Бастауыш сынып
Суйеуова Кулаш, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

Мақала авторы: Суйеуова Кулаш
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы, №3 орта мектеп
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.11.2016


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту.

Дамыта оқыту

Оқыту процесіндегі қолданыстағы иллюстративтік – түсіндірмелі жүйенің дамыта оқыту жүйесіне көшуіне байланысты оқу-тәрбиелік үрдістер осы жүйеге бейімделуде. Жеке тұлға-оқушыға байланысты дамыта оқытудың жалпы схемасын төмендегіше елестетуге болады

Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру
Әр түрлі деңгейдегі білім, білік дағдыны қалыптастыру
Жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы
Практикалық қызмет
Мазмұндама жазу
Адамгершілік эмоционалдық сферада
Әр түрлі тесттер
Математикалық жаттығуларды орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығарма жазу

 

Көркем әдеби шығармалар оқу
Дүниетанымдық көзқарасының даму деңгейі
Ой қызметінің әдістері

 

 

 

 

 

Міне, осы схемалық мазмұнға сәйкес, жеке тұлғаның жалпы мәдениеті қалыптасады, қоғамдық өмірге бейімделе отырып оның өзіндік адамгершілігі мен мәдениеті, тұлға ретінде дамуы орнығады. Қазіргі таңдағаны білім саласының актуальды проблемаларына

  • Меткеп идеологиясының негізгі іргетасы болып отырған дамыту педагогикасын қалыптастыру.
  • Білім беру, тәрбиелеу, дамытудың біртұтастығына қол жеткізу.
  • Оқытуда оқушының еріктілігіне кең өріс беру.
  • Оқу ісін қөңілді, қуанышты қызметіне айналдыру т.б. жатқызуға болады.

Бұл проблемаларды түбегейлі шешудің бірден-бір жолын ғалымдар ғалым мен практиканы интеграциялау, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін  дамыту арқылы іске асады деп міндеттейді.

Жалпы дамуға біз оқушының ойын, еркін, сезімін, есін т.б психикалық категорияларды дамытуды айтамыз.

Ойын дамыту дегеніміз – білімді меңгеру ғана емес оны практикада қолдану.

Оған логикалық ойлауын, байқампаздығын, еске сақтауын тұрақтарныду, кескіндей білу т.б. жатқызамыз.

Сезімді дамыту – оның рухани байлығын қалыптастыру. Интелектуалдық, эстетикалық, рухани-адамгершілік т.б. тәрбелік деңгейін үнемі көтеру.

Дамыту оқыту жағдайында оқушылардың шығармашылығын дамыту мұғалім қызметінің іргетасы болмақ.. Біз өзіміздің мектеп практикасында оқушы шығармашығын дамыту жолдарына төмендегі бағыттағы жұмыстарды жатқызамыз.

І. Күнделікті сабақ процесінде тірек- сызбасын пайдалану. Тірек сызбасы-кәдімгі сабақтағы плакаттық көрнекілік. Тірек сызбасы арқылыоқушының сабаққа деген қызығушылығын артып, өзіне-өзінің сенімі орнығады.

Тірек сызбасы арқылы оқушының білім сапасы жақсарып, оның іскерлік дағдысы мен біліктілігі қалыптасады. Бастауышта алған білімі реттеліп оқушының мәртебесі қалыптасады.

Тірек сызбасы арқылы оқушылар өзінше қорытынды жасауға төселеді. Тірек сызбасы-қайталау, өткенді еске түсіруге таптырмайтын құрал, себебі бір сызбаға бірнеше сабақтарға қолданылатын ережелер біріктіріледі. Үйде ереже жаттамай келген оқушының өзі сызбаға қарап сабақ айтуға мүмкіндігі болары сөзсіз. Демек, сабаққа дайын есем оқушы болмайды деген сөз.

Тірек сызбасы әр тақырыпты өтер алдында оны көрнекілік ретінде кесте жасап, тақта жанына іліп қояды. Сөз бен іс бірден сақталатын болады.

Мысалы: 1 Я,Ю әріпінің жазылу ережесі  қойан-қоян

Ойу- ою т.б

  1. 4-сынып математика 127-бет 7-есеп

1-28 қап картоп

2-23-/-/-/ 250 кг

1-2 неше килограмм бар?

ІІ. Оқуға жаттықтыру.

Бастауышта оқу сабағында оқуға ерекше мән беремін, себебі жоғары сыныпта да жүргізіп оқи алмайтын, тексті сауатты оқи алмайтын, текстің мазмұнын айтып бере алмайтын оқушылар болмас үшін. Көркем шығарманы меңгерудің сатылары: тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу болса, бұл процестерді  дауыстап сауатты, мәнерлеп, шапшаң оқиды жақсы меңгерген адам ғана жеңіл игереді.

Ғалымдар мектеп бітірген оқушы минутына 150-200 сөз оқуға мүмкіндігі бар бола тұрғанмен сауатты, мәнерлеп, шапшаң оқу техникасын меңгерген оқушының мектеп бітіргенде минутына 650-700 сөзге дейін оқи алатынын дәлелдеп отыр. Демек оқуға жаттықтырудың маңыздылығын біз естен шығармауымыз керек. Оқу техникасын дұрыс үйретуді жолға қоя отырып, оқушы шығармашылығына мүмкіндік жасаймыз.

Ең басты мәселе, бастауыш сыныптарда оқу жұмысын бағалаудың ғылыми негізінде ұйымдастыруға қол жеткізу.

Оқу темпін бағалау кестесі

Баға сынып 5

 

4 3 2
1 жж 2 жж 1 жж 2 жж 1 жж 2 жж 1 жж 2жж
1 – сынып Жыл аяғына дейін 40-45 сөз
2 – сынып 70 80 60 70 50 60 40 50
3 – сынып 100 110 90 100 80 90 70 60
4 – сынып 130 140 120 130 110 120 90 100

 

ІІІ. Оқыту әдістерін оқушы шығармашылығына негізделген түрлерін жиі қолдану.

А) оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау.

 

 

 

 

 

Мақсаты: түрлі стратегиялар арқылы, өзара сұхбаттасу арқылы, ұжымдық формада білім игерту арқылы оқушылардың сыншыл ойын дамыту.

Негізгі ерекшеліктер:

  • Білімді кешенді түрде игерту
  • Оқу мотивацияларын тиімді пайдалану
  • Ұжымдық оқыту формасын қолдану
  • Шығармашылық қабілетті дамыту
  • Оқыта отырып мазмұнмен тәрбиелеу

Негізгі құрал: оқу стратегиялары

Ә) деңгейлік оқыту

Жаңа сабақ типіне өтілген материалды бекіту процесінде жаңа өтілген материалды өткен материалмен біріктіріп деңгейлі тапсырмалар беру және оны қорытындылап отыру.

Мысалы: математика 4-сынып

Жаңа өтілген материалды өткен материалмен біріктіріп деңгейлік тапсырма орындату.

1-деңгейлік тапсырма

8*8-32                                     2) 72:8+41

2-деңгейлік тапсырма

Х+205 1708                              2) х-96   706

3-деңгейлік тапсырма            8    3   5

1т 000кг                                 7     8

кг

Ескерту: 1-деңгейдің әр есебі 2 балл

2-деңгейдің әр есебі 5 балл

3- деңгейдің әр есебі 10 балл

Деңгейлік тапсырманы бағалау:

«3» — 9 балл (І-деңгейдің екі сесбі, ІІ -деңгейдің бір есебі)

«4» — 14 балл (І-ІІ деңгейдің есептерін толық шығару)

«5» — 24 балл (І-ІІ деңгей есептері және ІІІ-деңгейдің бір есебі)

Б) Тестер алу.

Оқушы білімін бақылау мен бағалаудың өмір талабына сай жаңа шкалалары өмірге келіп отырған қазіргі жағдайда оларды  қолдану оқушы шығармашылығына жағдай жасайды.

Жалпы программалық материалдың игерілуі деңгейін сабақ үстінде анықтауда тесттердің ролі ерекше. Пәндер бойынша сегіз түрлі тест арқылы жүзеге асырып жүрмін. Олар:

  1. Толықтыру
  2. Үйлестіру
  3. Аралас
  4. Кәсіптік бағдар беру
  5. Еске түсіру
  6. Баламалы
  7. Таңдамалы
  8. Реттілік

Тестерді тек бақылау және бағалаудан басқа үйретушілік ролі де ерекше.

Тестерді алдыма қойған мақсатыма сай түрлендіріп қолданамын.

Мысалы: ұлттық құндылықтарымызды оқып-үйрену мақсатында қолданған тест үлгілері.

І. Анықтау тестері «Тері ысдыстар»

А. Қауға

В. Мес

С. Саба

Д. Самар

Ә) сусын құю үшін  ысталған теріден жасалған ыдыс.

А. Талыс

В. Торсық

С. Жанторсық

Д. Көнек

  1. Топтау тестері «Қайсысы артық?»

А) Ет тағамдарына жатпайтынын тап.

А. Жаубүйрек

В. Жөргем

С. Ірімшік

Д. Ми палау

Ә) ұлттық киімдер.

Ердің бас киіміне жатпайтынын тап.

А. Бөрік

В. Малақай

С. Шекпен

Д. Тымақ

  1. аналогиялық тест

«Екінші жұпты толықтыру»

А) Кебеже-ағаш,үзік-?

А. Жапқыш

В. Киіз

С. Бау

Д. Түндік

Ә) үйрек-көжек, арқар-?

А. Таутеке

В. Ешкі

С. Мүйіз

Д. Құлжа

Міне оқушылар шығармашылығын дамыту бағытындағы істеріміздің біршамасына тоқталдым.