Білім саласын дамытуға негіз боларлық іргелі ғылым қажет

Білім берудің негіздері
Қобдабай Қабдыразақұлы, Білім саласын дамытуға негіз боларлық іргелі ғылым қажет

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: Теміртау қаласы №8 мектеп шет тілі мұғалімі
Лауазымы: Зейнеткер-мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 08.12.2018


Оқу білім жүйесін үнемі жаңалап отыру өркениет талабы. Сондай-ақ,тəрбие процесін(кең мағынасында) ұдайы жетілдіріп отыру қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан ұстазға,тәрбиелеушіге (педагог,тәрбиеші, жетекші)мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп бағуда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі проблемалар құрсауында келеді.Адамзат тарихына көз тіксеңіз,қоғам дамысынан,ұрпақты оқытып тәрбиелеу ісі барлық жерде,барлық жағдайда қалыс қалып келген.Ол,қайшылық пен кемшіліктен тек қоғам болып,жұрт болып жұмыла кірісіп,ақылман ойшылдар мен дана ғұламалардың білімпазардың қалдырған өсиеті,аға ұрпақтың жинақтаған тәжірибесі,салып кеткен сара жолы жаңа идеямен ақыл-ойдың,даналық пікірдің қабысуы арқасында оны жеңген.кемшілікті жойған,кедергіні асып түскен. дағдарыстан құтқарылып отырған.Ал,жаңаны игеру,тағы да уақыт пен аумақты талап етіп,оқытып білім беру,тәрбиелеп жетілдіру жүйесін қайта жаңалау арқылы жүзеге асқан. Білім саласындағы іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, яғни ғылыми- техникалық прогрестің баяулауына соқтырады. Сондықтан да оқу білім ғылымының тірегі болған-педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап,қорытып,зерделеп заман талабына жауап беруі тиісті.Ал,кәзіргі қазақ педагогика ғылымы-бұған жауап беруге қауқарсыз.
Педагогиканың дамуына себепші көздер — адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық тәлім-тәрбиөде бекіген көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектер; әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие тәжірибесі; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеулер деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағдар-бағыттар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тәрбие мен білім берудің тиімді соңғы технологиялары.
Жалпы өткен ғасырда педагогикалық-психологиялық ой-сананың дамуында әлемде,іргелі зерттеулер мен зерделеудің нәтижесінде таңғаларлық тамаша тұжырымдар мен теориялық педагогикалық пайымдаулар өмірге келгені белгілі.Ал,осы ғасыр психологияны төрге шығарып барады. Сол дәуірде,аталған мерзімде Қазақ елінде, саяси-демократиялық елеулі қозғалыстар, тәуелсідікке талпынған жаңарулар мен дамудың тай-таласы,белсенді бетбұрыстар саяси сахнаға шығып,экономикалық революциялар жүзеге асырылып жатты.Жаңа ғасыр басында оқу- білім,
ғылым саласына үлкен бетбұрыс жасалды.Алайда,Қазақстан Республикасында,тұрақтанған өзіндік бет-бейнесін, құрам бөлігін,жүйе құрылымын тапқан оқу білім саласы толық айқындалалып, жұмыстай алмай келеді.. Ал,Әлемдегі барлық елдерде дерлік жаңа оқу-білім жүйесі қалыптасып, жаңарған,реттелген дамыған деңгеймен жұмыстап жатыр.(Біздің деңгейімізге жетпегендер де бар.) Тіпті кейбір мемлекетте,баршаға үлгі боларлық түр сипат,құрам бөлік,жүйе қалыптасқан. Олардың жеткен жетістіктерін саралап,зерттеп,өзіндік жүйесіне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп жатқандар да баршылық. Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдас-тырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Оқытып білім беру,тәрбиелеу ісі- қоғамның тарихи әлеуметтік — экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Қазіргі заманауи кезеңдегі білім беру сапасы елдің даму деңгейін анықтайды, сондай-ақ еліміздің болашағы – жас ұрпаққа сапалы инновациялық-кәсіпкерлік білім берудің әлеуеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық сала болып табылады Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуы көптеген педагогтардың педагогикалық және әдістемелік-технологиялық, психологиялық және шығармашылық біліктілігінің жеткілікті деңгейінің болмауынан өте күрделі мәселелер туындауда. Дәлірек айтқанда,бүгінгі Қазақстан Республикасының білім саласы өзінің жан-жақты іс-қызметін, міндетін атқаруда басшылыққа алып жүргізетін, сүйенетін ғылымы жоқ қалған . Айталық, әлемдегі білім саласындағы жаңартулар мен өзгертулер сол елдің Білім философиясына ,Оқу-білім ғылымына және Мектептану ғылымдарына негізделіп,табысқа жеткен шет елдердің білім беру модель-жүйесімен шендестіріп көріп,өзіндік тұрпатын тауып алуда.Білім беру мемлекеттіңк саясаттың құқықтық негізі болушы «Білім туралы» Заңның (education law;закон об образовании; /аудармасының өзі-томпақ/) өзін басқалардан көшіріп алып, ЮНЕСКО т.б. білімдік кеңесші халықаралық ұйымдар пікіріне үйлестірдік. Осы негізде білім мазмұнына елеулі өзгерістер жасалып, он екі жылдық білімге көшудің дайындығын жасап,көшіп те жатырмыз.Оқытып үйретудің жаңа әдіс-тәсілдері іздестіріліп,жаңа техника мен технологиялар ауқымды түрде игерілуде.Білім жүйесіне алпысқа таяу құрылымдық және әдістемелік сондай-ақ техникалық және технологиялық жаңартулар енгізілген. Білім беру—аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны рефор-малаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты жүріліп,Ұлттық білім философиясына (Pilosofy of education),Оқу білім ғылымына(Introduction to Education studies), Мектептану(Skalolazanie) зерттеулері мен тұжырымдарына сүйеніп жасалуы тиіс болатын. Өкінішке орай бұл ғылымдар біздің елімізде дамымай қалғандықтан,оқу-білім жүйесі жаңарып, халықаралық сараптаулар мен қорытындылау орталықтарының қорытындысында жоғары көрсет-кіштерге жеткен, басты орындағы елдер жүйесіне жүгінуге тура келген.Мысалы Қазақстан Республикасында білім беру саясатының құқықтық негізі болушы- «Білім туралы» Заң (Education Law-Закон об образовании) Ұлттық философиялық педагогика мен мектептану қазанынан қайнап шыққан тұжырымдар мен заңдылықтар негізінде емес шет елдік заңдар негізінде жасалынған. Мұның бәрі білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңартуларға үлкен қиындық туғызып келеді. Анығырақ айтқанда бұл саланың менежменті қалыптаспай, мектептерді қаржы-ландыру, оқытушылардың еңбегін бағалау,есептеу жалақы төлеу амал-айласы тым әлсіз, жобалық қалыпты ұстануда.Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді .Екінші жағынан бұл саланың бүгінгі жағдайындағы мектептердің ахуалы, индустриясы, құрылымы,ара байланысы,қатынас-комуникациясы реттеліп,дұрыс жолға қойылмағандықтан дамыту туралы талпынысқа үлкен қолбайлау болып отыр. Мәселен,шағын жинақты мектептер жалпы орта білім беру ұйымдарының санының 44 %-ын құрайды. ШЖМ-ның материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі төмен. Жаңа модификациядағы оқу кабинеттері жоқ мектептер: 33,7 % мектепте физика, 39 % мектепте химия, 39,3 % мектепте биология, 29,3 % мектепте математика және 49 % мектепте лингафон кабинеттері жоқ. Бұрыннан жұмыстап келе жатқан мектептердің кабинеттерінде зертханалық, сарамандық тәжірибелер көрсету, жүргізу мүмкіндігі жоқ, реактив, лабороториялық заттар мен өлшеу құралдары тым ескірген, жарамсыз болған.Жалпы мектеп индустриясы құрылмаған. Мектеп инфрақұрылымын дамыту бар қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмайды. Пайдалану мерзімі өткен (1950-1970 жылдары салынған), тозығы жеткен мектеп ғимараттары авариялық мектептер қатарында . Бүгінгі таңда мұндай мектептер саны 69 бірлікті құрайды. Авариялық мектептерде 17,3 мың бала, 86 үш ауысымды мектепте 11,2 мың бала оқиды; елді мекендерде мектептердің болмауынан 3825 оқушының тұрғылықты жері бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ.Бұл кемістіктерді білім мазмұнын ,техшологияны жаңартумен жоя алмаймыз.Мұның бәрі жаңа ғасыр білімінің жүзеге асырылуына айтарлықтай кедергі келтіреді.Егер мәселені ғылыми негізді саясатпен,нақтылы іске асыру бағдарламасы арқылы тиянақты түрде,жүргізетін болсақ әлі де талай асуларды аса алатын боламыз.Ол үшін Қазақстанда Педагогика ғылымдарының даму бағдарын,бүгінгі қоғам талабына сай түбірімен өзгерту қажет.Білім және Ғылым министрі жанында ғасырға таяу тарихы бар,жоғарыда аталған,іргелі ғылымдарды дамытуға ,кешенді зерттеулер жүргізуге мүмкіндігін дұрыс пайдаланып,оңды ұйымдастырса шама-шарқы,әлеуеті жететін ғылыми орда бар.Кәзіргі кезде ол орда,педагог кадрлар мен ұстаз мұғалімдер,тәрбиеші-оқытушылар дайындайтын арнаулы орта және ЖОО-ында атқарылуға тиіс ғылыми жұмыстар мен айналысып,іргелі ғылыми зерттеулері байқалмай отыр.