Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мамырбаева Шынар Баймухамбетовна, Күз мерекесіне арналған ертеңгілік

Күз мерекесіне арналған ертеңгілік

Мақала авторы: Мамырбаева Шынар Баймухамбетовна
Жұмыс орны: "Балауса" балабақшасы
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 03.09.2017


Алтын күз мерекесіне
Морщины просто разгладились сами!
Разведите в кипятке 37 грамм дешевой…
Восстановить печень могут обычные копеечные ..
Восстанавливает поврежденные клетки и выводит токсины…
Как восстановить печень без…
Есть средство…

Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Алтын күз» атты мерекелік іс-әрекетімізді бастаймыз.
1 бала:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
2 бала:
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.
3 бала:
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.
4 бала:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Хор «Күз жомарт»
Балалар мінеки күз мезгіліде келіп жетті.
—    Күз мезгіліне қандай айлар жатады?
—    Ауа райы қалай құбылады?
—    Күзде қандай құбылыстар болады?
—    Ал қазір күздің қай айы?
—    Қазір күздің екінші айы.
Күтпеген сәт:
Осы кезде ішке «Алтын күз» себетке салған жемістері бар.Билеп кіреді. Әндете жөнеледі.
Алтын күз:
Өрік, алша,
Шие, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Балалар:
— Күзде дейді.
Алтын күз:
Бұлттар төніп
Жерге шөгіп
Дымқыл тұман болады.
Шөп сарғайып
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады
Бөбектерім-ай тыңдаңдар
Бұл қай кезде болады?
Балалар:
— Күзде.
Алтын күз:
Жарайсыңдар балдырғандарым менің өлең жұмбағымды бірден таптыңдар. Сендерге өз жемістерімді ала келдім!
Тәрбиеші:
Рахмет,  «Алтын күз» сіздің жемістеріңізбен ойын ойнайық, қазір ортаға бір баланы шығарып көзін таңамыз. Алдына жемістерді қоямыз, жемістерді сипап көріп пішініне қарай ажыратамыз. (қонақтар мен де ойнауға болады)
Ойын: «Жемістер қандай пішінде»
Тәрбиеші:
Арпа, бидай ас екен
Алтын күміс тас екен,
демекші біздің балалар дақылдар туралы тақпақтарын айтады.
Бидай:
Нан атасы – бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Арпа:
Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған,
Еліме сый тартамын.
Тары:
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
қайтарамын қарымын.
Сұлы:
Мен сұлымын ұланның,
Тұлпарына ұнадым.
Бастаған әр диқанға,
Басымды иіп тұрамын.
Күріш:
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
Тәрбиеші:
Алтын сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
О алақай! Тамаша!
Шашу шашты  жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жата қап.
Би «Жапырақтар», ұлдар тобы
Алтын күз:
-Балақандарым сендерге тағы да  жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбағым жыл құстары туралы.
Күзде айналып өткен еді,
Жылы жаққа кеткен еді.
Көктемде қайта келеді.
Әсім әнін айта келеді.
(тырна)
Көлдің көркі-еркесі,
Қанаттары көрпесі.
бойын күтіп баптайды,
Ешкім оны атпайды.
(аққу)
Енді қонақтарға жұмбақ жасырайық:
Қос жұдырықтай жүректі,
Үй етіп, балапандарын түлетті.
(қарлығаш)
Көктемде ұшып келеді,
Жаздай концерт береді.
(бұлбұл)
Тәрбиеші:
Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды  қорғайды
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді,
Балабақшамызға қонбайды деп.
Ән «Келіңдер торғайлар»,  Мақпал қызымыздың орындауында.
Күз:
Айналайын балаларым өнерлерің көп екен. Риза болып отырмын. Мен қайтатын кез болды. Аман есен болыңдар . Еңбек етіп, ойнап-күліп, шырқап әнге салыңдар. Әкелген жемістерін балаларға таратып береді.
Балалар:
Рахмет саған Алтын күз.
-Қош, қош Алтын күз.
Тәрбиеші:
Балалар осымен біздің күз туралы мерекеміз аяқталды. Бәрің мерекеге жақсы қатыстыңдар.