Электрондық үкімет

Информатика
Джумагазиева Асель Каримовна, Электрондық үкімет

Мақала авторы: Джумагазиева Асель Каримовна
Жұмыс орны: Ж. Досмұхамедов ат. жоғарға педагогикалық колледжі
Лауазымы: информатика оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 18.12.2018


«Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын бірік­тіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді.

Елімізде электронды үкімет құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бә­секеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында білдірген болатын. 2004 жылғы 10 қарашада электронды үкіметті ендіру туралы «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Президент Жарлығымен бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын:

Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде – ақпараттарды жариялау және тарату.

Екінші кезеңі — мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады.

Үшінші кезеңде — қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету.

Төртінші кезеңде — ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.

Бұл нұсқау мемлекеттік қызметті алудың, соның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарымен жұмыс істеу үшін Tumar CSP криптопровайдерін міндетті орнатуды талап етпейтін, өзгертілген тәртіпті сипаттайды. Нұсқау «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің бар болуы (жоқ болуы) туралы анықтама беру» қызметін алу үлгісінде әзірленді.