ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖҮЙЕСІ

Әдістемелік қоржын
Сапашева Клара Базарбаевна, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖҮЙЕСІ

Мақала авторы: Сапашева Клара Базарбаевна
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №2 орта мектебі
Лауазымы: Сызу және сурет пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 11.02.2016


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Мектепте білім берудің мақсаты — … жеке тұлғаның сапалы терең білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» — деп көрсетілген. [2,5]

Дарынды және талантты балаларды ерте анықтау, оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудің басты мәселелерінің бірін құрайды. Дарынды балалар үлкендердің көмегін, ерекше назарын және жетекшілікті қажет етпейтіндей көрінеді. Соған қарамастан, мұндай балалар тұлғалық ерекшеліктеріне қарай өздерінің қызметтерін, мінез-құлқын және ойлауын бағалауда сезімтал, олар сыртқы әсерді тез қабылдағыш және қарым-қатынас пен байланысты жақсы түсінеді.

Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту қажеттігін есте сақтау керек. Баланы шыдамдылыққа, еңбек етуге, өздігінше шешім қабылдауға үйрету керек. [1,35]

 “… Бізге керегі шын дарындар. Нарық қолаяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.”

Н.Ә.Назарбаев.

[слайд 2]

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз.

Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мұғалімнің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.

Дарындылықты дамытудағы басты мақсат – еліміздің зияткерлік қорын құру үшін адамзаттың ең талантты тобын пайдалану, жеке тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру. [слайд 3]

Міндеттері: оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру; шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту; Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету. [слайд 4]  [4,30]

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың жоспарын біз былайша тұжырымдадық.  [слайд 5]

Жұмыс жоспарын келесі түрде жүйелеуге болады:

Бірінші кезең: Ерекше қабілетті  оқушыларды анықтау

Екінші кезең: Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау

Үшінші кезең: Ой өрісін дамыта түсу үшін  жұмыс жүйесін құру

Төртінші кезең: Дарынды оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу

Дарындылықты зерттей бастасақ, көп сұрақтарға жауап беруге тура келеді: «Баланың дарындылығын қалай анықтауға болады?» Осы ретте дарынды баланы анықтау проблемасы туады.

Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы: сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. [слайд 6] [3,49]

Оқушының дарындылығын анықтау:

  • Ерекеше қабілетін байқау
  • Баланың отбасылық жағдайын зерттеу.
  • Жеке тапсырмалар беру
  • Көрмелерге қатыстыру

Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңыздылар дарындылар қолында, ал сол дарындылардың тағдыры біздің, яғни, ұстаздар қауымының қолында. [3,67]

Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеуде күтілетін нәтиже – өз ойларын өз дарыны арқылы жеткізе білетін, бастамаларын тәжірибеде қолдана білетін, ойы жүйрік, жаңашыл, эстетикалық, рухани құндылықтар иесін таба білу. Өз тәжірибеме сүйенетін болсам, жүйелі жұмыстану нәтижесінде, сыныптан тыс шаралар, үйірме жұмыстары мен көрмелер ұйымдастыру арқылы қазіргі таңда бірқатар жетістіктерге жеттік. Солардың қатарында Демесенов Бегарсты ерекше атап өтуге болады. Келесі слайдтардан соның жетістіктері мен шығармашылық жұмыстарын көруге болады. [слайд 7-13]

Қорыта келгенде, осындай жүйелі жұмыстардан күтілетін нәтиже: [слайд 14]

  • Мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасау;
  • “Болашақ” бағдарламасын қолдап, шетелдермен тәжірибе алмасу;
  • Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеу;
  • Келешекте кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды.

Дарынды балаларға қызмет етуден жалықпайық, ұстаздар! Әріптестермен тәжірибе алмасу арқылы осы бағыт бойынша кәсіби деңгейіміз жоғарылай берсін демекпін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Дарынды балалармен жұмыс//Қазақстан мектебі. -2008 №6 34-36 бет
  2. ҚР Білім туралы Заңы. Астана 2007
  3. Ү.Б.Жексенбаева. Балалардың дарындылығын диагностикалау әдістемелік құрал. «РАД иАЛ» баспасы «Алматы» 2005.
  4. Үздік білім берудің жолдары//Мектеп директоры. – 2010 №1 27-29 бет