Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мамиева Салтанат Кожаевна, Көмекшілер

Көмекшілер

Мақала авторы: Мамиева Салтанат Кожаевна
Жұмыс орны: Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Солоновка ауылы, "Балауса" балабашасы
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 11.01.2018


Білім  беру  саласы:          «Коммуникация»

Бөлімі:                                 Сөйлеуді  дамыту.

Білімділік  міндеті:заттарды  топтастыруға,  оларды  атай  білуге (ыдыс-  аяқтар- қасық  шанышқы, кесе,  тостаған  т.б )үйрету.сұрақ –жауап  әдісі  арқылы  таныс  шығармалардың  мазмұнын  айтып  беруге  дағдыландыру.

Дамытушылық  міндеті:сөздік  қорларын  толықтыру, ойлау  қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік  міндеті: үлкенге  ізеттілік  көрсетуге,  кішіге  қамқор  болуға  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  ыдыс- аяқ  суреттері.

Сөздік  жұмыс: ыдыс-аяқ, қасық, шанышқы, пышақ.

Қостілділік  компоненті: ыдыс- аяқ- посуда, қасық- ложка, шанышқы- вилка.

Іс-әрекет  кезеңдері Педагогтың  іс- әрекеті Балалардың  іс- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Шаттық  шеңбері.

-Қайырлы  таң  балалар! Бүгін  күн  қандай  керемет! Кәне,  барлығымыз  бір- бірімізге  жылы  көтеріңкі  көңіл  күй  сыйлайық!

Дос  болайық  бәріміз,

Жарасып  тұр  әніміз,

Тыныштықты  сақтаймыз,

Атсын  күліп  таңымыз!

Балалар  педагогпен  сәлемдесу  рәсімін  жасап, жылы  тілектерін  айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік -Балалар  сендер  үйде  сендер  аналарыңа  көмектесесіндер  ме?

-Балалар,  мен  сендерге  өздерің  сияқты  кішкентай  балалардың  аналарына  көмектесіп  жатқанын  көрсеткім  келіп  тұр. (суретті  көрсету)

 

 

«Көмекшілер»  әңгімесін  оқу.

Педагог  балаларға  «Көмекшілер»оқып  береді. Оқылған  әңгіме  мазмұнын  көмекші  сұрақтар  қоя  отырып  айтқызу.Әңгімені  қайта  оқи  отырып,  мазмұнын  балаларға  айтқызу.

Демонс.  көрнекілікті  қолдану.

-Балалар  ас  ішер  кезде  дастарханды  кім  дайындайды?

-Сендер  қайтып  көмектесесіндер?

-балалар,  мына  бала  нені  столға  қоюды  ұмытып  кетті?

-Сендер  топтарыңда  кезекшілік  міндеттеріңді  атқарасыңдар  ба?

Қалай  көмектесесіңдер?

 

 

 

 

Ғажайып  сәт:

Топқа  қонаққа  қуыршақ  Сәбина  келеді.

Ол  балалармен  амандасып,  столдың  үстінде тұрған  ыдыстарды  ажыратып  берулерін  сұрады. Шәй  ішетін  ыдыс  пен тамақ  пісіретін  ыдыстарды.

Педагог  балаларға  жұмбақтар  жасырады.

 

Өткір  жүзді  келеді,

Өте  қажет  құрал  ол,

Тұтас  затты  бөледі,

Ұсақтап та  турар  ол.

(пышақ)

 

Сабы  бар,

Басы  шатыр,

Табысын  өлшеп,

Құдыққа  тасып  жатыр.(қасық)

 

-Қасық,  шанышқы, кесе,  тостаған- ыдыс  -аяқтарға  жатады.

 

Сергіту  сәті.

Орнымыздан  тұрамыз,

Қолды  белге  қоямыз.

Бұрыламыз  оңға  бір,

Бұрыламыз  солға  бір,

Гүл- гүл  жайнап  жанамыз.

Жаттығулар  жасасақ,

Жақсы  сергіп  қаламыз.

 

Дидактикалық  ойын: «Не  артық?»

Шарты: ыдыс-аяқтың  арасынан  артық  затты  табу.

Қуыршақ  Сабина  балаларға  рахметін  айтып топтан  шығып  кетеді.

-Иа  көмектесеміз.

 

 

Балалар  суретті  қарайды.

 

Суретке  қарап  әңгіме  құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Анамыз.

 

Кесе,  қасық, шанышқылар  әкеп  столға  қоямыз.

 

-иә күнделікті.

 

 

 

 

 

 

Балалар  қуана  Сәбинаға  көмектесетіндерін айтты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылды  келтіріп  жаттығуларды  орындайды.

 

 

 

 

Балалар суреттегі  бейнеленген  ыдыстардың  арасынан  артық  затты табады.

Рефлекциялық- түзетушілік. Балалардың  ыдыс –аяқтар  туралы  алған  білімдерін  сұрақ- жауап  арқылы  қорытындылайды. Балалар  педагогтың  сұрақтарына  жауап  береді.

 

Күтілетін  нәтиже:

Орындайды. ыдыс- аяқтар  аттарын  қатыстырып,  сөйлемдер  құрастыру  сияқты  тапсырмаларды:

Түсінеді: ыдыстардың  не  үшін  керектігін.

Қолданады: таныс шығармалардың  мазмұнын  әңгімелей  білу  іскерліктерін.