Астананың 20 жылдығы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Рысбембетова Назым, Астананың 20 жылдығы

Мақала авторы: Рысбембетова Назым
Жұмыс орны: "Нұрбесік" КМҚК балабақшасы
Лауазымы: әдіскер
Порталға жариялану мерзімі: 10.07.2018


Асқақтай  бер, Астана!

«Нұрбесік»балабақшасы КМҚК-нында  «Асқақтай бер,-Астана» тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шараның   мақсаты- балаларға еліміздің бас қаласы — Астана туралы мәлімет беру.  Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.  Ойын арқылы балалардың ой — өрісін, қимылын ұштау.
Іс-шарада  «Құлыншақ» ортаңғы  тобының  тәрбиешісі Самуратова  Гүлжайна  балаларға   Астана  қаласының 20  жылдық  тарихын     слайд  арқылы   таныстырды. Бүлдіршіндер   «Менің Қазақстаным,  «Ел ордам менің Астанам», «Астана» әндерін шырқап мың  бұралған   бишілер  би   билеп , асфальтқа    сурет салып , мәнерлеп  тақпақтарын   айтып ,ойындар ойнап, көрме   ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушы  ата-аналар,  балабақша  ұжымына   алғыстарын жеткізді.

Назымгүл  Рысбембетова

«Нұрбесік» балабақшасы КМҚК-ның  әдіскері.