Бірлігіміз жарасқан бір елміз!

Тәрбие сағаты
Оспанова Фарида Джайырбекқызы, Бірлігіміз жарасқан бір елміз!

Мақала авторы: Оспанова Фарида Джайырбекқызы
Жұмыс орны: Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 19.02.2018


Тақырыбы:   Бірлігіміз жарасқан бір елміз!

Мақсаты: « Достық », «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Достық жайында түсінік беру.

Міндеттері:

Оқушы, мұғалім және ата – ана арасында жағымды қарым – қатынас жасауға, ата – аналардың мектеп өміріне араласуына, өздерінің бала алдындағы жауапкершіліктерін, оларға қажет екендігін сезінуге бағдарлау.

Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдаққа тәрбиелеу.

Күтілетін  нәтиже: Оқушыларды  бірлікке, дос­­тық­­қа, ынтымаққа шақырады.

Барлық ұлттармен тату-тәтті өмір сүрсек қана басқа елдерден тұғырымыз биік болады, достық қарым-қатынасымыз одан әрі жақсаратыны анық.

Көрнекті құралдар:Үлестірме қағаздар, жүрекшелер.

Әдісі:

  • Ойлан — жұптас — бөліс
  • Тұжырымдамалық карта
  • Өзіндік ойын

Бірлескен  жұмыс тәсілдері:   Жұптық, топтық, ұжымдық, постер қорғау.

Кіріспе сөз: Бүгінгі біздің оқушылармен  бірлесіп өткізгелі отырған сабағымыздың тақырыбы «Бірлігіміз жарасқан бір елміз» деп аталады. Себебі, достық бар жерде бірлік, татулық болады. Сол достықтың арқасында осындай бейбіт жерде өмір сүріп жатырмыз.

Сабақ өзін – өзі тану пәнінің тәсілдерін қолдану арқылы өтіп қана қоймай, жарыс түрінде өтеді. Сынып оқушыларынан үш топ құралып, топтарға ат қойылады. 1 – топ – Жігер тобы. 2 – топ – Бірлік тобы. 3 – топ – ынтымақ. Тапсырмалардың барлығы да тақырыпқа қатысты беріледі. Дұрыс орындалған тапсырмаларға жүрекшелер беріледі. Әр тапсырмамен сайыс кезінде танысып отырасыздар. Сайысымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрайық.

    

 

1.Шаттық шеңбері:

Оқушылар үлкен шеңбер құрады.

Оқушылар:

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Тату- тәтті жүреміз.

 

2.Дәйек сөз. Әр топ бүгінгі  тақырыбымызға қатысты қандай дәйек сөздер айтуға болатынын айтады, ішінен біреуі таңдалып алынады. Ол дәйек сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мысалы: «Достық қымбат өмірде».

 

 

 

3.Өзіммен өзім.

Біз барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді «Достық пен бірліктің  » елдіне жүрміз деп , елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық жасайтын, Отанын сүйетін, жүректері мейрім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді. Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар әрине біздің әрқайсымыздың ата – анамыз, ең сүйкімді де қылықтысы әрине біздің кішкентай балаларымыз. Олар қашан да бір – біріне көмек көрсетуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Біз барлығымыз осындай достық пен бірлік елінде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек.

 

Енді бұрынғы қалпымызға түсіп, көзімізді ашайық. Тақтада Қазақстан картасы тұрады. – Бұл қандай ел? Ол біздің Қазақстан.

 

 

 

 

 

 

4.Тұжырымдамалық карта

 

 

5.Ойын жаттығу: «Мен достықты сүйемін, себебі мен ____» деп аталатын ойын – жаттығуда оқушылар  өз білім – біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік алады.

  1. Қорытындылау. Әр топта оқушылар үлкен жүректі ұсынып, тілектер айтады. «Достық» әнін хормен айтады.