Физика сабағында сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмалар

Физика
Жумагельдина Айгуль Сандыбаевна, Физика сабағында сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмалар

Мақала авторы: Жумагельдина Айгуль Сандыбаевна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Физика пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2018


Әлемдік   білім   беру   жүйесі  жеке  тұлғаны   қалыптастыруға   негізделген. Бұл  негіздеме Қазақстан  Республикасының   Білім   туралы   заңында   жан-жақты   айқындалған:  “Білім  беру  жүйесінің   басты    міндеті – ұлттық   және  жалпы  адамзаттық   құндылықтар, ғылым  мен   практика   жетістіктері  негізінде     жеке   адамды   қалыптастыруға     және  кәсіби    шыңдауға    бағытталған  білім  алу   үшін    қажетті   жағдайлар  жасау,   оқытудың   жаңа    технологияларын  енгізу,  білім  беруді   ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық   коммуникациялық  желілерге   шығу.”

Ұстаздың   ең  басты  міндеті   оқушыларға    кез- келген   білім   саласын   меңгертудің   тиімді   жеңіл   жолдарын   қарастырып,  шығармашылық  жұмыс   істеуге    дағдыландыру.Білімді  дайын   қалпында    қабылдамай, өздігімен   құрастырылған  білімнің ұзақ  есте сақталатындығы  бүгінгі  күні   дәлелденіп   отырғаны   белгілі.

Жеке тұлғаның тек ғана білімді болуы  жеткіліксіз нәрсе.Білім   беру  мен   алу  жүйесіндегі  басты   қағида өз-өзіне   есеп  беру,  ой- әрекеттерін   саралай  білу, өзін-өзімен   өзгені  бағалай  білетін,  өз  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін жүзеге   асыратын, өз өмірін,іс-әрекеттерін нақтылай  отырып  жоғары  жауапкершілігі  бар   жеке  тұлға     қалыптасуына  мүмкіндігінше  тиімді жағдай жасау.

Физика сабағында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты анықтайтын құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды сипаттайды. Оларға жататындар:

«Түсіндіріп көр» тапсырмасы құбылыстажаратылыстану-ғылыми зерттеулердің  негізгі ерекшеліктерін түсіну;

− ғылыми білім негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіру немесе суреттеу білігі, сол сияқты өзгерістерді болжау білігі;

− қорытынды жасау үшін ғылыми деректерді және қолдағы бар деректерді қолдану, олардың талдауы мен дұрыстығын бағалау білігі.

Осы негізгі үш құзыреттілікке сәйкес тапсырмалардың да үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бұл топтар жинақталған шартты тараулардың атаулары да оқушы тіліне түсінікті, олар үшін түрткі болатын, ынталандыратын мағынада болуы тиіс. Мысалы, тапсырмалардың бір тобын «Қалай тануға болады?» деп атауға болады. Бұған енетін тапсырмалар ғылыми танымның әдісіне жататын құзыреттіліктің біріншісіне, яғни ғылыми білім алудың тәсілдеріне сәйкес келеді. Бұл тапсырмаларда оқушыға қандай да бір фактілерді белгілеу, физикалық шамаларды (өлшемдерді) анықтау, жорамалдарды тексеру тәсілдерін табу; ұсынылған проблеманы зерттеу жоспарын жасау ұсынылуы мүмкін.

Құбылыстарды түсіндіру және сипаттау, процестердің өзгерістері мен барысын болжау білігін (құзыреттіліктердің ішіндегі екіншісі) қалыптастыратын тапсырмалар тобына сәйкес келеді. Бұл біліктер белгілі бір көлемдегі ғылыми білімге ғана емес, сонымен қатар, сол тілде түсінік немесе сипаттама берілетін құбылыстардың модельдерін операциялау қабілеттеріне сүйенеді.

«Қорытынды жаса» сериясы үшінші құзыреттілікке сәйкес келеді және қолда бар деректер негізінде қорытынды жасау білігін қалыптастыратын тапсырмалардан тұрады. Бұл деректер сандар, суреттер, графиктер, схемалар, диаграммалар, ауызша суреттеулер жинағы түрінде ұсынылуы мүмкін. Берілген деректердің талдауы, құрылымдық түрленуі, жинақтауы қандай да бір заңдылықтарды, үрдістерді логикалық жолмен көрсетуден тұратын қорытынды жасауға, бағалауға және т.б. мүмкіндік береді.

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру міндеті мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының білімдік нәтижелеріне қол жеткізу сабақтағы оқу әрекетінің мазмұнына және мұғалімде болуы тиіс құзыреттіліктерге белгілі бір талаптар қояды.

Осыған сәйкес сабақтың материалы да жаратылыстану-ғылыми сауаттылық құзыреттілігін қалыптастыратын осындай іс-әрекетті ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын құрастыру үшін «себеп тудыруы» тиіс. Сабақ мазмұны бойынша нәтижелі сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру мүмкін бе? Басқаша айтқанда, сабақта оқу тапсырмалары аясын орындауда қолдануға болатын, жоғарыда аталған іс-әрекет түрлеріне сәйкес келетін тәсілдер (формулалар, модельдер, алгоритмдер) беріледі ме?

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру міндетін ескере отыра тесттің түйінді сұрағын нақтырақ құрастырылған сұрақтар арқылы ашуға болады:

  1. Сабақтың мазмұны төмендегі сұрақтар арқылы тұжырымдауға мүмкіндік береді ме?:

Баяндалған фактілер қалай алынды? … екенін қалай білуге болады?

… қатысты қандай болжам айтуға болады?

Бұл болжамды қалай тексеруге болады?

Мұндай тапсырмалар берілген сабақтың материалына ғана емес, сонымен қатар, өткен сабақтарда ғылыми таным әдісін жүйелі түрде қолдануға сүйенуі тиіс.

  1. Сабақтың оқу материалы алынған білімді қолдану арқылы фактіні немесе құбылыстарды түсіндіру ұсынылған сұрақтарды тұжырымдау мүмкіндігін береді ме?

Ол үшін осы және осыған дейінгі сабақта фактілер мен құбылыстардың кей топтарын түсіндіруде қолдануға болатын ойдың (алгоритмдер) модельдері және схемасы қарастырылуы тиіс.

  1. Сабақтың оқу материалы бойынша деректерді талдау және қорытынды жасау тапсырылған сұрақтарды тұжырымдау мүмкін бе?

Ол үшін сабақта, мысалы, график немесе кесте түрінде ұсынылған өлшемдердің нәтижелері сияқты талдау үлгілері берілуі мүмкін.

  1. Сабақтың оқу материалы бойынша, қандай да бір проблемаға балама көзқарастар баяндалатын немесе түпкілікті қорытынды жасау үшін жетіспей тұрған факт көрсетілетін, пікірталас ұйымдастыру мүмкін бе?

Пікірталас ғылыми жетістіктерді (зерттеушілік, инновациялық аспектілер) қолдану мүмкіндігіне қатысты, сол сияқты этикалық және экологиялық аспектілерді қозғауы мүмкін.

Мұғалім оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру міндетін қойған кезде оның құзыреттілігіне де қойылатын талаптар туындайды.

Біріншіден, мұғалім өзі жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты құрайтын құзыреттіліктерді игеруі тиіс, ол -көшбасшылық мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлана білу қабілетімен және «Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету»  оқу процесінде мақсатты түрде қолданады, тіпті өздігімен осындай тапсырмаларды әзірлей алады.

Екіншіден, мұғалім оқушылардың жоғарыда аталған нәтижелі іс- әрекетінің ұйымдастырушысы (немесе үйлестірушісі) болуы тиіс. Жекелеген стратегиялар мен тәсілдерді қолдана білу.

Оқушылардың физикалық құбылыстарды танып білуде олардың сыни тұрғыдан ойлануға үйретудетүрлі тапсырмаларды орындауға бағытталуы тиіс.

Үшінші, соңғы модуль, нәтижелі іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясының мазмұнына: зерттеушілік қызметтің түрлері мен элементтеріне, модель құруға, деректерді талдауға, жобалауға, пікірталас жүргізуге топтық , жұптық жұмысқа арналуы қажет.

Қазіргі  заманауи оқыту жүйесінде сыни тұрғыдан ойлау мұғалімге арналған нұсқаулықта «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады (1,43)Сыни тұрғыдан ойлау ақпартты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге арналған тәсіл  деп  ойлаймын. Одан әрі әрекет жасауға негіз болатындығына   сендім.

Оған қадағалау, интерпретация, талдау қорытынды жасау , бағалау, түсіндіру метатану жатады. Сыни тұрғыдан ойлау негізінде адамнын өз ойын бағалауы, оны жүзеге асыруы, өз мен өзінің пікіріне сеніммен қарауы, және шешім қабылдауы қажет  екенін   түсінді. Әрине, оқушының дербес іс-әрекеті білімді өз ізденістерімен алу  қажеттілігін түсіндім.Сабақтарда  мына   талаптарды  ескерілуіне   толық қосыламын. Cабақмақсатының   түгел орындалуы, сабақтың  ұтымдылығы, пән аралық  байланыстың болуы, сабақта   туындайтын  проблемалар, оқушының   танымдық    дамуы, оқушының   жеке  ерекшелік   қасиетін   ескеру, өз  беттерімен орындайтынтапсырмаларды  ұғындыру,  білімді  бағалау жинақтау  қажеттілігі  ескеріледі.

Тапсырма.Мәтінді оқып, басқа топқа сұрақ жаз.

Электр тогының әсері.

Ток көзінде пайда болатын электр өрісінің әрекетінен зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы, яғни электр тогы пайда болады.

Біздің үйімізді жарықтандыруға қолданылатын қыздыру шамдарының ток күші, олардың қуатына сәйкес 7-ден 400мА –гедейін болады. 1А ток күші адам ағзасына қауіпті.

Әлсіз токтардың терапиялық әсері бар. Әлсіз тұрақты токпен емдеу әдісі гальванизация деп атала. Бұлшық еттердің, жүректің соғысы мен дем алуы электр токтарымен бақыланады.

Дене арқылы өткен ток көзіне әсерлесу жеріндегі дене жағдайына байланысты болады. Құрғақ терінің кедергісі жағары, ал ылғал терінің кедергісі төмен, өйткені ылғалда болатын иондар денеге токтың бөгетсіз кіруін қамтамасыз етеді.

Қойылған сұрақтар: Бұл токтың қандай әсері? Электр тогынан қалай қорғанады? Біз тұтынатын кернеу нешеге тең? Жүректің жұмысын бақылау қалай аталады?

Сыни ойлау оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік пікірін қалыптастыру деп  ойлаймын.

Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін. Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз — баланы ойлауға үйрету үшін түрлі тапсырмалар беру. Мысылы:

  1. Неліктен балқығыш сақтандырғыштарда баяу балқитын металл сымдарын қолдануға болмайды?
  2. Электр плитасының спиралі қысқартылған. Егер осы плитаны электр тогының желісіне қосса, онда оның спиралінің қызуы өзгере ме? Өзгерсе, қалай өзгереді?
  3. Ток көзінің полюстеріне ұзындықтары және көлденең қималарының аудандары бірдей мыстан және темірден жасалған сымдар тізбектеліп қосылған. Тізбек тұйықталған кезде сымдардың қайсысы қатты қызады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттарын, яғни оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау, оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру, сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету болып   табылады. Формуланы еске түсіру де сәйкестендіруді орындалды. Көмек қажет ететін оқушы болса осы кестені есеп шығаруда  пайдаланады.

Кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру, сыни ойлауды бағалау, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға мүмкіндік беру.Білім беру  мен  білім  алудағы  жаңаша  тәсілдермен  білім   беру  бүгінгі  күн   талабына    сәйкес    бәсекеге  қабілетті  жеке   тұлғаларды   қалыптастыру  болып  табылады.  Мәтінді оқып, қатесін дәлелдей білу тапсырмасы.

Қатесін тап

«Дене арқылы өткен ток көзіне әсерлесу жеріндегі дене жағдайына байланысты болады. Құрғақ терінің кедергісі төмен, ал ылғал терінің кедергісі жоғары, өйткені ылғалда болатын иондар денеге токтың бөгетсіз кіруін қамтамасыз етеді. Құрғақ терінің кедергісі 105 Ом , ал ылғал қолдың арасындағы толық кедергі 1500 Ом »

«Сақтандырғыштың жанып кеткен қорғасын сымның орнына, мыс немесе болат сымдарын қолдануға болады.»

«Реостатың көмегімен кернеуді өзгерттім, сол кезде тізбектегі ток біршама артты»

Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерімен қатар, сөздік қоры  кеңейіп арта түседі. Ең бастысы — біз осы мақсатты оқушының қажеттілігі мен қабілетіне сәйкестендіріп шеше алдық па? Сабақта оқушылар   арасында   ынтымақтастық   атмосферасы  орнайды.

Оқушылар  бірін – бірі  тыңдауға, өзіндік    пікірін    ашық  айтып,  өз-өздерін   бағалай  білуге  дағдыланады. Топтық   жұмыста  оқушылар  бір-бірімен  сыйластықта  болып  жауапкершіліктері   артады. Балалардың бір –бірін күту шыдамдылығы, сөйлеу  дағдылары  қалыптасады.Топта   барлық   мүшелерінің   бір-бірін  тыңдауы және   мұғалім мен  оқушының  топ  ішінде  сөйлеу    еркіндігі  бірдей  дәрежеде  болды.Жеке дара, жұппен өзара тексеріп, топта талқылау арқылы өзгенің ой пікірімен санасуға немесе дәлелдеме келтірді. Үш топқа үш сұрақтан берілді, оларды «Серпілген сауал» стратегиясы бойынша тексерілді.

  1. Кернеуі 3 есе артса, тізбек бөлігіндегі ток күші қалай өзгереді? Неге?
  2. Тізбектей жалғағанда қандай шама тұрақты болып қалады? Мысалы
  3. Параллель жалғағанда 20В және 30В болуы мүмкін бе?
  4. Ток күші 2 есе артса, өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшері қалай өзгереді?
  5. Токтың жұмысын есептейтін құрал?
  6. Ол қалай жалғанады тізбекке, ал басқа тұтынушылар ше? Неге?
  7. Қысқа тұйықталуға байланысты қандай құралды білесіңдер?
  8. Ол қандай заңға негізделген? Формуласы
  9. Балқымалы сақтандырғыш 6А ток күшіне есептелген. Осындай сақтандырғышы бар қуаты 2,4кВт құралды кернеуі 220В электр желісіне қосуға бола ма? Неге?

Терең  түсінік  пен  ойлаудың  дамуы  арқылы   оқушының  сөйлеу  дағдылары    дамыды.Жұмыс  жасау  кезінде   топ  мүшелерінің  қабілетіне, олардың  бір-біріне  дұрыс    көзқараспен  қарап,  ойларын  құрметтеуге  машықтанды. Бір-біріне   көмектесіп,  ойларын  ортаға   салып,  өздерінің   пікірін   көтермелейді. Сызба бойынша тапсырма. Стикердегі сұраққа жауап жазып, басқа топқа сұрақ дайындау «Карусель» стратегиясы бойынша қызықты, өте тиімді орындалды.

Мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланысқалыптасады. Сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне өздеріне  беріп, үлкен жауапкершілікті cезінтеді.

Қойылатын сұрақтар  төменгі   деңгей,   орта  деңгей,   жоғары  деңгей   сұрақтары  екендігі   белгілі.    СТО-да  да бір-бірінен сұраққа жауап алады, бағалайды емес пе?

Оқушылар мұғаліммен, оқушылар оқушылармен сөйлесуі, сұрақ қойып жауап беруі осы салада жүзеге асатыны белгілі. Білім   беруде  ақпараттық – коммуникациялық   технологияларды  пайдаланудың   мүмкіншілігі  зор. Оқушының  өз  бетімен  жұмысы аз  уақытта  көп  білім алып  уақытты   үнемдеуі   жүзеге   асады.

Білім-білік   дағдыларын   тест  тапсырмалары  арқылы  тексеру, қашықтықтан  білім   алу  мүмкіндігі  туындайды.Қажетті    ақпаратты  жедел  түрде   алу   мүмкіндігі, іс-әрекет  қимылды  қажет ететін    пәндер  мен тапсырмаларды  оқып  үйрену   қажеттілігі  туындайды.

Оқушының   ой-өрісін   дүние  танымын   кеңейтуге  де   ықпалы  зор  деп   есептеймін. Мұғалімнің   мақсаты   әрбір  оқушының    дарындылығын   табиғи    саласын   анықтап,  оның  өсіп  жетілуіне   қолайлы   жағдай    жасау.

Өзіміз бағалаудың тиімді әдісін таңдап алсақ, оқушыларда жауапкершілік қалыптасады. Оқушы үлгерімін қалыптастыруда бағалаудың маңызы өте зор.

Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек деп есептеймін.

Кембридждік тәсілдің оқушыларға да, мағанда  болашақта тигізер пайдасы зор екеніне сенімдімін. Білім беру үдерісінде жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім беруді  негіздеу арқылы  өзім жақсы әсерде қалдым.