Эссе
Чабаева Асем Есетовна, Жаңартылған білім — болашақтың кепілі

Жаңартылған білім — болашақтың кепілі

Мақала авторы: Чабаева Асем Есетовна
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы № 1 орта мектеп
Лауазымы: география пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 24.11.2017


ЭССЕ

Жаңартылған білім – болашақтың кепіл

    «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың     келсе, сол өзгерісті уақытында жаса»

Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Ганди

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді» деген.

ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын.

Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында.

Мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыруда белсенді болуы, жаңа көзқарас – білсем, үйренсем, қолдансам деген әрекеттерді іске асыруға бейім болу керек және соған ұмтылу керек деп ойлаймын.

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын әлемдік мәдени құндылықтармен жетілдіріп отыруға, ұлттық құндылықтарды сақтай білуге, өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, тарихи экономикалық ахуалын терең танытуға жете назар аударуымыз қажет. Қашанда ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстаған шақта ғана  өркениет  алға қарай дамымақ. Ол үшін қазіргі таңдағы жеке тұлға өзіндік дәлел нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, көңілді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

Сабақ барысында әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады.  Тақырыпты мұғалім  меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді деген, яғни Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда ерекше маңызды рөл атқаратынын  атап көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып келеді. Баланы оқытудың мақсаты — оны әрі қарай мұғалімнің  көмегінсіз-ақ дамытуға қабілетті ету деп атап көрсетті Эльберт  Хаббарт.

Ол үшін мұғалім көштен қалмай өз біліктілігімізді арттыру мақсатымен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы сабақ беру үдерісін қызықтыру. Дәстүрлі сабақта оқушылар тыныш отырып, сабақ тыңдап, мұғалімнің түсіндірмесімен  қабылдап, әр қатар бойынша жұмыс жасалып келді. Және оқушылар бағалау жүйесіне қатыспаушы еді. Ал қазіргі таңда  осы жаңартылған білім беру үдерісі  көптеген жаңалыққа толы. Соның ішінде «Жаңартылған білім беру» бағдарламасында  әр пәнге байланысты түрлі өзгерістер көп..

Қазіргі сабақтың тиімділігі оқушы өзі іздену, яғни мұғалім оқушыларға бағыт беру ақылы көшбасшы болып, оқушылардың жауаптарын ынталандыру. Бұл дегеніміз Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді –есте сақтаймын, өз істегенімді –меңгеремін» деген сөзіне негізделеді. Яғни әрбір сабақ оқушылар өз бетімен жұмыс жасау арқылы, жинаған мағлұматтарды басқаға жеткізу арқылы меңгеріп алады. Қорыта айтқанда, Білім алушыларға түрлі теориялық және практикалық мәселелерді шешудің, болжам құрастырудың, бақылау жүргізудің, алынған нәтижені бағалаудың және талдаудың және оларды өмірде кездесетін жағдаяттармен салыстырудың ғылыми әдістерін меңгертіп, өмірде сол білімдерін пайдаға асыратындай тұлға болуына мұғалім жағдай жасау керек деп есептеймін.

 

Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында»деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім — тәрбиесіне тікелей байланысты деп ойлаймын. Мұғалімнің өзгерістерді қабылдап, тезірек бейімделі және тәрбие мен білім беру жолында атқарған адал еңбектері ғана жас азаматтардың өмір жолдарына шуақ шаша алып, дұрыс бағыт бере алады деп сеніммен айта аламын.

 

 

«Құрық ауылының № 1 орта мектебі» КММ

География пәні мұғалімі Чабаева Асем Есетовна

Жауап жазу