Дене тәрбиесі
Ускенбаева Айнур Умурбековна, Қозғалыс белсенділігі және денсаулық

Қозғалыс белсенділігі және денсаулық

Мақала авторы: Ускенбаева Айнур Умурбековна
Жұмыс орны: «№74 мектеп- гимназия» КММ Астана қаласы
Лауазымы: дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 25.03.2016


«Өмір өзегі —  қозғалыс»  —  Аристотель

Соңғы жылдарда әлеуметтік экономикалық жағдайдың серпінді дамуына байланысты адам мен қоршаған ортаның антропогендік өзгеріске ұшырауы кеңінен белең алды. Адам денсаулығына экономикалық дамудың тікелей әсерін назарға алсақ, атмосфераның ластануы, судың, топырақ құрамының өзгеріске ұшырауы адамның қалыпты дамуына тікелей әсер етіп,  әр түрлі химиялық, биологиялық, физикалық факторлар генетикалық қауіп төндіреді.
Өмір сүру деңгейінің жақсаруы, еңбектің біршама жеңілдеуі адмның күнделікті өміріне тікелей әсерін тигізді. Жалпы алғанда заманымыздың қарқынды дамуымен, заманауи автоматтандыру, механикаландырудың арқасында физикалық еңбек, бұлшықеттерге күш түсуі кемейіп, ал жүйке жүйесіне, психикаға артық күш түсті. Соның салдарынан, қозғалыс белсенділігі төмендеп, психо — эмоционалды шаршау, күйзеліс пайда болды. Нәтижесінде, адам өмірінде аз қозғалу, дұрыс тамақтанбау, жаман әдеттер қалыптасып,қоршаған ортамен кері байланыс орнады.

Көп ғасырлар бойы адамзаттың эволюциялық дамуында көптеген сыртқы факторлардың әсерінен адамда гипердинамия , тамақтану мөлшері аз, әрі сапасыз болды. Ал енді, қазіргі өмір сүру салтында көптеген адамдарда гиподинамия, гиперкинезия, мөлшерден артық тамақтану, ақпараттың өте көп болуы, психоэмоционалды күйзеліске алып келді. Нәтижесінде адамның өзіне сенімі жоғалып, жан тыныштығын тамақтан және компьютерлік ойындардан табатын болды. Соңғы кездегі ақпараттардың шектен тыс болуы, күйзелістік жағдайды одан әрі ушықтырады.

Әр түрлі сыртқы факторлар әсеріне қарсы төтеп беретін ол — жоғары дәрежедегі дене тәрбиесі.

Адамдар қашанда өз денсаулығына, өмір сүру жасының ұзақтығына алаңдаған. Бұл мәселе тек денсаулық сақтау саласының ғана емес, дене тәрбиесінің теориялық және практикалық міндеті. Адамзаттың рухани, интелектуалды, физиалық дамуының қамтамасыз етілуіне жауапты әлеуметтік институттар қалыптастырылған:  — адамның рухани қалыптасуын қамтитын ол — дін, әдебиет, өнер;  — интеллектуалды дамуын — білім беру жүйесі, тәрбие, ғылым қамтамасыз етеді. – ал , физикалық дамуына дене тәрбиесі мен спорт, денсаулық сақтау жүйесі жауапты.

Денсаулық көрсеткіштеріне тікелей әсер ететін фактор бұл — өмір сүру салты, қазіргі кезде оларға тәрбие, тамақтану тәртібі, әдеттер, қозғалыс белсенділігі, репродуктивті тәрбие, медикаменттерді қолдану, бос уақытты ұйымдастыру жатады. Өмір сүру салтының ең тиімді факторы адамның қозғалыс белсенділігі, күн тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы, ағзаға физикалық күштің жеткілікті мөлшерде түсірілуі, адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Ағзаға физикалық жаттығулардың әсерінен, барлық дене мүшелерінде, жүйке — жүйесінде жақсы өзгерістер байқалады. Көңіл — күй көтеріңкі болады, денсаулығы біршама жақсарады, осының бәрі дене тәрбиесі мен спорттың міндеті. Дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданудағы негізгі жақсы өзгерістер мыналар: дене бітімі, омыртқаның паталогиялық өзгерістері түзеледі, бұлшықеттер дұрыс дамып өседі, күш қалыптасады, жүрек — қантамыр жүйесі, буындардың қозғалысы жақсарып, адамда өзіне деген сенім пайда болады.

Дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысу — көптеген аурулардың (инсульт, инфаркт,астма т.б.) алдын алуға септігін тигізіп, адамның барлық мүшелері мен жүйелеріне (эндокринді, экзокринді, жүйке — жүйесі, қан — тамыр жүйесі) тікелей әсер етіп, ағзаның қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.

Соңғы жылдарда, балалар  мен жасөспірімдердің, өсіп келе жатқан жас буынның денсаулығына алаңдауға тұрарлықтай мәселелер жеткілікті. Т.Е.Вилинскаяның зерттеуінше физикалық дамуында ауытқулары және жүйке жүйесінің аурулары бар балалар саны артуда екенін анықтаған. Сондықтан да балаларға сәби күнінен бастап, емдеу — профилактикалық іс — шараларын дұрыс ұйымдастыру, комплексті диагностика жүргізу, дене тәрбиесімен айналысуды күн тәртібіне енгізу керек.

Адам ағзасының қозғалыс белсенділігі табиғи қажеттіліктің салдарынан азайып, кері байланыс — қартаю процесі жүре бастайды. Осы кезде адамдар дене тәрбиесімен айналысуды тоқтатпай, күнделікті өмір салтына енгізгені жөн.

Қазіргі кезде мектеп жасындағы балаларға қозғалмалы ойындар, спорттық ойындар мен ұлттық ойындар арқылы күнделікті қажетті қозғалыс белсенділігін толықтырып отыруға болады. Сондықтан да өсіп келе жатқан ұрпақтың дұрыс қалыптасып, тұлға болып жетілуіне ата-ана, мұғалім, қоғам болып атсалысайық…

 

Волейбол сабағының күнтізбелік тақырыптық жоспары

Тақырыбы: Допты саусақтармен, білекпен ұзату және қабылдау.

Мұғалім: Ускенбаева Айнур Умурбековна

Күні: 11.01. 2016  ж.

Сынып: 7 «Ә»

Мақсаты:

Оқушылардың волейбол ойынына және спортқа қызығушылығын ояту, салауатты өмір салтын насихаттау

Міндеттері:

  1. Допты саусақтармен ұзату, қабылдау және білекпен қабылдау әдіс-тәсілдерін үйрету;
  2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бір-біріне деген сыйластыққа, жауаптылыққа, тәртіпке тәрбиелеу.
  3. Күш-жылдамдық, ептілік, иілгіштік қасиеттерін жетілдіру, дамыту.

 

  Өтетін орны: спорт зал

  Құрал-жабдық: волейбол доптары, ысқырық т.б.

Мазмұны Мөлшері Әдістемелік ұсынымы
І Кіріспе-дайындық бөлім

 

Сапқа тұру, сәлемдесу, сабақтың тақырыбы, теориялық мәлімет.

—         Жүру: аяқ ұшымен, өкшемен.

—         Жай жүгіру:

ЖДЖ (жалпы дамыту жаттығулары) қозғалыста, жүгіруде.

— тіркеме адыммен, сол иық алдында

— алмасып…

— артқа бұрылып, қайта айналып…

— тізені алдыға биік көтеріп…

— отырып жүру (қаз жүрісі)

12-10 мин.

 

1-2 мин.

 

1 айналым

1 айналым

 

 

 

1 айналым

1 айналым

1 айналым

ххххххххх

о

сп.залды айналып жаттығулар орындау, аяқ ұшымен жүргенде қол жоғарыда, денені түзу ұстау керек, өкшемен жүргенде қол белде.

ІІ Негізгі бөлім

 

Екі топқа бөлініп жаттығулар орындау…

— тор жанында тіркеме адыммен…

— тор жанында, бір адым, жоғарыға секіру…

— допсыз екі адым, секіре тосқауыл қою

— допсыз құлап бара жатып, аунап допты қабылдау…

Жұптасып доптармен жаттығулар орындау

— допты оң (сол) қолмен ұзату, қағып алу

— екі қолмен кеуде тұстан ұзату, қағып ал

— жоғарыдан ұзату, қағып алу

— екі қолмен еденге ұру

-бір қолмен еденге ұру

— үзіліссіз ұзату, қағып алу

— үшбұрышта допты білекпен қабылдау

Ойын «Эстафета»

Ойын екі топқа бөлініп, екі лекте орналасады. Бастаушы бала біршама қашықтықта тұрып, допты жоғарыдан саусақпен қабылдап, ұзатады да орын алмасады,ойын солай жалғасып, соңғы ойыншыда аяқталады.

20 мин.

 

4-6 рет

 

4-6

 

4-6

 

4-6

 

 

4-6

4-6

4-6

 

4-6

4-6

4-6

4-6

6-8

 

 

5-7 мин

ххххххххх

Х

ооооооооо

тіркеме адымда денені тік ұстап, аяқты тізеден бүгіп, қолды кеуде тұста ұстау,

жұпта қарама-қарсы тұрып, арақашықтықты сақтап орындау,

секіру кезінде қолды шынтақтан бүгпестен, тік ұстау, құлап жатқанда домалап түсу.

 

 

Х  — — — — — ххххх

 

О — — — — —  ооооо

 

ІІІ Қорытынды бөлім

 

Сапқа тұру, сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма беру

 

2-3 мин.

 

Қателіктерді айту,талдау бағалау…