Тарих
Муканова Айгуль Естаевна, Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

Мақала авторы: Муканова Айгуль Естаевна
Жұмыс орны: Астана қаласы «Қазақ технология және бизнес университеті » АҚ колледжі
Лауазымы: Тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 20.01.2016


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау және қорытындылау.
Дамытушылығы: Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.

Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге үйрету, «Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд,үлестірмелі карточкалар,тест сұрақтары,тірексызба нақыл сөздер плакаты

Сабақ жабдығы:тақта, слайд ,интерактивті тақта,суреттер

Сабақ түрі:СОӨЖ, сайыс сабақ

Сабақтың типі: қайталау,бекіту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма беру,интерактивті тақтамен жұмыс,шығармашылық тапсырмалар,сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Әдебиет

Сабақта қолданылатын технология: Миға шабуыл (тест сұрақтары)

Сабақтың барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі   -2мин
1) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
2) Сабаққа қажетті құралдарды түгендету;
ІІ. Кіріспе кезеңі -5 мин
ІІІ. Үй тапсырмасын  тексеру — 15 мин

IY. Өткен тақырыпты қайталау,бекіту -20 мин

IY.  Қорытынды                     — 5 мин

Y.   Бағалау                            —  5   мин

YI. Үйге тапсырма беру       —  3   мин
Сабағымыздың эпиграфы: «Ешкім де, ештеңе  де  ұмытылмайды»

Сабаққа кіріспес бұрын төмендегі алдарыңыздағы кестенің бірінші бағанын толтырамыз, қалғаны сабақ барысында толтырылады.

Бүгінгі тақырып жайында не білемін? Бүгінгі сабақта не білдім? Бүгінгі сабақ жайыңда өз ойың
     

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:  Студенттер  біз сіздермен  өткен  сабақта

«Қазақстан Ұлы отан соғысы  жылдарында » атты тақырыпты өткен болатынбыз.

«Ой шақыру» сұрақтары:
1.«Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?
2. Ұлы Отан соғысы қашан болды?
3. Ұлы Отан соғысы қай елдердің арасында болды?
4. Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?
5. Ұлы Отан соғысының аяқталуына биыл неше жыл толады?
  Кіріспе кезеңі.

Бүгінгі сабағымыз өткен  тақырыпты бекіту сабағы болып табылады.

Бекіту сабағымыз сайыс түрінде өтілетін болады. Сайысымызды бастамас

бұрын   ҰОС-ң  басталуы мен сипаты жайында   қысқаша баяндап беремін.

Соғыс деген артынан зұлмат азап пен қаны төгілген адамдар мен қираған қалаларды қалдырып кететін тарихи жағдай.

Адамзат тарихында екі дүниежүзілік соғыс болды.
1. 1914 — 1918жылдары 38 мемлекет қатысты
2. 1939 — 1945жылдар 61 мемлекет қатысты.
XX ғасырдағы Бірінші дүниежүзілік соғыста 10 млн. адам, Екінші дүниежүзілік соғыста 64 млн. адам қаза тапты. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан 110 млн. адам жарақат алды, мүгедек болды, 42 млн. бала жетім қалды.
Бүгінгі сабағымызда адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болған Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы сөз қозғаймыз. Оқушылар, сіздер соғыста болған жәйттерге көңіл аударып, жеңістің қалай келгендігін анықтап, бағалай білу керексіздер. Соғысқа аттанып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын есте сақтауға, ерліктерін үлгі тұтуға бәріміз де міндеттіміз. Олар бастан кешкен сұмдықты ендігі жерде ешкім көрмесін!Екі соғысқа ортақ белгі: халыққа қасірет әкелді, көп шығын болды, басқыншылық сипатта болды. Соғыстың нәтижесі. Фашизмнің күл-талқаны шығып, Кеңес одағы мен оның жақтастары жеңіске жетті. Әлемдік аренада Кеңес Одағының беделі арта түсті, АҚШ-пен иық тірестірер жағдайда болды. Соғыстан соң социализм орнады. Отаршыл елдердің Африкадағы күштері әлсіреп, отаршылдық жойыла бастады. Ең басты өзгерістердің бірі БҰҰ-ның құрылуы болатын.
Соғыстан  адамзат үлкен сабақ алды. Әсіресе, Кеңес Одағы. Мұндай Ұлы Жеңіске Қазақстан жерін мекендеген халықтың қосқан үлкесі орасан зор болды.

Енді сайысқа қатысатын топтармен танысып қояйық….

 1-топ- «Батыр»

 2-топ-« Жеңіс»

I-кезең- Бәйге.

2 топқа мынадай мазмұнда сұрақтар қойылады: (әрбір дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады)

1-топқа. Соғыстың басталуы.

2-топқа. Соғыстың өту кезеңдері.

1-топқа. Соғыстың басталуы.

1. Қай жылы Гитлер КСРО-ны басып алу үшін “Барбаросса” жоспарын бекітті?

2. Қауырт соғыс идеясы бойынша соғыс қай жылы аяқталуы тиіс еді?

3. Қай жылы фашистік Германия КСРО аумағына басып кірді?

4. Германия тарапынан соғыстың сипаты:

5. Қазақстанға көшірілген өнеркәсіп орындары қай қалаларға орналастырылды?

6. Республикада қанша адам әскери даярлықтан өтті?

2-топқа. Соғыстың өту кезеңдері.

1. 316-атқыштар дивизиясының командирі кім болды?

2. Еңбек армиясына Қазақ КСР-нен қанша адам шақырылды?

3.Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен атақты жұмысшыларды ата

4. Днепр үшін шайқастағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған  ең жас

Жәнібек Елеусізов нешеде еді?

5.  «Россия кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Москва» деген кім?

Ленинград блокадасы қанша күнге созылды?

6. Қазақтың ұшқыш қызы

 

ІІ — кезең. Оқушы шығармашылығын шыңдау.

Әр топтан бір студент шығып  Еңбекшілердің тылдағы ерен еңбегі туралы өздерінің дайындап әкелген мәліметтерімен таныстырады.

ІІI -кезең. Құпиялы ұяшықтар.

Бұл кезеңде оқушылар әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап берулері керек. 4 ұяшық жасырылынады. Әр-бір ұяшықтың астында сұрақ болады. Берілген сұраққа неғұрлым мазмұнды,мағыналы,толық жауап болса, ұпайлары көп болады.

1 ұяшық — “Берлин операциясы”  

2 ұяшық — Қазақстан – майдан арсеналы.

3 ұяшық — Б. Момышұлы

4 ұяшық –Соғыстың қорытындысы

IY— кезең.Тарихи тұлғаларды тани біл!
1. Мына суреттегілер кімдер, олардың ерлігі туралы не білемі

Y— кезең. Миға шабуыл.

1 .Кеңес Одағы мен Германия арасында өзара шабуыл жасамау туралы пактіге қол қойылған күн

а)1939, 23 тамыз; ә)1939, 1 қыркүйек;в)1940, 9 мамыр.

2. КСРО-ны тез арада тізе бүктіру үшін жасалынған «Гитлер жоспары».

А)»Барбаросса» ә)»Тайфун» б)»Сунами»

3.Ұлы Отан соғысы басталған күн?

А)1939 ж. 1 қыркүйек; ә)1941 ж.22 маусым; б)1940ж.1 қаңтар

4. 1941 ж. 6 желтоқсанда кеңес әскерлері:

А) Москва түбінде; ә)Ленинградта; б)Сталинградта қарсы шабуылға шықты.

5.Гитлерлік жоспар Кеңес Одағына соғыс бастарда:

А)Кеңес әскерінің төмендігіне; ә) ұлтаралық қақтығыстың болатынына; б) экономиканың нашарлығына арқа сүйеді.

6.Кеңес Одағын қорғауға:

А) 50 ұлттық дивизия; ә) 60 ұлттық дивизия қатысты. Б) 80 ұлттық дивизия қатысты

7.Соғыс кезінде Қазақстанға өнеркәсіп орындарын көшіру мерзімі.

А)1941 ж.маусым және 1942 ж.қаңтар. ә)1941ж желтоқсан және 1942 ж.қыркүйек:   б)1942 ж. қаңтар және 1943 ж. қаңтар.

8.»Ленинградтық өренім» жыры кімдікі?

А)Жароков; ә)Тоқмағамбетов; Б)Жамбыл

9.Әрбір:

А)3-ші ә)4-ші б)5-ші қазақстандық Отан қорғауға қатысты.

10.Ұлы Отан соғысы жылдары:

А)1939 ж., 1-қыркүйек – 1945 ж., 2-қыркүйек.

ә)1941 ж., 22-маусым-1945 ж., 9-мамыр; б)1941 ж., 22-маусым — 1945 ж., 2-қыркүйек

YI кезең. Сабақты қорыту.

Оқушылармен бірге тірек сызбасын толтыру.

қайғы –қасірет                                                адамзатты қыру

Соғыс

Аштық, қайыршылық Мәдени құңдылықтарды жою

Балалар,  бүгінгі сабақ барысында естіген жылы, суық сөздерді алдарыңыздағы қағаздарға жазуларыңызды сұраймын. Жазып болсақ, суық сөздер жазылған жағын бөліп алып, киыршықтар жыртайық та, мына қоқыс жәшігіне салайық. Енді бұндай суық сөздерді өмірімізде естімейтін болайық. Ал жылы сөздер жазылған қағазымызды жаңымызда отырғанға сыйлайық.

ЖЫЛЫ сөздер

СУЫҚ сөздер

 

YII кезең. Бағалау. Сайыстың қорытындысын шығарып, сол арқылы бағалау жүргізіледі.

YIII кезең. Үйге тапсырма:  “Жеңіс оңайлықпен келген жоқ” тақырыбына эссе жазу.