Жарақаттың алдын алу жағдайында көрсетілетін психологиялық көмек

Психология
Сағындық Дария Маратқызы, Жарақаттың алдын алу жағдайында көрсетілетін психологиялық көмек

Мақала авторы: Сағындық Дария Маратқызы
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Мектеп психологі
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2018


Мақсаты:  Жарақаттың алдын алу жағдайында психологиялық көмек  көрсету.

Әдіс тәсілдері: Жаттығу, баяндама, ситуациялық сұрақтар, видео слайд, постерлер.

Көрнекіліктер: слайд, интербелсенді тақта, смайликтер, жүрекшелер, бақыт ағашы.

Сабақ түрі:психологиялық кеңес беру сабағы.

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Психологиялық ахуал

Баяндама: Жарақаттың алдын алу жағдайында көрсетілетін психологиялық көмек.

  1. Ситуациялық сұрақтар
  2. Видео слайд

Қорытынды:

Кері байланыс постер қорғау.

Бекіту: Сабақты ауызша қорытындылау.

3.Психологиялық ахуал. Оқушыларды кәмпиттің түсіне қарай топқа бөлу.

  1. Баяндама

Балалар денсаулығын сақтауда қоғамның алаңдаушылығын туды­ра­тын бір мәселе – балалардың жарақат алуы. Өйткені, барлық ба­ла­лар ауруының ішінде  жарақат алу пайызы тым жоғары. Денсау­лығы  да, көңіл күйі де жақсы болып жеті­ліп келе жатқан  жас ағза әйтеуір бір жағдаймен жарақат алудың салда­ры­нан мүгедектікке ұшырап, кейде тіп­ті өмірмен де қоштасып жатады.

Ата-анасына да, жақындарына да орны толмас өкініш әкелетін ауыр жәйт. Балалар жарақаты туғаннан, тұр­мыста, көшеде, балабақшада, мек­тепте, көлікте, спортта болған деп бөлінеді. Соған орай әрқай­сы­ның өзіне тән алдын алу шаралары бар.

Балалар жарақатының алдын қалай алуға болады? Бұл сауал әрбір кездесуде, форумдар мен конферен­ция­ларда сөз етіліп келеді. Астанада құрылыстардың көптеп салынуы, қала көшелерінде көліктердің кө­беюі балалардың жарақат алуының да себеп-салдарын арттыруда.

Өкініштісі, жұртшылықтың мә­дениеті, әлеуметтік дамуы өскені­мен, балаларды қадағалау жағы кеміп кеткендей көрінеді. Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер не нәрсені де алдымен қолымен ұстап, әйтеуір  танып-білуге деген әуестік­терінің салдарынан тұрмыстық жарақаттарды жиі алып жатады. Сондықтан қорқу білмейтін бал­дыр­ғанның әр ісін қадағалап отыр­маса, оқыс оқиғаға ұшырауы әбден мүм­кін. Мұндай жағдайда сәбиге қауіптің не екенін айтып, ұстама, қозғама, деп бағыт, тәрбие берудің аздығынан баласы жарақат алған ата-ананың өзін кінәламасқа амал жоқ.

Ал енді мектеп жасындағы балалардың жарақатын сөз етсек, онда олардың ұрыншақтығы мен өз қауіпсіздіктеріне мән бере бер­мей­тін салғырттықтарының әсері мол. Сондықтан мектеп әкімшіліктері, ұстаздар қауымы балалармен жиі әңгіме өткізіп, өкініштің алдын алып, сабақ уақытында кезекшілік ұйымдастырулары, мұқият болуды көбірек ұғындырғандары абзал. Бала үшін 45 минут сабақта отыру оңай емес, олардың осы уақытта ми­лары ғана шаршап қоймайды, олар қимылдамай отырудан да жа­лы­ғады, сондықтан да әр сабақ сайынғы үзіліс осындай физио­логиялық  қажеттілік­тен туған. Міне, осы үзіліс уақытында балалар асыр салып ойнайтын, күшін жетілдіретін арнайы бөлмелер қажет. Осылайша балалардың жарақат алуын азайтуға болар еді. Оқу үдерісінде са­бақ кес­тесін жа­саған кезде оқушы­лардың баспал­дақпен жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға (каби­нет­тен кабинетке) көшуін мейлінше азайтып, кабинеттердің орналасуын жас ерекшеліктеріне байланысты жасаса жарақат алу  да азаяр еді.

Дене шынықтыру сабағында оқушылардың жарақатының алдын алуда құлап қалған жағдайдағы қауіпсіздік бастауыштағы кезеңнің өзінде үйретілуі тиіс. Және де мұғалім әрбір сыныптың жас ерекшелігін ескеріп, жынысына, денсаулығының жағдайына қарап әр 45 минутінің бағдарламасын зерделесе, қоғам да, мектеп те, шәкірт те ұтқан болар еді.

Балалар жарақатының ең бір күрделісі – жол-көлік оқиғаларына ұшыраулары. Түрлі ауырлық дәре­жедегі бұл жарақаттардың салдары да сан алуан.

Осындай жан ауыр­та­тын,  кейде өмірлік қасірет шегуге апаратын оқиғаларды болдырмау­дың амалын қалай қарастыруға болады. Қоғамдаса отырып, ата-ана, мектеп ұжымы, жол поли­циясы қызметкер­лері, дәрігерлер бір­лесе балалардың жарақат ал­мауы­ның жағдайын қарастырып, жолда жүру ережелерін, тағы да басқа алдын алу шараларын қолға алып, семинарлар, кеңестер өт­кіз­се, оны жеріне жеткізе жеткін­шек­терге ұғындыра білсе, жарақат азаю­ына септігі тиер еді деп ойлаймын.

Балалар жарақатының алдын алу – тек медициналық қана емес, әлеуметтік те міндет, оны шешуге қоғамның барлық мүшелері атсалысуы қажеттілік екендігін ұғыну оң нәтижелерге қол жеткізбек.