Бастауыш сынып
Сулейменова Гулмайдан Толеутаевна, Бастауыш білім беруде негізгі коммуникативті дағдыларды қалыптастырудағы оқытудың тиімді стратегиялары

Бастауыш білім беруде негізгі коммуникативті дағдыларды қалыптастырудағы оқытудың тиімді стратегиялары

Мақала авторы: Сулейменова Гулмайдан Толеутаевна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Пилоттық жобадағы бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2018


«Жан дүниесінде тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы         сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін»

                                             Ж.Аймауытов

Қазақстандық білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі мен жаңа мазмұндағы жүйесінің басты міндеті – қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді қажет жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдайтын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру оқушыны іс-әрекетті атқарушы объектіден нәтижесінде жеке тұлғаның өз ісін өзі басқаруға, орындауға қабілетті субьектіге көшіру арқылы мүмкін болады, демек нәтижелерге негізделген білім беру моделі жүзеге асырылады. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы.

Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады. Оқылым, тыңдалым, жазылым, және айтылым дағдылары коммуникативтік дағдылар болып табылады.  Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар. Сабақты аталған дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, тілді тиімді меңгертуге септігін тигізеді. Коммуникативтік дағдыларды басшылыққа алып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады.

Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады. Қарапайым тілмен айтқанда айтылым дегеніміз- өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану.

Сөйлесу барысында кейбір әрекеттерді жиі қолданамыз және олар мыналар:

Сөздерді дыбыстау, сұрақтарға жауап беру, интонацияны қолдану, бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну, сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру, пікірталасқа қатысу, жест, мимиканы қолдану, оқиғаларды баяндап беру т.б.  Айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс табады.

Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни продуктивті дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы біздер өз ойымызды жеткізе аламыз.

Жазылым түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б. Әр жазылымның өзіне сай ерекшелігі болады: жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері, хабарламалар);  қағаз бетіне орналасу тәртібі; ақпараттарды орналастыру реті.

Жазылымның ішкі дағдыларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі- сауаттылық, ал екінші тобы- идеяны (ойды) жеткізе білуі.

Сауаттылыққа қатысты дағдылар:

  1. Орфографиялық қатесіз жазу;
  2. Әріптерді дұрыс және қосып жаза білу;
  3. Пунктуацияны дұрыс қолдану;
  4. Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу.
  5. Грамматиканы дұрыс қолдану.
  6. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу.

Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:

1.Стильді дұрыс таңдай білу;

  1. Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;

Жазылымды үйретудің бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары продуктивті жазылым және процесті жазылым.

Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни оқушыларды жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады. Толығырақ айтқанда, оқушыларға тақырыпты талқылаудан бастап, жазылымды жоспарлау, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге соңғы нұсқасына дейін орындата отырып, белгілі бір мәтінді құрастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерін кез келген уақытта жаза білуге дағдыландырады.

Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтуда гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет.

Оқылымның ішкі дағдылары:

Мазмұнын түсіну үшін оқу немес көз жүгіртіп оқу –мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.

Тыңдалым оқылым сияқты рецептивті дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.

Тыңдалым түрлері:

Әңгімелесу (диалог), әңгімелер, хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама және т.б

Сөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау-сөйлеушінің көңіл-күйін не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.

Интенсивті тыңдалым-сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. Мұндағы мақсат-оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.

Экстенсивті тыңдалым-үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды тыңдау.

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыруда тиімді әдіс тәсілдер қолдану барысында  оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген түсінік болуы тиіс. Оқытудың тиімді стратегиясы арқылы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай  факторларды ескеру қажет  деген сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен, тәжірибелер мен зерттеулер нәтижесі бізге  білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау керек екендігін көрсетті.

Қазіргі кезде оқытудың тиімді стратегияларына ерекше назар аударуда. Оқытудың тиімді стратегиялары тілдің коммуникативтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді.

Әдіс шынайы жағдайда баланы қадағалау мен оны бар болмысымен қабылдауға негізделген. Баланы өзін өзі тәрбиелеуге, өз бетімен оқуға және өзін өзі дамытуға бағыттау.

Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. [Hattie, 2011]. Сын тұрғысынан ойлау, өз алдына мәселе қойып, әркез соған өз бетімен шешім іздеу, баламалар ұсыну, өз көзқарасын қорғай білу болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау – ол алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталықтандырылған түрі, ол оқушының дамуына, соның ішінде сыни көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына, зерттеуші оқушының дамуына, оның өзіндік «Менін» жүзеге асыруға, оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуға, яғни, бір сөзбен айтқанда, коммуникативті қатынасқа үйрететін тәсіл.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерін ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді.  Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгеріледі. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия  және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді.

Бастауыш сынып пәндерінің аясындағы педагогикалық тәсіл белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға негізделеді.  Бұл тәсіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін оқудың маңызын өздері анықтайды.  Бұл мұғалім селқос қана тыңдап отырған оқушыларға өтіліп жатқан тақырыпты хабарлағанға қарағанда анағұрлым қуатты құрал болып табылады.

Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым- бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан да оқушыларға осы төрт дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі-осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады. Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы-аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады.

Бастауыш білім беруде негізгі коммуникативті дағдыларды қалыптастыруда белсенді оқудың стратегияларының сипаттамасына тоқталатын болсам:

Белсенді оқу — оқушыларға эксперимент жасауға, мағына құрып, түсінік қалыптастыруға, жаңа білім мен бұрынғы меңгерілген білімнің арасында байланыс орнатады, қателік жіберу, барынша терең түсінуге жетелейді.

Бірлескен оқу -құрылымдалған топтық жұмыс. Тұлғааралық және қарым- қатынас дағдыларын жақсартады; оқушылардың арасындағы кедергілерді жояды.

Саралау — Әр оқушының оқудағы жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру:

  • түсінік пен дағдыларының дамуын қамтамасыз етеді;
  • Өз күшіне сенім мен уәжді арттырады;
  • Оқушыларға идеяларды терең түсінуге көмектесе отырып шығармашылыққа ынталандырады;
  • Барлық оқушылар үшін пайдалы;
  • Барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады;

Моделдеу-сарапшы мысал келтіреді және оны көрнекі үдерістердің көмегімен түсіндіреді:

  • Оқушыларға пән мазмұнын зерделей отырып, сарапшы ретінде ойлануға жетелейді;
  • Оқушылардың барынша тәуелсіз болуына жағдай жасай отырып, тапсырманы кезеңдерге бөледі;
  • Үдеріс барысында рефлексия жасауға ынталандырады.

Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану:
Белсенді оқудың қызықты құралдарын ұсынады;

  • Уәждеу құралы бола алады;
  • Зерттеу, қарым -қатынас жасау, бірлесу және жүзеге асыру үшін қолдана алады;
  • Оқушыларға ақпарат іздеуге және өздерінің жеке құралдарын табуға мүмкіндік бере отырып, тапсырманы орындауда өз үлесін сезінуіне мүмкіндік береді;
  • Сыныптан тыс оқуға мүмкіндік береді.

Оқу диалогтері -оқушылардың тапсырмаларды талқылауы

  • Тапсырмаға өз үлесі бар екенін сезіндіреді;
  • Оқушылардың өзара білімі мен дағдылар алмасуына жағдай жасайды;
  • Барынша терең түсінуге ынталандырады;
  • Оқушылардың өздерінің ілгерілеуі туралы рефлексия жасауына және әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;
  • Оқушыларды қызықтырады және уәждейді.

Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

  • Оқудың дұрыс жүріп жатқанын білу мақсатында оқуды тексеру және кері байланыс ұсыну;
  • Уәждік және өзіндік бағасын арттырады;
  • Оқыту үдерісіне бағыт береді;
  • Оқушыларға оқу үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді;
  • Оқушыларға барынша тиімді оқу жолдарын түсінуге көмектеседі.

Пәнаралық байланыс

Оқу пәндері арасында байланыс орнату

  • Білім беру бағдарламасына тереңдік пен тепе -теңдік береді;
  • Терең білім алуға мүмкіндік береді;
  • Көптеген дағдыларды ұсынады;
  • Түсінік пән дағдылардың дамуына көмектесе алады;
  • Оқу үдерісінің маңыздылығының барынша арттыруға көмектеседі;
  • Оқушыға деген уәжді барынша арттыра алады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту  біздің алдымыздағы басты міндетіміз. Қорыта айтқанда, тиімді стратегияларды қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыра отырып белгілі бір жетістікке қол жеткізе аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.