ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Информатика
Әуезова Эльмира Мергенқызы, ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Мақала авторы: Әуезова Эльмира Мергенқызы
Жұмыс орны: Ақтөбе қаласы, №8 орта мектебі
Лауазымы: Информатика пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 31.05.2018


Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.
Н.Ә.Назарбаев.

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты — білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау. Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі колледж  оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі колледж оқушылары. Сондықтан колледжде берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.Жаңа ғасырдың жан — жақты зерделі, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Егеменді ел болып, «ел межесі — елулікке ену» басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты: білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелейтін бәсекеге қабілетті білім негізін қалыптастыру[1]. Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті мемлекет дамуына жауапкершілік жүгінің салмағын сезінетін нарық жағдайында сынаққа төтеп беретін, комуникативті, функционалды шәкірт дайындау. Қазіргі заманға сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім — ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс.

Мұғалім инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тарауға, не тақырыпқа пайдалану тиімді деген зерттеу жүреді. Яғни, әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан сабақ барысында қолдану өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, қандай тарауға немесе тақырыпқа сай қарап тиімді технологияны таңдайды[4]. Бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, оқушыны жалықтырмай жүргізуге болады. Информатика сабағында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

«Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулінің оқыту нәтижесі:

1.Оқушылардың қабілеттерін жетілдіруде АКТ арқылы ақпараттың негізгісін таңдауға, өңдеуге, түзетуге, бақылау жүйесін жетілдіруге, тестлеуге және психодиагностика жасауда тиімді пайдалана білуді меңгерді.

  1. Кең көлемді ақпараттарға оқушынвң өз күшімен қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  2. Мұғалімдердің желілік қоғамдастық жүйесін тиімді қолданудың басымдықтарын жетілдіре алды.
  3. Қашықтан біліктілікті арттырудың замануи жүйесініндегі мәселелерді бірлесе шешуді меңгерді.
  4. АКТ пайдалану модулінде мұғалімдердің АКТ –ны пайдалануда өздерінің өзгерісін жете танытты.

«Талантты және дарынды балаларды оқыту»модулін оқытудағы нәтиже:

  1. Талантты және дарынды оқушылармен жұмысты жоспарлауды үйренді.(тапсырмалар деңгейін анықтай білу) және дарынды оқушыларды дамытудың инклюзивті тәсілдерді пайдалануды білді.

«Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»модулін оқытудағы нәтижем:

  1. Мұғалімдердің оқушылардың қызметін жасерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруды жоспарлай білуді үйренді; сонымен бірге үйрене отырып үйретуде оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере аладуды үйренді.

«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулін оқыту нәтижесінде:

  1. Мұғалімнің жеке міндеттерін анықтай біледі;
  2. Мұғалімдердіңәріптестерімен серіктесуде оқыту тәжірибесінің жетілетінін, өзінің іс-тәжірибесін таратуда кәсіби дамудың қажеттілігін түсінді.

Бағдарламадағы барлық модульдер оқушы туралы теориялық білім қалыптастырды, оқыту үрдісіне барлық оқушыларды оқуға қалай тарту қажеттігін үйретті.

Әр модульдің мазмұны мұғалімдердің кәсіби қызметінде құндылығы мен сенімділігін арттырды. Бағдарлама аясында мен қалай өзгердім дейтін болсам,

-дәріс оқудан өз бетімен білім алып өз тәжірибемді жетілдірдім;

-топтық, диалогтық трененгтер жүргізді үйрендім;

-АКТ технологияны тиімді пайдалануды үйрендім;

— оқушының тұлғалық дамуын жетілдіруде қалыптастырушы және жиынтық бағалауды,өз-өзіне есеп беруді, рефлексивті кері байланысқа түсуді үйрендім;

— тапсырманы орындауда ойды саралап, сын тұрғыдан ойлауға үйрендім;

-әр адамның айтылған ойы құнды екендігін түсіндім;

-оқыту сапасын бағалауда шынайы көріністі тануды білдім;

-мұғалімдердің көшбасшылық сапасын анықтадым және дамытуға тырыстым, сонымен қатар өзім көшбасшы болуды үйрендім.

Электрондық білім беру пайдалану арқылы  даралап оқытуға ақпа­­­раттық-коммуникациялық  техно­логияларды пайдаланудың тиімділігі:

  1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау(музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер, слайд-шоу).
  2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы  өз  ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық   ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана  оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.

3.Білімді   бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.

Ақпараттық технологияны сабақ­тарда пайдалану нәтижесінде төмен­дегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.

  1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін  дербес  ком­пьютерді қолдану арқылы материалдарды өңдеу.
  2. Барлық тілдердегі сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді.
  3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы   оқу­шылардың өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту.
  4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқу­­­шы­лар электрондық пошта арқылы хат-ха­­бар­­лама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу[3].

Сонымен қатар, оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Әр пәндерді оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол  жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Информатика сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • Оқушының өз бетімен жұмысы;
  • Аз уақытта көп білім алып, уақыттыүнемдеу;
  • білім-білікдағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
  • шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
  • экономикалық тиімділігі;
  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы  зор.

Күнделікті сабақта электрондық оқулыкты пайдалану өте тиімді.Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады.Бұл оқушылардың оқу      материалын         формальды     жағынанда жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық    белсенділігі нарттырыпқанақоймай, логикалы қойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды[7].

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты :

Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау , сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Оқытушы үшін  электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.

Қорыта келгенде,  информатика   сабағында жаңа  инновациялық   технологияларды  пайдалану,осы электрондық әдістемелік  оқу құралында  айтылған  мәліметтерді сабақта пайдалану өте тиімді, ол оқушының өз бетімен  жұмыс жасауына көмектесіп қана қоймай, ойлау  қабілетін дамытады.  Бұл, әрине оқытушының  тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі асерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа  тақырыпқа  деген   баланың  құштарлығы  оянады  деп ойлаймын. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде әдістемелік  оқу құралын сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

[1].Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі».
[2].Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инно­вациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері».
[3].Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспек­тілері».

[4].Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану       мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

[5].Информатика негіздері №2-2008 жыл Сұрауымбетова Р. «Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» —  2 бет

[6].Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» — 17 бет

[7].М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» — 48 бет