: Алақай! Алақай! Алақай!

Күлдірген : Жаңа жыл мерекесін ары қарай жалғастырамыз. Сиқыршы сізге көп-көп рахмет.

Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.

Ажар:

Уи уишн ю туби хэппи,

Уи уишн ю туби хелси.

Ин хэппи нбю еә.

Тілейміз бақыт,

Тілейміз шаттық,

Жаңа жылда біз бүгін!

 

Мадина:

Сноу из фолинг,

Итс тайм ту плэй.

Сной из фолинг,

Летс мэйк сноумен тудей.

 

Ақерке:

Э хэппи нью еә,

Зе дей из сэу клиә.

Зэ сноу из сәу уайт,

Зэ скай из сәу брайт.

Оралды өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпе,

Асқар тау қарлы шың.

 

Ақнұр:

Он нью еә, уи денс энд хэппи,

Селебрэйшн ин зә стрит уиз кристмас три.

Қандай әсем шыршамыз,

Шыршамыз тұр жараса.

Жаңа жылды біз тойлап,

Той-тойлаймыз балаша.

 

2.Ән: Ағылшынша

Бүлдірген:  Әкелді жыл ырыс-құт,

Әлемде той тыныштық.

Ән салайық тамаша,

Би билейік жаңаша.

Би: «Жұлдызшалар»

Күлдірген : Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.Ал сендер шешуін табыңдар. Бізге көмек беретін,

Табыңдар кім екенін?

Шақырайық ортаға,

Жылда қыста келетін.

Бетімізді шымшылап,

Аязымен өтетін.

Бүлдірген: Ақ таяғын таянған,

Ақ күпіге оранған.

Сыйлық толы дорбасы бар,

Немересі Ақшақар.

Екі жылдың тоғысында,

Елге бере ақ бата. Ол кім екен?

Балалар: Аяз-Ата!!!

Күлдірген:  Ал Сиқыршы біздің Аяз-Атамыз қайда екен?

Сиқыршы:  Қазір мен сиқырлы айнамнан қарап жіберейін.

(Сиқырлы айнадан Аяз-Ата мен Ақшақар келе жатқан бейне таспа қойылады)

(Сиқыршыға хабарлама келген дауыс естіледі)

Мына Мұз ханшайымы тағы не бүлдірді екен? Мені Айгөлек балабақшасына шақырып жатыр. Қош сау болыңыздар. (шығып кетеді)

Бүлдірген:

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./

Аяз-Ата: Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Күлдірген:  Қош келдіңіз Аяз-Ата! Біздің жаңа жылдық мерекемізге келгеніңіз өте жақсы болды. Алыстан шаршап келсеңіз,  отырып демалыңыз.

Кел билейік, зерікпейік,

Төгілтейік ән мен күй.

Қол ұстасып, дөңгелейік,

Көтерейік көңіл-күй тақпақ айтайық

Ернат:

Сақалының ұзын – ай,
Саудыраған мұзын – ай.
Жарқыраған оттары,
Жаңа жылдың қызығы – ай.

 

Руслан:

Ақ қырауға малынып
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

 

Ерасыл:

Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны

 

Мейрлан:

Жаңа жылда бастаған
Жаны жайсаң жақсы адам
Аяз ата сізге мен
Айтам әнді жүздеген.

 

Әліби:

Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы алайық баршамыз.

 

Нұржан:

Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймыз сіздерді.

 

 

Бүлдірген:  Бізбен бірге жайдарлы,

Аяз Ата жайнайды.

Жарқырайды шыршамыз,

Би билейік баршамыз.

Би: «Санта-клоустар»

Күлдірген: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Аяз Ата: Ой жарайсыңдар балалар! Бойларыңда өсіпті, Ойларың да өсіпті. Қандай әсем шыршамыз, Шырша шамын жағамыз баршамыз. (шырша жағылады)

Ән: Қуант бізді таңырқат!

Күлдірген: Жаңа жылды тойлайық,

Ойнап асыр салайық.

Атамыздың сиқырлы,

Таяғымен ойнайық.

Ата-анамен ойын: «Сиқырлы таяқша»

Бүлдірген: Аяз Ата! Балаларымыз өз өнерлерін аямай көрсетіп жатыр. Ән айтты, би биледі.ойын ойнады. Ендігі кезекте сахналау өнеріне берейік.(сахналау)

Сахналау:«Сиқырлы сандықша»

Бүлдірген:

Ең жақсы ән- айтылмаған ән, ең
жақсы қала –салынбаған қала,

ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл деп жаңа жылды қарсы аламыз.

Тауық:Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.

2017 жылы қадам басқан,

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!

 

Күлдірген:  Аяз Ата, жаңа жыл,

Жаңа бақыт ырысым.

Жаңалықтың жаршысы да, нұрысың,

Балалардың асқақтаған арманы,

Балалардың таусылмайтын жырысың.

Аяз Ата: Жарайсыңдар балалар! Менің сендерге алып келген сыйлығымды таратып берейін.(сыйлық таратылады)

4.Ән: «Жаңа жыл»

Күлдірген:  Ар бол, Жаңа жыл! Бар бол Жаңа жыл!

Қадамың құтты болсын Жаңа жыл!

Бейбітшілік жылы бол  Жаңа жыл!

Құт-береке жылы бол Жаңа жыл!

 

Бүлдірген: Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден  құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып  келсін!