Жаңартылған білім аясында білім алушыларға сәттілік

Бастауыш сынып
Оразбаева Айгуль Мадетовна, Жаңартылған білім аясында білім алушыларға сәттілік

Мақала авторы: Оразбаева Айгуль Мадетовна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Пилоттық жобадағы бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2018


Бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Адамдық бітімнің бір қыры білім алу болса, оған жаңа мазмұн, тың сапа беру егеменді еліміздің басты талабы болып отыр. Біздің басты міндетіміз- жаңа заман  үрдістеріне сәйкес ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, алған білімдерін әлемдік талаптармен үндестіре алатын, мәдени дүниетанымы, көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі 2015-2016 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны аясында 12 жылдық білім алу обробатциясына көшіп отыр. Жаз айында Астана қаласына бес жұмалық оқуға бардым.

Тақырыбы: « Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерініңи біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша , « Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу».

Мектебіміздің 12 жылдыққа енгізілген бес сыныптың бірі менің сыныбым. Қазір сабақтарымызда жаңа технологияны пайданалана отырып, қашан және қай тоқсанда бала білімінің белгілі бір деңгейіне, кезеңіне, баспалдағына жетіп, дағды қалыптасуын анықтауды алдыма мақсат етіп қоямын. Сол әдіс- тәсілдерден мысалға айтатын болсақ:

«Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі көбіне үй тапсырмасын тексеруге тиімді,уақытты үнемдейді. Мәтінмен жұмыс кезінде «Құрылысшы» ойыны әдіс- тәсілін пайдаланам. Мәтін топқа толықтай таратылып, оқушылар оқып танысады. Одан кейін мәтін бөліктері таратылып, берілген уақытқа мәтінді толықтай құрастырады.

Сабақтың қорытынды кезеңінде, «Өрмекшінің өрмегі» әдіс- тәсілін аламын. Онда бір оқушы жіптің бір ұшын ұстап, бүгінгі сабаққа байланысты сұрақ қояды да, жауабын алады. Солай жалғаса береді. Алайда, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытқа жетелеу, әр ұстаздың парызы деп есептеймін.