Экономика
Сақтапбергенова Үрзада Әмірбекқызы, Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты

Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты

Мақала авторы: Сақтапбергенова Үрзада Әмірбекқызы
Жұмыс орны: Астана қаласы «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі
Лауазымы: Бизнес технология бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 20.01.2016


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: болашақ мамандарға осы СОӨЖ  сабақ арқылы инфляция туралы білімізді кеңейтіп, жүйелеп, осы тақырып бойынша білімімізді тереңдетіп инфляцияның мәні, түрлері, салдары, мемлекеттің  инфляцияға қарсы саясатын қарастыру.

Дамытушылық: студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: студентті отанды сүюге, отандық және шетелдік туристік қызметтер нарығында туристік өнімді сатып еліміздің өсуіне үлес қосуға үйрету.

Сабақтың түрі: СОӨЖ.

Сабақтың әдісі: проектор, тақта қолдану, көрнекіліктер, слайд.

Пәнаралық байланыс: бағалы қағаздар нарығы, экономика негіздері.

Сабаққа дайындау: өткен  тақырыптарды, тәжірибеде қолданатын материалдар болу керек.

Сабақтың көрнекілігі: СОӨЖ материалдары, компьютер және интерактивті тақта, кабинетті безендендіретін материалдар.

Бағалау: өтілген тақырыпты білу, сабақ үстінде белсенді болу, сабақта тәжірибені дұрыс қолдана білуіне байланысты дәстүрлі түрде бағаланады.

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру:    Сәлемдесу, оқу құралдарын дайындатып, назарларын сабаққа аудару.

Армысыздар құрметті студенттер және қадірлі қонақтар! Біздің бүгінгі «Инфляция және инфляцияға қарсы саясат» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер!!!

Бүгінгі біздің ашық сабағымыздың  мақсаты болашақ мамандарға осы дәстүрлі СОӨЖ  сабақ арқылы инфляция туралы білімізді кеңейтіп, жүйелеп, осы тақырып бойынша білімімізді тереңдетіп инфляцияның мәні, түрлері, салдары, мемлекеттің  инфляцияға қарсы саясатын қарастыру.

 

Елімізде көптеген жылдардан бері бағаның өсуі, тамақтың, киімнің автобустың билетінің және т.б. қымбаттауы болып жатыр. Бұл неге байланысты деп  сұрағанда, инфляцияға байланысты деп жауап береміз.

Инфляция дегеніміз не? Бұл —  бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондайақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуін айтамыз.

 

II . СӨЖ тапсырмасын тексеру

Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша слайд, видеоролик                     немесе көрініс түрінде таныстырады. Бұл жерде білімгерлерді бағалау ұпай жинау арқылы бағаланады.

1).  слайд

2). Ситуациялық жағдай — топқа Елбасының Ұлттық банк төрағасын қабылдауында  жағдайдан шығу тапсырмалары беріледі.

3).   Бейне баяндық сұрақ

4)  Сөзжұмбақ

 

ІІІ. «Көкпар» сұраққа жауап беру

Көкпарда қатысушылар 4 қатарда тұрған тақырыптардың біреуін таңдап,  осы тақырыпқа сәйкес  ұяшықтағы баллды таңдай отырып, сол ұяшықтағы сұраққа жауап беруі тиіс. жауап берген жағдайда сол ұпайлық жүйе беріледі. Егер жауап жоқ болған жағдайда, қарсыластар жауап беруге болады. . Барлық білімгерлер белсенді түрде жауап берулері қажет. Әрбір сұрақ бағаланады,   сондықтан мұқият болғаны жөн.

 

ҚР Ұлттық банкі

10.Банктер мен жинақ кассаларындағы салымдар  (Депозит)

20.***** сыйлық(сұрақ жоқ)

  1. ҚР Ұлттық Банкінің жедел басқару органы болып кімдер болып табылады?(Директорлар кеңесі)
  2. Қарашаның қай жұлдызындаСенаттың жалпы отырысында ҚР Президенті Н. Назарбаев Ұлттық банкі төрағасының қызметіне Данияр Ақышевтың кандидатурасына келісім беруді сұраған болатын?(Қарашаның 2-сі)

Валюта

10.Тәжікістан Республикасының ақша бірлігі қалай аталады?(сомони)

20.Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы айналысқа енгізілген болатын?(1993)

  1. Алғашқы ҚР-ның теңгесі кай калада басылып шаққан болатын?(Ұлыбританияда)
  2. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы басты өзгеріс не болатын?(банкнотадағы адам бейнесінің болмауы)

 

Экономика

  1. Мүлік жеке адам иелігінде болатын меншік?(Жеке меншік)
  2. Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде үш сұраққа жауап беруі тиіс: Не өндіру керек?Қалай өндіру керек? Және соңғысы қалай аталады?

(Кім үшін өндіру керек?)

30.***** сыйлық(сұрақ жоқ)

40.Микроэкономикада жеке фирмалар, бірлестіктер және т.б. аз шаруашылық бірліктері орын алады, ал әлемдік экономикалық заңдар мен әрекеттерді толығымен қарастыратын экономикалық сала қалай аталады?(Мегоэкономика)

 

Жалпы сұрақтар

  1. Молдованың астанасы (Кишинев)
  2. Қазақстан Республикасының қай аймағында жанартаулар бар?

(Жанартау мүлдем жоқ)

30.Алғашқы компьютерді шығарған компания(IBM)

  1. 2010 жылғы қысқы олимпиада ойындары қай қалада өткен болатын?(Канаданың Ванкувер қаласында)

 

ІV. «Кім тапқыр»

Кім тапқыр кезеңінде  топқа үстел үстінде карточкалар бар. Әр карточкаларда бір сөзден жазылған. Сол сөзді жұмбақ ретінде жасырайық. Ол қандай сөз екенін табуымыз керек.

  1. Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
  2. Сұраныс инфляциясы – бұл ұлттық экономиканың әлуетті деңгейіне жуық шамада, артық жиынтық сұраныс салдарынан нақты ЖІӨ-нің тұрақты көлеміне баға деігейінің көтерілуі.
  3. Ұсыныс инфляциясы— бұл орташа шығындардың өсуі немесе жиынтық ұсыныстың азаюы салдарынан туындайтын баға деңгейінің көтерілу үдерісі.
  4. Ұшқыр инфляция— баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі.
  5. Несие— белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз.
  6. Баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
  7. Валюта айырбастау — басқа шетелдік валюталарға еркін және шектеусіз айырбасталатын валюта.
  8. Акция — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз.
  9. Бағалы қағаздар нарығы— мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат.
  10. Банк — өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға.
  11. Суретті жұмбақ

Интереактивті тақтадан үш-төрт сурет берілген. Бір мағына береді. Ол қандай сөз екенін табу керек:

Девальвация, инфляция, нарық, экономика, депозит, банк және т.б.

 

  1. Қорытынды

Сабағымыз өз мәресіне жетті, біз бүгінгі сабақта алға қойылған мақсаттарымызға жеттік. Білімгерлерді бағалау үшін әр кезеңде берілген ұпай саналып  білімгерлер бағаланады. Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қаржы. Құлпыбаев С.Б., Ильясов М.М.
  2. Ақша, несие, банктер. Мақышев С.Б.
  3. Қаржы. Мельников М.Д.