Бағалау критерийлері

Ағылшын тілі
АДЫЛХАН ГУЛНУР, Бағалау критерийлері

Мақала авторы: АДЫЛХАН ГУЛНУР
Жұмыс орны: КММ Айнабұлақ орта мектебі
Лауазымы: АҒЫЛШЫН ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Порталға жариялану мерзімі: 23.11.2016


 « Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

Оқыту процесінде жаңа технологияларды  қолдана отырып білімін шыңдайды;

Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

Білім  беру  жүйесін  жаңғырту  барысында  біз  үшін  келесі іс-шараларды  жүзеге асырудың   маңызы  зор.Біріншіден  оқыту  үдерісінде    қазіргі  заманғы  әдістемелер мен      технологияларды  қолдану.

Бағдарламаның  басты  мақсаты     -оқушылардың  қалай  оқу    керектігіне  назар  аудара  отырып  олардың  өз  ойларын     және  дәләлдемелерін    нақты  жеткізе  алатын   ойы  жүйрік   ,бірнеше  тілді   меңгерген     бәсекеге   қабілетті   жеке  тұлға   қалыптастыру  болы   табылады. Ондай  «тұлға»   болашаққа   сенімді   ,ынталы, сыни  пікір  көзқарастары    жүйелі  дамыған,  қазіргі  сандық  технологияларды,        өзгермелі   өмірде   өз білімін    қалыптан  тыс   жағдайда    еркін  әрі  терең   пайдалана   білетін    болуы   тиіс.

Оқытудағы «кембридж   тәсілінің»     теориялық   негіздерінде  әр  түрлі  тәсіл  қарастырылғанымен,   орта білім  беру  жүйелеринде     әлемдік     жоғары  деңгейгк  қол  жетлізген     танымал  сындарлы   теориялық    оқыту      тәсіліне  басымдылық    берілген.

Бұл оқытудың   басты мақсаты— бағалаудың  әр  түрін   қолдана  отырып, оқушыларға   бағалаудың   түрлерін  қалыптастыру.оқушылардың  жұмыстарын  өздеріне   бағалатқызу  арқылы,лоардың   сыни     көзқарасын    қалыптастыру.

Міндеттері : Оқушыларды  өздеріне өздерін   бағалату

Критерийлер  арқылы   бағалау.

Формативті   бағалауды  қолдану.

Оқушы  өзінде  бар  білімді     түрлі   дерек  арқылы    ,мұғалімнен,оқулықтан,    достарынан алған  білімді    біріктіре    отырып   іске  асырады.

Дәстүрлі  сабақта   көбіне    механикалық  есте  сақтау  арқылы   алынған.Ары  қарай  терең   ойлау  үрдісі    іске   асырылмайды.Бес балдық жүйеде оқушылардың  бағаларын  салыстырмалы  түрде ғана  алынады.  Тек ал  сындарлы  оқытуда  керісінше,   басты    басымдылық   оқушыға   беріледі.Мұғалім     өз  сабақтарын     оқушы  идеясы,   білім-біліктілігін        дамытуға     етіп   ұйымдастыру   талап  етіледі.  Бұнда  міндеттер   оқушылардың    оқыған   тақырып   бойынша     білімдерін  өз  деңгейінде   көрсетіп,  кей бір  болжау    бойынша     күмәнды  ойын    білдіре  алатын    пікір   көзқарастарын  нақтылап,     жаңа   ұғым  түсінік    өрістетуге       орайластырып    құрылады.Оқыған ,естіген   көрген    т.б    әрекеттен  гәрі   адамның   өзгелерге    тусіндірген    білім    есте   қалады.Алайда   барлық    оқыту     үдерісін      ұйымдастырып,  көсбасшылық     жасайтын  мұғалім   болғандықтан  ,  бағдарлама  ең  алдымен,  мұғалімге  қарай   бағытталады. өйткені   мұғалімдер   ойлау   қабілеттері   жоғары    деңгейде   дамыған    оқушыларды  қалыптастырғысы келсе, онда   өздерінің    де  терең  ойлау    қабілетін   дамытқан    жөн.

Жаңа  оқытудың   «кембридж «  жүйесі    бойынша  тәсіл  біршама  өзгерді.

Сондай –ақ   бағдарламаның  7   модулі   мұғалімдерге  мектеп  тәжірбиесінде  өз  тәжірбиелерін  шындап,  табысты    меңгеруде  өз  ықпалын   тигізіп  отыр.

Әдістемелік  сипаттағы  бұл  модульдерді   атасақ

* оқыту мен оқудағы  жаңа   тәсілдер

* сыни тұрғыдан  ойлау

* бағалау және  оқуды  бағалау

* оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды   пайдалану

*  және дарынды  балаларды  оқыту

* жас ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту    және оқу

* оқытудағы  басқару  және  көшбасшылық.

Бағдарламаға енгізілген жаңа  тәсілдерді   біздің  мектептің    мұғалімдері    үйреніп   пайдалануда.  Жеті     модулдің  бірі   оқыту  үшін бағалау және оқуды  бағалау .оқушының  білім деңгейін   анықтау,оқушы  еңбегін  мадақтау,оқушының   жауапты  ойланып  беруіне  уақыт  бөлу    және  айтар  оймен  санасу.біз  осы кезге  дейін  жиынтық   бағалауды  қолданып   келдік.бұл бағалаудың  «формативті»   түрі  басым  қолданылуда.  Бұл  бағалауда оқушының  барлық  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін    ескере  отырып,  оқушыны   ынталандыру  арқылы  ары   қарай    оқытуда   жетелеу.Яғни  бірден   жиынтық   баға   қоймай,    материалдың     игерілмей,       қамтылмай     қалған   тұстарын     нақты    көрсетіп,     толықтырылып    қайта     оқуға    бағыттау.

Бағалаудың алты  қағидасы  туралы не білемін, не білгім келеді,үйрендім.

Суммативті  бағалау Формативті  бағалау
Уй тапсырмасы,қорытынды  бағалау Үздіксіз жүргізіледі
Оқуды бағалау Оқушы қай деңгейде содан басталады
Мұғалім жұмысының тиімділігі Оқушы өзі үйренеді,өздігінен үйренеді
Кемшілігі  -оқытуды бағалау үшін жүргізеді Оқушы не үйреніп  жатқаны туралы айта алады
Оқушы  мотивациясын  азайтады Оқушы  қалай  үйрену керек екендігін үйренеді
Қателікті түзету үшін ақпарат бермейді Бағалаудың 4 аспектісі бар

-топты  бағалау

-оқушыларға критериилерді жеткізу

-өзара және өзін өзі  бағалау

-Кері  байланыс

Енді өз іс -тәжірбиемен  бөлісетін  болсам  5-ші сыныпта  «How is the weather in…?  »

Сабағында    бағалаудың   критериясын қолданудамын.

Тақырыбы    :          «How  is the  weather  in  …? »  

Сынып  :   5

Мақсаты  :  Ауа райы туралы айта алу.

Бөлім     « We love the  world»

 

Топтық жұмысты бағалау критерийлері   ұйымдастырылуы,мазмұны,топ  мүшелерінің  белсенділігі   және  креативтилігі   ескеремін.

Бағалау критерийлері 1топ 2 топ      3 топ
Ұйымдастырылуы Топтың жұмысы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған Топтың жұмысы орташа деңгейде ұйымдастырылған Топтың жұмысы ұй-ымдастырылуы ымдастырылуы

жеткіліксіз

Мазмұны Тақырып ашылған, мәлімет жан- жақты  берілген Жан-жақты  мәлімет бар,бірақ дұрыс үйлестірілмеген Мәлімет біржақты

ғана берілген

Топ мүшелерінің белсенділігі Топ мүшелері түгел қатысты Топ мүшелерінің жартысы ғана қатысты Топтың бірер

Мүшелері ғана

Белсенді  болды

Креативтілігі Шығармашылығы жоғарғы деңгейде Шығармашылығы орташа дәрежеде Шығармашылығы

жеткіліксіз

  1. Топ ережесін сақталуы
  2. Тапсырманы уақытында орындауы
  3. Топ мүшелерінің белсенді қатысуы
  4. Мазмұндылығы мен тақырыптын ашылуы
  5. Сұраққа жауап беруі

Бағалаудың   ендігі  бір  аспектісі   өзара   және  өзін-өзі  бағалау. Бұған дәлел ретінде   9-сыныпта  «Movies»  тақырыбында  2 –ші топ  мүшесі Намазбаев  Досжан   өзін-өзі  былай  бағалады.

Топтық жұмыста Әрқашан Кейде Ешқашан
Жаңа ой-пікірлер ұсындым  
Басқа топ мүшелерінің көмегін пайдаландым          + 
Берілген уақытты ұтымды пайдаландым +     
Талдау жасап,қорытындылауға қатыстым   +   
Қателерін тауып,түзету енгіздім +     
Топ мүшелеріне көмек көрсеттім  

 

          + 

Өзін-өзі  бағалаудың  ендігі  бір  аспектісі «сабақтан кейінгі   көңіл-күйім…»  баспалдақтың   қай  сатысында  тұрғаны арқылы   білуге   болады.

Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Ендігі  бір аспекті —  кері  байланыс.Бұл сабақта   кері  байланыс   парағын  таратып  беремін.

Кері байланыс  парағы.

Оқушының  аты – жөні

Сабақта не  ұнады ?      Не  ұнамады ? Сабақта  нені   өзгерткің   келеді ?  сенің  қалауың?

Топтық  жұмыста     әр топ   смаликтер  арқылы  яғни  «  өте  жақсы, жақсы, орташа»

Менің  ойымша  оқыту  үшін  және  оқуды  бағалау   модулі   м ұғалім   үшін  де   оқушы  үшін   де  тиімді   деп  ойлаймын.Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын  барлық тұстарды бағалауды талап етеді.

Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады, әрі дәлел ретінде кеңінен қолданылады. Түптеп келгенде, бұл мектептен тыс агенттіктер әзірлеген қандай да бір бағалаудың әдістеріне қарағанда, мұғалімнің оқушылар жұмысын айтарлықтай мұқият бағалау қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл бағалау сенімділігін (бағалаудың сырттай әзірлеген әдістеріне қарағанда, айтарлықтай көп ақпарат ұсынады), бағалаудың дұрыстылығын да (дәлелдеудің жеткілікті  ауқымын ) қамтамасыз етеді.

Ақпарат дұрыстығының сапасы мен  оңтайлы сенімділігі бірігіп, бағалау үрдісіне   кепілдік беріп,  сенімділігін арттырады.

Сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды  мәселелерді жоюға мүмкіндік береді. Сыныпта жиынтық бағалау жүйесін әзірлеуде, бағалау нәтижелерін пайдалану әдістерін ескергені өте маңызды: мақсатты түрде пайдалану немесе фактілерге негізделген бағалау (кейде мақсатсыз) ретінде пайдалану.

Үздіксіз білім беру барысында біздің Айнабұлақ орта мектебінде  бағалау критерийларын қолданудамын.