Білім берудің негіздері, Физика
Сейдаз Талғат Мұратұлы, «Электр және магнетизм» курсын оқыту барысында «Case» технологиясын қолдану

«Электр және магнетизм» курсын оқыту барысында «Case» технологиясын қолдану

Мақала авторы: Сейдаз Талғат Мұратұлы
Жұмыс орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, физика-техникалық факультеті
Лауазымы: магистрант 2 курс
Порталға жариялану мерзімі: 13.10.2016


«Case» технологиясы  немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі (метод конкретных учебных стиуаций») ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. «Case» термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, «Case» технологиясын қолдану жолдарын көрсеткен.

«Case» технологиясын алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда. Қазір «Case» технологиясын педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э.хансен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда[2].

Жұмыстың мақсаты «Электр және магнетизм» курсын оқытудың орта білім беру мекемелерінде дарынды балаларға арналған заманауи оқу-әдістемелік кешен жасау. Атап айтқанда, жалпы оқытудың облыстары бойынша «Электр және магнетизм» курсын оқыту барысында  «Case» технологиясын оқыту мәселесі баяндалады. Мысалы, орта білім беру мекемелерінде дарынды балаларға бірінші кезекте үйрену мен үйретудің басты әдістемесі мен технологиясы ретінде  оқытудың әр түрлі проблемаларды   талдау  және  оларды  шеше білу  қабілетін   дамыту және жаңа  қасиеттер  мен   іскерлікті   қалыптастыру.

Сондай-ақ «Электр және магнетизм» курсын оқыту барысында «Case» технологиясы туралы ұғым мұғалімдерге нақты қолданудың жолы көрсетіледі. «Электр және магнетизм» курсын оқыту барысында «Case» технологиясы білім алушылар жаңа сабақта өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндіктеріне мән берілген.

Жоғарғы мектепте оқытудың белсенді түрлерін қолданудың дәлелдері.

Белсенді түрде оқу мен сыни ойлау өмірде қолданыс табатын білім береді. Көп жылдар бұрын философ Альфред Норт Уайтхед (1910-1957 ж.ж.) жазып, ал психолог Ховард Гарднер көрсетіп бергендей, білімнің ырықсыз, бәсеңді күйде қабылданатын (мектептік білім), тәжірибеден ойланбай алынатын (интуитивті білім) және әлемді түйсініп, ақпаратты алумен қатар оны игеру арқылы проблемаларды шешуді меңзейтін ғылыми түрде дәлелденген тұжырымдамалар мен ойлау процестеріне негізделген (пән аймағындағы білім мен ойлау) білім түрлерін ажырату керек. Жүйелі ойлау тек қана белсенді түрде ғана сіңіріледі.жүйелі білім мен ойлау дегеніміз ғалымдар, әдеби сыншылар мен әлеуметтік философтар қолданатын ойлау түрі, ол жоғарғы білі беру жүйесінің ең лайықты және үйлесімді мақсаты болып табылады[1].

Белсенді оқыту/оқу өздігімен білі алуды дамытады. Белсенді оқыту/оқу басқа пікірлерге деген төзімділік (толеранттық) және әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға себепші болады.

Студенттердің қызығушылығы мен ынтасы оқыту/оқудың белсенді тәсілдерін қолданғанда анағұрлым жоғары болады.

Университетік білім беру түбегейлі түрде студенттердің білімін ғана емес, олардың ойлау тәсілдерін де өзгерте алады. Бірақ өзгертпеуі де мүмкін. Тек қана мазмұнды тасымалдайтын дәстүрлі оқытудың студенттердің ойлау дәрежесін дамытуға көмек көрсетпейтіндігі әлдеқашан дәлелденген. Өзгеріске ұшырайтын маңызды фактор – университет оқытушыларының не нәрсеге оқытуы емес, олардың қалай оқытатындығында. Дәл осы фактор университет студенттерінің танымпаздық және парасаттылық дамуын ынталандырады.

Білім саласындағы инновациялық өзгерістер оқудың/оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады, өйткені динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық дәуір экономикасы адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді, бұл дәуірдің идеологиялық, әлеуметтік, саяси сұраныстары адамнан мынандай құзырлылықтарды талап етеді:

-ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап алу, оны пайдалану;

— проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

— өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;

-социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау;

-өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;

— өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.

Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың (үйретуші мен үйретушілердің) тиімді қарым-қатынасына негізделеді.

Ағылшын тілінен келген «interactiv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» — «әрекет жасау» дегенді блдіреді. Яғни, интербелсенді әдістер – үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуоқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.

Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз – өзара қарым қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», үйренуші — өзімен-өзі» форматтарына жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер»).

Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін мынандай ұйымдастыруға ынталы:

  • Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;
  • Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау;
  • Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру.

Интербелсенді оқу/оқыту – әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрену/үйрету, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) 2500 жыл бұрын былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» [2].

Сонымен, оқу/оқыту дегеніміз диалог, ал диалог – адамгершілікке үйренудің ең тиімді әдісі;

— білім мазмұны үйретушінің талаптарымен айқындалмай, үйренушінің мұқтаждары мен мүдделерінен туындайды;

— оқу/оқыту қоғамға қызмет жасау идеясы арқылы жүзеге асырылады;

-әр сабақта үйренуші тұлғасына конструктивизм, оптимизм, позитивизм секілді жағымды қасиеттердің дамуына ықпал жасау керек;

-рефлексия – дүнметаным мен өзін-өзі танудың негізгі тәсілі, рефлексиялық тұлға қалыптастыру – оқу/оқытудың негізгі мақсаты

Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтарын төмендегі кестеден көруге болады[3].

«Электр және магнетизм» курсын оқыту барысында «Case» технологиясын оқыту интербелсенді әдістермен оқыту қарастырылған. Осы мақсатты тәжірибе жұмыстары жүргізіліп, бұл әдістердің нәтижелі екендігі көрсетілген. Бұл әдістердің ерекшеліктері оқытуда үйрету емес, тек үйрену жоғары нәтиже беретіндігінде. Аталған әдістер көшбасшы елдердердің оқыту жүйесіндегі нәтижесі жоғары болған жоғарғы оқу орындарындағы қолданылатын  әдістерге негізделген.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Әлқожаева Н.С, Төлешова Ұ Б. Жоғары мектептің оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 126 б.

2 Ахметова Г.К., Исаева З.Ә., Әлқожаева Н.С.Педагогика: Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 220 б.

3 Әлімов А. Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану: Оқу құралы.  – Алматы, 2009. — 263 б.