Эссе
Марат Әбілханұлы Игісінов, ЖАҢА ӨЗГЕРІСКЕ, ЖАҢА КӨЗҚАРАС!

ЖАҢА ӨЗГЕРІСКЕ, ЖАҢА КӨЗҚАРАС!

Мақала авторы: Марат Әбілханұлы Игісінов
Жұмыс орны: ‘‘Оқушылар сарайы’’КММ
Лауазымы: «Жас техник» техникалық үйірмесінің жетекшісі
Порталға жариялану мерзімі: 31.03.2018


Ақтөбе облысы Шалқар қаласы ‘‘Оқушылар сарайы’’КММ
«Жас техник» техникалық үйірмесінің жетекшісі Марат Әбілханұлы Игісінов
БАЯНДАМА. «ЖАҢА ӨЗГЕРІСКЕ, ЖАҢА КӨЗҚАРАС!»

Бүгінгі семинар мен үшін ерекше, олай дейтінім, қазіргі таңда білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды, және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан барлық ұстаздар қауымы
бүгін, міне, бірлесе, тәжірибе алмаса отырып, жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастырылған семинарда бас қосып отырмыз.
Мен, Игісінов Марат «Оқушылар сарайы»ММ-сі бойынша Біршоғыр елді-мекеніндегі филиалы болып ашылған «Жас техник» үйірмесінің жетекшісі болып жұмыс жасаймын. Жетекшілік жұмысыма орналасқан күннен бастап, көптеген жұмыстар атқарып келемін және алдағы уақытта үйірменің жандануы үшін тың бастамаларды қолға алып отырмын. Қазір өз баяндамамда айтып өтетін боламын.
Алдымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мына бір сөзінен ой түйіндесем деймін. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, өзгерудің алғашқысы өзің бол! Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті қазір жаса!» десе, демек, заман өзгерді, біз де өзгеруіміз керек. Ендеше біздің білім саласында болып жатқан бүгінгі өзгеріс орынды деп білемін. Қазіргі жаһандану заманында техниканың қарқынды дамуында мол мүмкіндіктерді пайдаланып, болашақтың табысты болуына жағдай жасайтын, өзгелерден ұтымды дүниелерді ұсына отырып, инновациялық сауаттылыққа жол аша білуіміз керек деп ойлаймын. Шәкірттерімізбен жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, техникалық сауаттылығын арттыруда білімдерін жетілдіріп, машықтандырып отырсақ, балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамитыны анық. Міне осы бағытта, өз жұмысымды бастаған болатынмын. «Жас техник» үйірмесін жетілдіру барысында өз сөзімді түйіндесем, «Бала — болашағым» деген елміз, сондықтан да біздің алдымызда ұлы міндеттер тұр. Ел болашағы болар жас ұрпақты тәрбиелеу жолында біз , ұстаздар, баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге алған білімін болашақта қолдана алатын, сандық сауаттылығы артқан, өз ойын еркін жеткізе алатын , бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге міндеттіміз. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» десек, ол үшін экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесін, техниканың дамуын, маңызын шәкірттерімізге ұғындыруды көздегеніміз жөн. Осы бағытта өзімді әлі де ізденуші ретінде танимын. Сондықтан «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»-деген К.Д.Ушинскийдің осы бір мағыналы пікірін қолдап, ізденуші ұстаз ретінде шәкірттерімді жетелеп, жаң заманға, жаңа техника болашағына жол бастамақпын.