Е дыбысы мен әрпі

Ашық сабақтар
Мантаева Айсәуле Мирболатқызы, Е дыбысы мен әрпі

Мақала авторы: Мантаева Айсәуле Мирболатқызы
Жұмыс орны: Ақтөбе қаласы, №56 ЖОББМ
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 31.10.2018


Қысқа мерзімді жоспар
Күні:
Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Е дыбысы мен әрпі.
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 1 «А»
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.
Сабақ
мақсаттары Барлығы: Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді;
Көбі: Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды;
Кейбірі: Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды.
Ойлау дағдылары Білу ,түсіну, қолдану.
Бағалау
Критерийлері — Суреттердің көмегімен әңгіме құрап айта алады;
— Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Тілдік мақсаттар Елік,немере,емен.
Құндылықтарды
дарыту Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Пәнаралық
байланыстар Көркем еңбек,дүниетану.
АКТ қолдану дағдысы Аудиожазба.
Сабақ барысы
Сабақтың
Жоспарланған
кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

Ширату. Психологиялық дайындық.
Елордам менің – Астанам,
Астанам менің бас қалам.
Зәулім-зәулім үйлер көп.
Өркендеген – Астанам.
Топқа бөлу. Суреттерді алу арқылы оқушылар 5 топқа бөлініп отырады. «Бәйтерек», «Триумф», «Нұр-Астана», «Хан шатыр», «Пирамида»
-Балалар, қолымызда қай қаланың ғимараттарының суреттері?
-Астана қаласындағы зәулім ғимараттардың суреттері.
-Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызды еліміздің бас қаласы «Астана» қаласына арнаймыз. Осы жылы шілде айында Астана қаласына 20 жыл толады. Олай болса, Астана сөзінде неше дыбыс бар?
— 6 дыбыс.
— Бүгін біз сабағымызда 6 түрлі қызықты тапсырмалар орындаймыз. Сонымен қатар әр тапсырма үшін менің сендерге сыйлығым болады. Әр тапсырманы орындау барысында сыйлықпен бірге сөздер ұтып аламыз.Сол сөздерді «Сөйлейтін тақтаға» іліп отырамыз.Сабақ соңында шыққан сөйлемді құрап оқимыз.

Асатана ғаласының суреттері.

Сабақтың ортасы

1-тапсырма
Ұ.ж. «Сөз құра»
Адасқан әріптерден сөз құра.
Е,о,д,л,а,р.
Жауабы: Елорда
-Елорда сөзін қалай түсінеміз? Басқа қандай сөзбен алмастырып айтуға болады?
-Елорда-еліміздің бас қаласы, астанасы.
-Елорда сөзі қандай дыбыстан басталып айтылады?
-Е дыбысы.
-Балалар,ендеше бүгінгі танысатын жаңа тақырыбымыз
Е дыбысы мен әрпі.
-Олай болса, Е дыбысын мен қолымды жоғары көтергенше айтып көреміз. Еееееееее
-Е дыбыс қалай айтылды? Кедергі болды ма?
-Кедергісіз созылып айтылады.
-Ендеше, Е дыбысы жіңішке дауысты дыбыс.
-Енді Е дыбысын өз үйіне орналастырамыз.
ҚБ «Үш шапалақ»
1-тапсырманың сыйлығы. «Бәйтерек» туралы мәлімет беру. 1 сөз- Астана
«Астана – Бәйтерек» монументі. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауысты дегенді білдіреді.

2-тапсырма.
Тыңдалым.
-Мен атам мен әжеме кім боламын?
Суреттердің алғашқы әріптерінен жауабын табамыз.
Жауабы: Немере
2-тапсырманың сыйлығы. «Триумф-Астана» туралы мәлімет беру. 2 сөз-асқақ
«Триумф — Астана» ғимараты. Сәулетті ғимарат жинақы монументалды 480 бөлмеден тұратын тұрғын үй кешенінен құралған. Ғимараттың жалпы ауданы 112 мың шаршы метр, ал биіктігі 142,5 метр. Инфрақұрылым жабық мұзайдыны, үй кинотеатры, мейрамханалар, тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық жәрдем көрсету және балалар ойын – сауық орталығы, әмбебап дүкендерімен қамтамасыздандырылған. Триумф – Астананың мақтанышы кешеннің толық бір бөлігін алып жатқан 25 метрлік қауыз болып табылады.
3-тапсырма. «Адасқан буындар»
Ару қала-Астанамызда қаланы екіге бөліп жатқан өзен бар.Астана қаласына қыдырып барған оқушылар бар болса, сол өзеннің атауын білетін болар.Ол өзеннің атауы бүгінгі танысып отырған Е дыбысына байланысты. Ол қандай өзен?
-Есіл өзені.
-Ендеше, осы Есіл өзенінің су жануарларына көмектесейік.Яғни, Есіл өзенінің суын толтыру керекпіз.Ол үшін жаңбыр тамшыларынан сөз құрасақ, жаңбыр тамшылары Есіл өзеніне толтырады.
Жауабы: Емен, немере, ерте, Есен, Ерлан
3-тапсырманың сыйлығы. «Астана-ару қала» видежазба көрсету. 3 сөз — армандар

4-тапсырма.
Т.ж. «Менің қиялымдағы қала».
Әр топ қиялындағы «Астана» қаласының суретін салу.
Топта қорғау.
ҚБ «Үш шапалақ»
4-тапсырманың сыйлығы. «Хан шатыр» туралы мәлімет айту.
«Хан шатыры» Хан шатыр елбасының идеясы бойынша ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің сызған жобасы бойынша салынған. Сарыарқаның сайын төсіндегі ғимараттың ішкі ауқымы 1 млн 700 шаршы метр, биіктігі 150 метр — 7 қабаттан тұрады. Қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кинотеатрлар, концерт алаңы, қауыз бар.

5-тапсырма.
Сергіту сәті.
-Балалар, қазір біз «Астана» туралы 1 шумақ өлеңді жалғастырып құрастырайық. Ол үшін керекті сөздерді қолданамыз.
Жаңа қала, жас ….
Болды бүгін бас …
Ол-сүйікті ….
Алып қала …
Керекті сөздер: қала, қаламыз, Астана.
5-тапсырманың сыйлығы. «Пирамида» туралы мәлімет айту. 4 сөз — ордасы
Пирамида. Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 орынға арналған опера залы, жоғарғы бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан Ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.

6-тапсырма.
Қосымша тапсырма. «Е дыбысының орнын табу»
Суреттер бойынша е дыбысының орнын анықтап топтау.
Е Е Е

6-тапсырманың сыйлығы. «Сөйлейтін тақтадағы сөздерді құрастырып оқу»

«Астана – асқақ армандар қаласы»
Сабағымызды қорыта келе жаңа өмір бастаймын деген жан баласына Астананың берері мол. Үлкен мүмкіндіктер үлкен армандардың жүзеге асуына көмектеседі. Асқақ арманмен алып шаһарға аяқ басар болсаңыз, арманыңыздың орындалатынына еш шүбә келтірмеймін. Астанамыздың бар қасиеті де осында.

Кеспе әріптер

суреттер

Бәйтерек

Триумф-Астана

Сабақтың соңы
«Дөңгелек үстел» әдісі
-сабақтан не білдің, не үйрендің? Сол туралы ойың жазып, қағазды бүктеп келесі оқушыға береді. Соңынан топ басшылар шығып біреуі оқып береді.
Бағалау.
— Берілген сурет бойынша сөйлем құрап айтады;
— Берілген сөздерді көркем жазады;
— Берілген сұрақтарға нақты жауап береді, өз ойын еркін жеткізеді;

Рефлексия «Еркін микрафон»