Химия пәнінен тесттер жинағы

Тест жинағы, Химия
Каспакова Құралай Азаматовна, Химия пәнінен тесттер жинағы

Мақала авторы: Каспакова Құралай Азаматовна
Жұмыс орны: "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Атығай жалпы орта білім беретін мектеп"КММ
Лауазымы: химия пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 02.04.2018


Кіріспе

Үйге берілген тапсырмаларды оқушылардың орындап келгендегін тексеру үшін дәстүрлі әдістерге қоса, тест арқылы бақылау өткізгеннің пайдасы көп. Біріншіден, тест бойынша үй тапсырмасын тексерсе кластағы барлық оқушылар толық қамтылады. Екіншіден, жауап тез алынады, себебі, оқушылардың жауапты жазуына уақыт өте аз жұмсалады.
Сонымен қатар, әр тарауды біткенде, не тоқсан соңынан сынақ және 8-ші, 9-шы сыныптарда тест-емтиханды да өткізуге болады.
Тест материалдарын әр сабақта жаттығу ретінде де пайдалануға болады.
Бақылау, сынақ, емтихан үшін тест жұмыстарды дайындаудың көптеген жолдары бар. Олар: толықтыру, еске түсіру, теріп алу, балама, салыстыру т.с.с. сияқты көптеген түрлері.
Тест арқылы оқушылардың дайындығын тексеру, өткен сабақтарға жаттығу жасау арқылы әр сыныптағы қаралатын мәселелердің қиындығын ескере оқушылардың таным деңгейлеріне байланысты, материалдарды меңгере алу қабілеттері ескеріледі.

І нұсқа
1. Бериллийдің жоғары оксидінің формуласындағы индекстер қосындысы?
а) 2
б) 4
в) 6
г) 7
д) 8
2. Теріс иондарды қалай атайды?
а) Анодтар
б) Тотықтырғыштар
в) Аниондар
г) Каниондар
д) Акцепторлар
3. Мышьяктың жоғары оксидінің формуласындағы индекстер қосындысы
а) 4
б) 6
в) 5
г) 7
д) 8
4. Озонның оттекке айналатын теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындыы.
а) 4
б) 2
в) 3
г) 5
д) 6
5. Төменде көрсетілген құбылыстардың қайсысы химиялық реакцияларға жатады?
а) Мұздың еруі
б) Күкірттің жануы
в) Қанттың еруі
г) Сүттің ашуы
д) В, D
6. Алюминийдің валенттігі нешеге тең?
а) 1
б) 2
в) 3
г) 4
д) 5
7. 1 моль көміртекте атом саны қанша?
а) 6,02 ∙ 10²³
б) 6,02²³
в) 6 ∙ 23¹º
г) 1• 10²³
д) 12
8. 10 моль күкірттің массасы (г) –
а) 32 г.
б) 3,2 г.
в) 320 г.
г) 10 г.
д) 16 г.
9. Өнеркәсіпте оттекті қай заттан алады?
а) Судан
б) КМnO4
в) KClO3
г) HgO
д) Ауадан

10. Төмендегі реакция теңдеуіндегі оттектің алдына қандай коэффициент қойылады CH4 + O2 → CO2 + H2O?
а) 1
б) 2
в) 3
г) 4
д) 5
11. Су әрекеттеседі:
а) Қышқылдармен
б) Негіздермен
в) Барлық металдармен
г) Активті металдармен
д) Сутекпен
12. Қосылыстар арасынан қышқылды көрсет:
а) Н2О
б) Са (ОН)2
в) NH3
г) NaCl
д) HNO3
13. Периодтық жүйенің 7-ге тең горизонтальді жолдары аталады:
а) Периодтар
б) Топтар
в) Қатарлар
г) Жолдар
д) Топшалар
14.Кремний атомындағы электрон қабаттарының саны:
а) 1
б) 2
в) 3
г) 4
д) 5
15.Темір атомының ядросындағы протондар саны:
а) 20
б) 55
в) 30
г) 8
д) 26
16.Бром Br2 молекуласындағы химиялық байланыс түрі:
а) Иондық
б) Металдық
в) Коваленттік
г) Ковалентті полюсті
д) Ковалентт полюссіз
17.Қай металл сілтілікке жатады:
а) Ca
б) Fe
в) Ni
г) Na
д) Дұрыс жауап жоқ
18.Қай затпен хлор әрекеттеспейді?
а) H2
б) Na
в) K
г) CuO
д) Ca

19.Период нөмірі сәйкес келеді:
а) Протондар санына
б) Сыртқы қабаттағы электрондар санына
в) Нейтрондар санына
г) Электрон қабаттарының санына
д) Электрондардың жалпы санына
20.Диссоциация кезінде анион ретінде тек гидроксид-ион, түзетін заттар аталады:
а) Қышқылдар
б) Орта тұздар
в) Сілтілер
г) Қышқыл тұздар
д) Қос тұздар
ІІ нұсқа

1.Мына әрекеттесулердің бірінде ион алмасу реакциясы газ бөле отырып аяғына дейін жүреді:
а) Cu(OH)2 + H2SO4
б) KOH + Zn(NO3)2
в) Na2CO3 + HCl
г) LiOH + H2SO4
д) MgCl2 + NaNO3
2.Натрий фосфатындағы натрийдің индексі қанша:
а) 1
б) 2
в) 3
г) 4
д) 5
3..Мына металдардың қайсысы сумен әрекеттеспейді?
а) Mg
б) Ca
в) Na
г) Be
д) Ni
4.Бейметалдық қасиеті өте анық байқалатыны:
а) Si
б) N
в) P
г) Cl
д) S
5. 2, 8, 5, сандар қатарына электрондардың энергетикалық деңгейлері сәйкес келетін атом:
а) Al
б) N
в) P
г) Cl
д) S
6. Тұз қышқылының формуласы:
а) H2SO4
б) HCl
в) HNO3
г) H2S
д) H2CO3
7. 5% Ерітінді даярлау үшін 2 г қантты ерітетін судың массасы тең:
а) 19 г
б) 20 г
в) 40 г
г) 38 г
д) 52 г
8. Оттек жай зат түрінде кездеседі:
а) Жер қыртысында
б) Суда
в) Гранитте
г) Борда
д) Атмосферада
9. Азоттың ең жоғарғы валенттігі көрсетілген оксид:
а) N2O
б) NO
в) N2O3
г) NO2
д) N2O5
10. Мына реакцияны теңестіру кезінде N2 + H2 → NH3, азот формуласының алдына қойылатын коэффицентті тап:
а) 1
б) 2
в) 3
г) 4
д) 5
11.Күкіртті қышқылдың тұздары қалай аталады?
а)сульфаттар
б)сульфиттер
в)сульфиді
г)силикаттар
12.Сілтіні табыңдар
а)АgOH
б)LiOH
в)Pb(OH)2
г)Mg(OH)2
13.Бейметалды табыңдар
а) сынап
б) кремний
в)мыс
г) кальций
14. Реакция теңдеуіндегі фосфордың алдына қойылатын коэфициент
P + O2 = P2 O5
а) 2
б) 3
в)4
г) 5
15.21 электроны бар белгісіз элемент
а) магний
б) фосфор
в) хсенон
г) скандий
16. Атомдардағы электрон саны немен өрнектеледі?
а) ядро заряды санымен
в) қатардың санымен
б) жұптаспаған электрон санымен
г) жұптасқан электрон санымен
17. Тұз қышқылы мен әрекеттеспейтін металл қайсысы
а) Zn
б) Mg
в) Fe
г) Cu

18.Валенттіліктері бірге тең элементтерді көрсетіңдер
а) K Na H Li
б)Ca O Ba Zn
в) Cu C Fe P
г) Al P Ag B
19.Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?
а)нәтижесінде су мен қышқыл түзіледі
б)нәтижесінде қышқыл мен негіз түзіледі
в) негіз бен су түзіледі
г) негіз бен қышқыл түзіледі
20. Негіздік оксидтерді табыңдар
а) ZnO CaO CuO
б) CO SO2 BaO
в) CO BeO CaO
г) NO2 P2O5 SiO2
ІІІ нұсқа

1. 54 гр суда қанша моль зат бар?
а) 1 моль
б) 2 моль
в) 3 моль
г) 2,5 моль
2 . 50 грамм 16 % — тік сілті ерітіндісін дайындау үшін қанша граммм сілті және су алу керек
а) 8 г сілті 42 г су
б) 10 г сілті 40 г су
в) 6г сілті 50 г су
г) 8 г сілті 52 г су
3.Кремний атомының бос күйіндегі электрондық конфигурациясын тап
а)1s2 2s2 2p2
б)1s2 2s2 2p6 3s2 3p3
в)1s2 2s2 2p6 3s2 3p4
г)1s2 2s2 2p6 3s2 3p2
4.Оттегі мен металл арасындағы реакция типі қандай ?
а) орынбасу
б) қосылу
в) алмасу
г) айырылу
5.Мына металдардың қайсысы сумен әрекеттеседі?
а) күміс
б) натрий
в) магний
г) кальций
6. Фтор атомындағы электрондардың энергиялық деңгейде орналасуы:
а) 2,8,4
б) 2,6
в) 2,7
г) 2,8,5
7. 4 г калий сумен әреттескенде неше грамм сутек газы бөлінеді?
а) 0,5
б) 0,1
в) 0,2
г) 0,3

8. CuO-мыс оксидінің құрамындағы оттектің массалық үлесі қандай?
а) 80%
б) 20%
в) 40%
г) 10%
9. Темір мен күкірттің қоспасы берілсе қандай әдіспен бөлуге болады?
а) сүзу
б) магнитке тарту
в) тұндыру
г) кристалдандыру
10.Химиялық қосылыстардың формуласы дұрыс жазылған қатарды тап
а) KCl2 ,H2 SO ,H3 PO4
б) K SO4 , Al3 PO4 , NaCl2
в) CaO ,NaO, HCl
г) H2 S H2O H2CO3
11. Қай элемент атомдары электрондарын беріп, оң зарядталған иондарға айналады:
а) С
б) Са
в) Р
г) N
12. Электртерістілігі бірдей атомдар арасында қандай байланыс түзіледі ?
а) иондық
б) ковалентті полюсті
в)металдық
г) ковалентті полюссіз
13. Массасы 460 грамм азот (ІҮ) оксиді қалыпты жағдайда қандай көлем алады
а) 22,4л
б) 122л
в) 44,8л
г) 224л
14. Қай процесс тотығуға жатады?
а) S-2 — S — 4
б) Mg0 — Mg+2
в) S +6 — S +4
г) S+4 — S0
15.Химиялық реакция теңдеуіндегі тотықсыздандырғыш формуласының коэфициенті қандай? AI + CuCI2 = AICI3 + Cu
а) 1
б) 2
в) 3
г) 6
16. Балқу температурасы жоғары зат:
а) вольфрам
б) су
в) күкірт
г) сынап
17. Аллотропия құбылысы тән элемент:
а) оттек пен күкірт
б) оттекке те, күкіртке де тән емес
в) элементтерге тән емес
г) тек оттекке
18.Молекуласында үш байланыс бар зат:
а) азот
б) оттек
в) хлор
г) фтор
19.Қышқылдық оксид:
а) кремний оксиді
б) германий (ІІ) оксиді
в) галий (ІІ) оксиді
г) қалайы (ІІ) оксиді
20.Сутектің ауамен салыстырғандағы тығыздығы:
а) 21,16
б)14,5
в) 16
г) 12,5
ІҮ нұсқа

1.Темір (ІІІ) гидроксидіндегі темірдің массалық үлесі:
а) 60%
б) 52%
в) 50%
г) 55%
2. 7,88кг барий карбонаты ыдырағанда бөлінген көмірқышқыл газының (қ.ж.) көлемі:
а) 336л
б) 560л
в) 224л
г) 896л
2.Тек қосымша топша металдары орналасқан қатар:
а) B, Al, Ga, In, Ti
б) Li, Na, K, Rb, Cs, Fr
в) Mn, Tc, Re, Rh
г) F, Mg, Ca, Sr, Ba, Ra
3. 200г мәрмәр тас ыдырағанда бөлінетін көмірқышқыл газының көлемі:
а) 33,5л
б) 44,8л
в) 22,4л
г) 11,2л
4.Ядродағы протон саны…
а) период нөмірін көрсетеді
б) топ нөмірін көрсетеді
в) рет нөмірін көрсетеді
г) жоғары оксидтер формуласын көрсетеді
5.Электролиттік диссоциация теориясы ның авторы:
а) А.Вернер
б) А.Бутлеров
в) Д.Менделеев
г) С.Аррениус
6.Комплексті тыңайтқыштарға жатпайтын зат:
а) калий гидрофосфаты
б) натрий фосфаты
в) калий фосфаты
с) калий нитраты
7.Жер қыртысында ең көп таралған металл:
а) титан
б) алюминий
в) алтын
г)мырыш

8.Құрамында 13,35г алюминий хлориді бар ерітіндімен әрекеттесуге жұмсалатын натрий гидроксидінің ең көп мөлшері:
а) 10
б) 16
в) 4
г) 12
9.Сілті әсерінен күлгін лакмустың түсі:
а) қызыл болып өзгереді
б) қызғылт болып өзгереді
в) көк түске өзгереді
г) малина түсіне өзгереді
10.Химиялық құбылыс:
а) оттектің кристалдануы
б) оттектің суда еруі
в) сұйық оттектің булануы
г)бертолле тұзынан оттекті алу
11.Элементтердің электртерістілігі өсетін қатары:
а)P-As-Sb-Bi
б) Si-Al-Mg-Na
в)O-N-C-B
г) Si-P-S-Cl
12.Қай қатарда тек қана күрделі заттар орналасқан:
а) озон, апатит, глаубер тұзы
б) ақ фосфор, карналит, ортоклаз
в) калий гидроксиді, кремнезем, силан
г) кремний, поташ, су
13.Қыздырғанда ыдырамайтын тұз:
а) магний карбонаты
б) күміс нитраты
в) кальций карбонаты
г) калий сульфаты
14.Қатты заттарды суда еріткенде энергия:
а) бөлінбейді
б) сіңірілуі де, бөлінуі де мүмкін
в) үнемі бөлінеді
г) үнемі сіңіріледі
15.Орын басу реакциясы:
а) калий мен сутек оксидінің арасындағы әрекеттесу
б) калий мен сутектің арасындағы әрекеттесу
в) калий мен оттектің арасындағы әрекеттесу
г) калий мен күкірттің арасындағы әрекеттесу
16.Диссоциация кезінде гидроксид иондар түзетін заттар:
а) қышқыл тұздар
б) орта тұздар
в) сілтілер
г) суда ерімейтін негіздер
17.Оттек атомының ядро заряды:
а) +3
б) +16
в) +6
г) +8
18.Бос күйінде кездесетін металл:
а) Mg
б) Al
в) Ag
г) Pb
19. Қатты күйде кездесетін қышқыл:
а) H₂CO₃
б) H₂SO₄
в) HNO₃
г) H₃PO₄
20.Өзара әрекеттесетін оксидтер:
а) натрий оксиді және барий оксиді
б) мырыш оксиді және күкірт (ІҮ) оксиді
в) мыс (ІІ) оксиді және кальций оксиді
г) көмірқышқыл газы және бор оксиді

Ү нұсқа

1. Азот қышқылының мольдік массасы:
а) 63 моль
б) 63
в) 63г
г) 63 г/моль
2. Иондық байланысы бар қосылыс:
а) мырыш оксиді
б) азотты қышқыл
в) азот
г) күкірт қышқылы
3. Қай элементте бейметалдық қасиет басым болады?
а) күкірт
б) оттек
в) селен
г) теллур
4.Химиялық реакцияға кіріскен заттардың массасы түзілген заттардың
массасына тең.
а) Авогадро заңы
б) Құрам тұрақтылық заңы
в) Зат массасының сақталу заңы
г) Газдар заңы
5.Ковалентті полюссіз байланысы бар зат:
а) Cl₂
б) CH₄
в) NH₃
г) Na₂O
6.Оксидтердің формуласы
а) CaO
б) KClO₃
в) H₂SO₄
г) Fe(OH)₂
7.Су әрекеттеспейді:
а) литий оксидімен
б) натрий оксидімен
в) барий оксидімен
г) мыс оксидімен
8.Периодтағы реттік нөміріне сай элементтердің қасиеттерінің өзгеруі:
а) бейметалдық және металдық қасиеттері артады
б) металдық қасиеті кеміп, бейметалдық қасиеттері артады
в) металдық және бейметалдық қасиеттері кемиді
г) металдық қасиеттері артып, бейметалдық қасиеттері кемиді
9.Мына қосылысында фосфор ең жоғары тотығу дәрежесін көрсетеді:
а) жай затында
б) ортофосфаттарда
в) фосфиттерде
г) фосфидтерде
10.Хлорға тән емес тотығу дәрежесі:
а) +1
б) +3
в) +5
г) +1.
11.Галогендер тобына жататындар:
а) Si, Ca, Mg, Ba, In
б) F, C1, Br, I, At
в) C1, I, K, At, Na
г) C1, F, Ne, Xe, Cu2
14. Теңіз балдырларында кездесетін элемент:
а) F2
б) Cl2
в) Br2
г) I2
15.Фтор атомындағы электрондардың энергетикалық денгейлерде орналасуы:
а) 2,8,4
б) 2,6
в) 2,7
г) 2,8,5
16.Негіздік оксидтердің формулаларын көрсетіңдер:
а) HCI
б) KOH
в) MgO
г) Ca(OH)2
17. FeO→Fe→x→Fe(OH)2 айналым тізбегінде х деп белгіленген заттың формулвсы:
а) Fe₂O₃
б) FeCI₂
в) FeCI₃
г)Fe(OH)₃
18.Тұз қышқылы әрекеттеспейтін зат:
а) Cu
б) CuO
в) Cu(OH)₂
г) Zn
19. Химиялық реакция теңдеулерінің қайсылары экзотермиялық процестің мысалдары бола алады?
а)C+O₂ =CO₂ +Q
б)2HgO=2Hg+O₂ -Q
в)CH₄ +2O₂ =CO₂ +2H₂O+Q
г)2H₂O=2H₂O₂ -Q
20. …Са+О₂ =…СаО теңдеуінде қалдырып кеткен коэффициенттердің мәнін көрсетіңдер:
а)1,1
б)2,2
в)3,3
г)4,4

Қолданылған әдебиеттер:
1. Н.Н.Нұрахметов, К.А.Сармановна, К.М.Джексембина Химия. «Мектеп». Алматы. 2012ж
2. Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман. Химия 8сынып. Бейорганикалық химия. Алматы. 1991ж
3. М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова. Химия 9 сынып. Алматы «Атамұра» 2013ж
4. Ә.Е.Темірболатова. Химия. Есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы. «Мектеп». 2004ж

One Response