Мектепалды даярлық топта ойын түрлерін пайдалану

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Абиева Баглан Шаймерденовна, Мектепалды даярлық топта ойын түрлерін пайдалану

Мақала авторы: Абиева Баглан Шаймерденовна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2018


Кез-келген  ұстаздың  мақсаты — оқушыларға  сапалы  білім  беру жан — жақты  дамыту, оқуға  қызығушылықтарын  арттыру.

Ойын  —  мектеп  жасына  дейінгі  бала  әрекетінің  ең  алғашқы  баспалдағы,  оның  мінез — құлқының  қалыптасуының  бастапқы  мектебі.

Ойын  даму  тәжірибесі  болып  табылады. Бала  ойын  кезінде  дамиды,  даму  үшін  ойнайды. Ойын — балалар  қарым —  қатынасының  негізгі  ортасы.

Ойын үлгісінің технологиясы  баланың  нақ  осындай  белсенділіктерін  арттырады. Кез  келген  бала да, адамның мәдениеті де ойын арқылы  дамиды. Ал  бүгінгі  ғасырда  оқу  процесінде  ойын  алдыңғы  орында, ойын  технологиясы арқылы баланың  оқуға  ынтасын, қызығушылықтарын  арттыру  жеңіл  болмақ. Ойын дегеніміз не? Ойын дегеніміз — халықтың баланы  әдептілікке, сауаттылыққа  баулитын  құралдың  бірі.

Бала  саналы,  мәдениетті,  адамгершілігі  мол  болып,  жан — жақты  дамуы  үшін  және  тілін  дамытып,  сөз  байлығын  дамыту  үшін  айналадағы  өмір  құбылысын  ұғыну  үшін  пайдаланудың  маңызы  зор. Ойын  үлгісіндегі  баланың  түрлі  қасиеттері,  қабілеті  мен  белсенділігі  де  көрінетіні  туралы  аса  көрнекті  педагог  А. С. Макаренко  былай  дейді:

«Ойында  бала  қандай  болса,  өмірде,  кәсіби  қызмет  саласында,  көбінесе  сондай  болады».  Сондықтан  келешекке  адамды  тәрбиелеу — бәрінен  бұрын  ойын  арқылы  жүзеге  асырылады. Ойын  балалар  үшін  айналаны  танып,  білу  тәсілі. Ойын  әрекеті  мазмұнынан  әлеуметтік  сипаты  баланың  қоғамдық   өмір  сүретіндігімен  байланысты. Ол  алғашқы  айлардан  бастап — ақ  маңайындағылармен  қарым — қатынас  жасауға  ұмтылады, соның  арқасында жасау  құралы,  күш  қуаты  тілді  біртіндеп  меңгереді.

Ойын — бала әрекетінің  негізгі  түрі. Ойын  ойнағанда  бөлме  теңіз  де,  ұшақ  та,  темір  жол  вагоны  да  болуы  мүмкін. Балалар  ойын  кезінде  тыныш  отыра  алмайды. Тіпті  жалғыз  баланың  өзі  де  сөйлесіп  жүреді,  сондықтан  ойын  барысында  тілдесім  үлгісі  қалыптасады.

Ойындар  мазмұнына  қарай,  өзіне  тән  ерекшеліктеріне қарай  сюжетті — рольді,  драматизациялық,  дидактикалық  құрылыс  ойындары,  қимылды  ойындар,  ұлттық  ойындар  болып  бөлінеді. Ойынның  түрлері  өте  көп.

Мысалы: Рөлдік  ойындар,  дене  шынықтыру  ойындары,  сюжеттік  ойындар,  дидактикалық  ойын  элементтерін  пайдаланудың  маңызы  өте  зор.  Дидактикалық  ойындар  баланың  ақыл — ойын  дамытып,  сабаққа  деген  қызығушылықтарын  арттырады. Тіпті  нашар  оқитын  балалардың  өздері  де  ойын  элементтері  араласқан  сабаққа  зор  ынтамен,  жігерімен  араласатыны  анық. Баланы  қоршаған  заттық —  кеңістік  орта  болып  табылатын  топ, ойын  алаңы,  оның  элементтері (жабдықтар,  ойыншықтар, дидактикалық  материалдар) — баланың  қажеттілігі  мен  қызығушылығын  қанағаттандырып,  жеке  басын  дамытуға  бағытталуға  тиіс.

Сондай – ақ,  заттық  —  кеңістік  орта  оқу — тәрбие  процесінің  міндеттері  мен  мазмұнына  сай  ұйымдастырылады. Барлық  ойындар  мен  ойыншықтар,  сурет  салу,  мүсіндеу,  қиып —  жапсыру,  құрастыру, оқыту  мен  тәрбиелеудің  аудиовизуалдық,  ақпараттық  құралдары,  әрекеттерге  арналған  құрал —  жабдықтар,  материалдар  балалардың  еркін  алып  қолдануларына  қолайлы  етіп  қойылуы  керек,  жиһаздарды  балалардың  құрбыларымен  бірлесе  ойнап,  әрекет  етулеріне,  өз  қалауларынша  жүріп  тұруларына,  оңашалануларына  кедергі  жасамайтындай  барынша  ыңғайлы  етіп  орналастыруды  талап  етіледі. Топ бөлмесін  ұлттық  ойын  бұрышы,  тыныштық  жекелеу  бұрышы,  кітап  бұрышы,  табиғат  бұрышы, тағы  басқа бұрыштарға  бөліп  тастау  тиімді. Бұрыштардың  тақырыбы  және  онда  қойылған  заттар  үнемі  жаңартылып,  мазмұны  байытылып отыруы  тиіс.

Ойындар  әр  топ  жас  ерекшелігіне  сай  жүргізіледі. Мектепте  балалар  табысты,  жақсы  оқу  үшін  баланың  тілдік  функциялары  толық  дамыған  болуы  керек. Баланың  тілін  жетілдіру  үшін  оны  әңгімеге  тарта  отырып,  баланың  сөздік  қорын  жаңа  сөздермен  толықтырып,  түсінігін  молайту  қажет. Баланың  тілін  дамытуда  ойын  түрлерін  жүргізу  арқылы  ойын  шарттарын  айта  отырып  та  байытуға  болады. Әсіресе  дидактикалық  ойындарды  тіл  дамыту  сабақтарында  пайдаланудың  тиімділігін  тәжірибе  көрсетіп  отыр. Сабақты  бекіту,  баланың  шығармашылығын  дамыту,  тіл  байлығын  молайту  үшін  ойындар  аламыз. Қимылды  ойындар  баланың  барлық  жас  кезеңінде  өтеді. Рөлдік  ойындар  мектепке  дейінгі  балалар  өмірінде  елеулі  орын  алады. Бұл  ойындар  ұзақ  та,  қысқа  да  болуы  мүмкін. Сюжетті —  рөлді  ойындар  бейнелеу  құралы,  ойын  әрекеті  болып  табылады. Қойылымдылық  ойындарда  рольдер,  ойын  әрекеттері  қандай  шығарманың  ертегінің  сюжеті  мен  мазмұны  шарттас  болады. Ол  сюжетті —  рөлді  ойынға  ұқсас. Барлық  балалар  ертегіні  жақсы  көреді, ертегі  айтып  берсең  бар  ынтасымен  тыңдайды. Ертегі  балалардың  ой — қиялын, сөздік  қорын  дамытады. Құрылымдық  ойындар — балалар  әрекетінің  бір  түрі. Оның  негізгі  мазмұны  қоршаған  өмірді  алуан  түрлі  құбылыстарды,  соларға  байланысты  іс — әрекеттерді  бейнелеу  болып  табылады. Құрылыс  ойыны  бір  жағынан  сюжетті —  рөлді  ойнауға  ұқсас  келеді. Балалар  ойын  үстінде  көпірлер,  стадиондар,  темір  жолдар,  театрлар,  цирктер,  ірі  құрылыстар  салады. Ойын  міндеті — қалпақтың  астында не бар екенін  білу. Ойын  арқылы  баланың  рухани  байлығы  өмірмен  ұштасып,  айналасындағы  дүние  туралы түсінік  қалыптасады.

Ойындар — тек  денені  ғана  емес,  ойды  да  жаттықтырушы.  Халық  өзін  қоршаған  дүниенің  қыры  мен  сырын  егжей — тегжейлі  білуді  баланың  санасына  ойын  арқылы  беруді  көздеген  ойын  бала  табиғатына  егіз, өйткені  ойынсыз  өспек  емес,  жан — жақты  дамымақ  емес.