Білім беруді жаңарту — заман талабы

Педагогика
Молдасан Қуаныш Шорманқызы, Білім беруді жаңарту — заман талабы

Мақала авторы: Молдасан Қуаныш Шорманқызы
Жұмыс орны: Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы
Лауазымы: педагогика ғылымының кандидаты, доцент
Порталға жариялану мерзімі: 19.11.2018


           Педагог мамандығы-қазіргі замандағы маңызды мамандықтардың бірі. Адамзат болашақ өркендеуінің осы мамандықтың күш-жігеріне тәуелді. Нағыз маман педагог-уақытының едәуір көп бөлігін бала тәрбиесі мен оқуға жұмсайтын адам. Егер мұғалімнің бала оқыту процесі аяқталса, онда дағдарыс пайда болады. Жаңа ұрпақта білімінің болмауы мәдени, экономикалық және әлеуметтік прогресті ұстап тұра алмайды. Қоғам моральдік жағынан және кәсіби жағынан дайындықсыз қоғамға айналады.  Сондықтан келер ұрпақты біліммен сусындандырып әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке лайықты оқыту мен тәрбиелеу педагог мамандардың алдында тұрған негізгі мақсат. Демек,  жоғары оқу орындарында болашақ педагог мамандарды дайындау˗ күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай болашақ ұстаздарды дайындаудың өзі кәсіби білім берудің міндеттер жүйесін қарастыруды талап етеді.

          Тұлғаны дамытуда заманауи әлем­дік озық үлгілер уақыт талаптарына сай жаңғыруда педагогика саласына да келелі міндеттер жүктейді. Бұл елімізде педагогика пәні мен ғылымын ке­ңінен дамытудың өзектілігін алға тартады. Қашанда жаңаны бастау, бір­ден қалыптастыру қиын.

Тәуелсіздіктің рухы асқақтаған сайын ұлттық бірегейліктің қайта жаңғыруына, қайта түлеуіне және өрістей түсуіне үлес қосуды өзіндік парызына айналдырып келеді. Қоғамымыздың ұлтжанды зиялы қауымы осы қызметте іргелі жауапкершіліктерін терең түйсініп, өзіндік таланты мен ғылыми шығармашылықтарын арнап келеді. Бұл үдеріс қазақ қоғамының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани саласының әрбір сәттерінен де көрініс тауып отыр. Оның ішінде, білім беру мен ғылым саласының атқарар міндеттері заман талабына сай келетін үлкен жауапкершіліктер артуымен шартталады. Осы орайда, қоғамдық-гуманитарлық білімдердің атқарар міндеті орасан.

Бұл әрбір қоғамның даму келбеті мен үдерістеріне сәйкес, педагог-ғалымдарға үнемі-үздіксіз жаңа міндеттер жүктейді.  Осы жауапкершілікті басқа да ұлтжанды, терең парасатты ғалымдардың топтасқан, бас қосқан ордасы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өзінің қайталанбас ерекшелігі мен кәсіби мәртебесін бекемдей түскен, заман ағымына ілесуге талпынатын, ғылыми дәрежеде негіздейтін, біліктілігі өте жоғары мамандар дайындайтын ғылыми орта бар,  ол «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы болып табылады.

Бүгінде ол педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы болып өзгертіліп, педагогикалық бейіндегі мамандарды даярлайтын философия және саясаттану факультетіндегі  кафедраларының бірі.Оның қалыптасу мен дамуы ұзақ мерзімді қамтиды: тарихи-филологиялық факультеттің құрамында ашылып, университеттің педагогикалық мамандықтарын қамтамасыз етуден бастап, «педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» және білім беру қызметінің «бакалавриат, магистратура, PhD докторантура» үш сатылы жүйесіне өту кезеңіне дейін жұмыс істеп келе жатыр.

«Педагогика және білім беру мене­д­ж­­­­менті кафедрасы»  ұжымы сапалы білім берумен қатар, өзіңді-өзің дамытуға және өз идея­ла­рың­ды іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу ор­­­нында ғы­лыми зерттеу жұмысымен айналысумен  қатар, шығармашылық атмосфера анық байқалады. Оқы­тушылар мен білім алу­шы­лардың қарым-қатынасы барысында өзіңнің бой түзеп, заманауи қоғамға сай өкілі болып қалыптасып жатқаныңды байқайсың. Өйткені біздің кафедра докторанттарға ғана емес, сонымен қатар студенттер мен магис­трант­­тарға да кафедра өмірімен тығыз бай­ла­ныс­ты қам­та­ма­сыз етеді. Мәселен, мем­ле­кет­тік грант ұтыс­тары бойынша жүр­гі­зіліп жат­­­қан жобаларға, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы іс-шара­ларға, халықаралық кон­фе­­­­ренциялар мен байқауларға қатысу мүм­кін­дігі бар.

Қазіргі таңда «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы – заманауи жоғары сұраныстар мен қызығушылық ие, еліміздің тәуелсіздігімен қатар жаңа ғасыр мамандықтарын дайындайды. Бұл мамандықтардың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.

Кафедра жұмыс жасап келе жатқан уақыттан бері білім беру мен қоғамның басқа салаларында жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар бүгінде еліміздің әр түрлі саласы мен  шет елдерде жұмыс жасап жүр. Кафедраның білім беру бағдарламаларының дамуындағы атаулы жетістіктерімен және университеттің академиялық саясатына белсенді қатысуынан бүгінде мынандай түйін жасауға болады: еңбек нарығында сұранысқа ие ғылыми –педагогикалық кадрлар мен жоғары білікті мамандар даярлауда білім беру мен ғылыми және қоғамдық орталық болып табылады.

Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби бабамыз айтқандай, «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған  нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген ұлағатты жадында сақтай алған, адам ғұмырын көк тіреген еңсесі көз арбаған алып тауларға теңейтін болсақ, бар ғұмырларын осы ғылымға арнаған ардақты профессорлық оқытушылық құрамы табысты жұмыс атқаруда.

Сонымен қорытындылай келе, педагогика ғылымына деген қызығушылық аталмыш ғылым саласының елі­­­­мізде жедел қарқынмен дамып, осы уақытқа дейін әртүрлі бағыттағы бірқатар мектептердің қалыптасып үлгеруіне әкелді. Кафедра ұжымы  бүгін де жоғары мектеп алдына қойылып отырған заманауи талаптарға сәйкес жоғары білікті, жаңаша көзқараспен жұмыс жасауға бейім жас кадрлармен толығуда. Қазақстанда педагогика ғылымының мектептері мен бағыттарының қалыптасу үдерісіне үлес қосып, шығармашылық шабыт пен ғылыми жасампаздықтың, белсенділік пен қажымас қайраттың үлгісін көрсетіп жүрген ғалымдарды педагогика ғылымының майталмандары деуімізге болады.

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті,     педагогика ғылымының кандидаты Қ.Ш.Молдасан

PhD докторант Ж.О.Әбікенов

PhD докторант С.Е.Құдайбергенов