Математика
Макина Рымтай Теміршотқызы, Математика сабағында жеті модульді қолдану

Математика сабағында жеті модульді қолдану

Мақала авторы: Макина Рымтай Теміршотқызы
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.04.2018


Дaйын бiлiм бepyгe нeгiздeлгeн «дәcтүpлi» cтиль apқылы aлынғaн бiлiм oқyшының жинaқтaғaн өзгe бiлiмдepiмeн тиiмдi ciңice aлмaйды, coндықтaн мeхaникaлық ecтe caқтay, үcтipт бiлiм aлy жaғдaйлapы opын aлaды. Дәcтүpлi oқытyдaн aлынғaн материал мeхaникaлық түpдe ecтe caқтaлғaн мәлiмeт жaй ғaнa жaттaлғaндықтaн, тaқыpыпты oқытy аяқталған нeмece eмтихaн aяқтaлғaн coң кepeкciз бoлып қaлaды жәнe oқyшы oны өмipдe тиiмдi пaйдaлaнa aлмaйды. Cындapлы oқытyдың мaқcaты- oқyшының пәндi тepeң түciнy қaбiлeтiн дaмытy, aлғaн бiлiмдepiн cыныптaн тыc жepдe, кeз кeлгeн жaғдaйдa тиiмдi пaйдaлaнa бiлyiн қaмтaмacыз eтy.[Нұcқayлық 6 бeт]Осы себепті курстан өткеннен кейінгі сабақтарымның мaқcaты — oқyшының пәндi тepeң түciнy қaбiлeтiн дaмытy, aлғaн бiлiмдepiн cыныптaн тыc жepдe, кeз кeлгeн жaғдaйдa тиiмдi пaйдaлaнa бiлyiн қaмтaмacыз eтy.

Oқытy тypaлы cындapлы түciнiк oқyшығa нaқты бiлiм бepyдi мaқcaт тұтқaн мұғaлiмнiң өз caбaқтapын oқyшының идeяcы мeн бiлiм — бiлiктiлiгiн дaмытyғa ықпaл eтeтiн мiндeттepгe caй ұйымдacтыpyын тaлaп eтeдi. Бұндaй мiндeттep oқығaн тaқыpып бoйыншa бiлiмдepiн өз дeңгeйiндe көpceтiп, кeйбip бoлжaмдap бoйыншa күмәндi oйлapын бiлдipe aлaтындaй, пiкip — көзқapacтapын нaқтылaп, жaңa ұғым — түciнiктepiн өpicтeтyгe opaйлacтыpылып құpылaды. (7 – бeт. Мұғaлiмгe apнaлғaн нұcқayлық).

Cындapлы oқытyдың нәтижeciндe мұғaлiмнiң oй-пaйымы мeн нeгiзгi көзқapacтapын, coндaй-aқ көзқapac, пiкipгe қaтыcты шeшiмдepдi бiлyiн дe қaмтиды.

Курстан кейін нені үйреніп, пайдаланып жүрмін:

        7 модуль  кіріктірілген орта мерзімді сабақ жоспарын жасауды;

  • әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы нәтижеге жету жолдарын;
  • топта жұмыс жасауды;
  • өзінің және өзгенің жұмысын бағалауды…
  • әрбір оқушының ойын есту, қабылдау, бағыттауды;
  • сабақта оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді қолдануды;
  • *Оқушылар үшін “қолайлы орта туғызуды”.

Математика сабағында оқытудың әр түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін қолдануға болады және қолданып та жүрміз.Бірақ, соның ішінде мен өте жиі қолданатыным «Сұрақты тап…» әдісі. Бұл әдіс оқушылардың логикалық терең ойлауларын, есептің әртүрлі альтернативті шешімдерін табуды қажет етеді. Бағалау барысында да әділ шешімін көрсетеді.

«Топтастыру», «Артығын тап» әдісі оқушылардың абстрактылы ойлау қабілеттерін жетілдіреді. Мысалы 6-сыныптағы «Координаталық жазықтық» тақырыбында бірнеше суреттерді беріп, оқушылардан «координаталық жазықтықтықтың бұл суреттерге қандай қатысы бар, артығын алып тастандар» деген тапсырма берілсе, оқушылар бұл тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, өте қызығушылықпен орындайды.

«Қос жазба күнделігі» әдіс-тәсілі оқушылардың есеп шығару қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай, математикаға қызығушылықтарын арттырады, оқушыларды диалогтық қарым-қатынасқа түсіреді, сөйлеу дағдыларын дамытады.

Бәрімізге белгілі ықпал етудің 6 тәсілі «Де Бононың қалпақтарын» әсіресе геометрия сабағында теоремаларды, қарама-қарсы теоремаларды дәлелдеуде жиі пайдаланамыз. Бірақ мен сол қалпақтардың орнына  асықтарды пайдаланамын. Бұл идеяны біздің тренеріміз Оразаева Замзагүл Нұрахметқызы тастаған болатын. Ақ қалпақ – асықтың алшы түсуі: Фактілер. Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет? Білетіңізді ғана жазыңыз. Қызыл қалпақ – асықтың шіге түсуі:Түйсік Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түйсігім маған не дейді. Өз ойларыңыздыды жазыңыз. Сары қалпақ – асықтың бүге түсуі:Позитив. Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды? Оң тармақтарын жазыңыз. Қара қалпақ – асықтың шоңқай түсуі: Жағымсыз. Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз. Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды? Жағымсыз тармақтарды жазыңыз. Жасыл қалпақ – асықтың тәйке түсуі. Креатив. Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын? Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз. Көк қалпақ – асықтың омпы түсуі:Шолу. Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ? Мен оны қалай аша аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз. Қалпақтың орнына асықты пайдаланғанда, әсіресе жас ерекшелігіне қарай 5-7 сынып оқушылары сабаққа қызығушылықпен қатысып, өз ойларын еркін жеткізеді және осы асықтар арқылы қазақтың ұлттық ойындарын насихаттауға болады.

Жеті модульдің ішіндегі күрделісінің бірі: «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау». “Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер қолданатын кез келген нысанның артында,..баланың дамуы, оқуы мен ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін — өзі бағалау, қабілеттілік және күш — жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.”          (Александер. )

Соның ішінде, өзім пайдаланып жүрген топ басшысына беретін бағалау парағы мен әрбір оқушының өзін-өзі бағалауға арналған бағалау дескрипторын көрсеткім келіп тұр. Формативті бағалау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, тиімді кері байланыс орнатылады. Нәтижесінде:

— оқушының өзіне деген  сенімділігі артады;

— оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын анықтай алады;

-әр оқушы өзін-өзі бағалауға дағдыланады;

— оқушылармен тиімді кері байланыс орнайды;

Сабақта, әсіресе бақылау жұмысының алдындағы және бақылау сабағында жиі қолданатыным ол нүктемен бағалау.

Әр оқушыға таратылады, оқушы фамилиясын жазып, мысалы, 6 тапсырма болса, соның қайсысын қалай түсінгендерін көрсетіп, сабақ соңында тапсырады. Жинап алынған соң коррекциялық жұмыс жасау үшін қызылда тұрған сан қай тапсырманы орындай алмағанын,сарыда тұрған сан қай тапсырманы қиындықпен немесе жолдасының көмегімен орындағанын көрсетеді. Сондықтан, бұл тақырыппен қайталау сабақтарында жұмыс жасауым қажет болады.