Әліппемен қоштасу

Тәрбие сағаттары
Мергенбаева Ажар Алдангаровна, Әліппемен қоштасу

Мақала авторы: Мергенбаева Ажар Алдангаровна
Жұмыс орны: Ы.Мұхамеджанов атындағы орта мектеп
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 15.11.2016


Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Мақсаты: 1) оқушылардың алған  білімдерін   «Әліппемен  қоштасу» кешінде бекіту;

2)  өз  ата-аналарына, ұстаздарға  білімдерін, өнерлерін  көрсету;

3)  адамгершілікке , ұқыптылыққа, ертеңгілік  барысында  өздерін  дұрыс ұстай  білуге баулу.

Көрнекілігі:  оқу, білім жайлы ұлағатты  сөздер, шар, әріптер, сандар.

Кіріспе сөз:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар , оқушылар!  Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер 42 әріпті меңгеріп, енді міне сүйікті  Әліппесімен қоштасқалы отыр. Бүгінгі той –сіздер  мен  біздер үшін ортақ салтанатты  мереке дей отырып

дей отырып   «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді қош келдіңіздер.

Бала деген шіркін -ай балдай екен ,

Тәтілігі жал  мен жаядай екен .

Арып – ашып даладан келгеніңде ,

Бал иісін тарттырып алдайды екен!- деп  Кенен Әзірбаев  айтқандай келесі кезекті оқушыларға береміз.

Қыдырәлі, Сәуле /бірге/

Шашу, шашу, шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын  жасайық

 

1-жүргізуші Қыдырәлі —

Қайырлы  күн, уа халайық?

2-жүргізуші Сәуле:–

Армысыздардар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая  қарсы алайық сіздерді,

Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

1-жүргізуші Қыдырәлі —

Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен  мейірім нұр тамар

Алдарыңызда жауқазындай құлындар.

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Хор: «Әліппе» әні

1-жүргізуші  Қыдырәлі :-Достар! Осы мен  әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.

2-жүргізуші Сәуле: -Ой, не болды?  Неге олай дейсің?

1-жүргізуші  Қыдырәлі: Ал  мен  жылағым келіп тұр.

2-жүргізуші  Сәуле: -О,несі ,неге  жылағың келіп тұр?

1-жүргізуші  Қыдырәлі: Айтпаймын  өздерің тауып алыңдар.

Мұғалім:   Дауласпаңдар балалар! Мен сендерден  бұрын біліп тұрмын.Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы  «Әліппемен » қоштасқыларың  келмей   тұрсыңдар.  Солай ма?

1-жүргізуші Қыдырәлі: Дұрыс айтасыз.Әліппемізге рахмет айтсақта , қимай тұрмыз.

2-жүргізуші СәулеБалалар, Әліппені ортаға шақырайық.

Бәрі:    Әліппе,әліппе,әліппе.

Әліппе: Айсұлу 4 сынып

Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата — ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салыңдар!

-Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті, достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға,оқуға үйрендіңдер.Ал,енді бүгін маған өз білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер.

 

Мұғалім:  Әліппе, біздің балалардың  сізге арнап жаттаған тақпақтары бар. Соны сізге айтып берсе қалай болар екен

Әліппе-Айсұлу : Жарайды, айтып берсін

Әліппе-Айсұлу:

Қане, бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтарын бастайық.

 

Қыдырәлі:

Алфавиттің «А» тұрады басында

Әрқашанда «Ә» тұрады асында

Байқадың ба  «Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде? Түсінші

 

Сәуле:

«А»денег ол – аналар ғой салмақты

«Ә» деген ол – әкелер ғой ардақты

«Б» деген ол – балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

 

Ортаға Жалқаубек кіреді.
Жалқаубек:
— Ой мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?
Қыдырәлі: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.
Жалқаубек: Әліппе деген не?
Сәуле:
Іші толған әріпке,
Мынау әйбат әліппе.
Барлық ілім – білімнің,
Әжесі осы — әліппе.
Жалқаубек: Сонда сендер барлық әріптерді де білесіңдер ме?
Хормен: Әрине.
Жалқаубек: Ал мен білмеймін!
Әріптер шығады.

Шерхан: Т Тәуелсіз елде тұрағым,Тәуелсіздік жыр әнім
Ақниет: Ә Әспеттеп салт пен әдетті, Боламыз бала әдепті.
Қанағат: У Уәдеге берік боламыз,Биік –биік үйлер саламыз.
Саят: Е Елім деп мен жар салам,Еліменнен мақтанам.
Ермахан: Л Лайым болсын ел аман, Несібесі мол заман.
Құралай: С Сенімін елдің ақтаймыз, Жақсы істер жасаймыз.
Ерасыл:І Ізгілік нұрын шашатын, Жасасын Қазақстаным!
Зере:З Зейінге бәрін тоқимыз,Сабақты 5 – ке оқимыз.
Айым: Д Даламыздай кең пейілді, Мақтан тұтам елімді.
Сымбат: К Келешекке нық басқан,Біз бақытты балдырған!
Мұғалім: — Қандай сөз шықты балалар? – Тәуелсіздік!
Біздің отанымыз биыл Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? 23 жылдығын тойлады.

Сәуле: Осы қыс ішінде барлық әріптерді үйреніп кел. (Әріптердің барлығын Жалқаубекке береді)
Зере:

Айналдым сені аяулы менің Әліппем,

Құралған қымбат 42 әріптен

Үйреніп,оқып,жаздым мен қолға қалам ап

Қадірледім қасиетіңді танып мен.

 

Ақерке

Бар кітапқа бас болған

Әліппе- ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

 

Саят

Ең алғаш  алғанымда «Әліппені»

Қызығып  қарай  бердім  әріптерді.

Мен  үшін  жұмбақ  болып  қалар ма еді,

Ұстазым  оның  кілтін  алып  берді.

 

Ақниет

Көлге  ойнаған  бұлақтың

Қайнар  көзін  көріп  пе?

Том-том  қалың  кітаптың

Басы  болар  «Әліппең»

 

Шерхан

Әліппем,  менің  Әліппем

Сені  қолға  алып  мен,

Есігін  аштым  мектептің

Ертеңгі  сәуле  жарықпен.

Нұрдария

Ата-анаға еркелеп,
Ортасында өстік біз.
Жақсы оқып, қуантып,
Бестік күнде алдық біз….

 

Қанағат
Болашағын баланың,
Талабынан білесің.
Жақсы оқыса сабағын,
Жақсы көріп жүресің….
Ерасыл

Әліппені бітірдім,
Әріптерді танимын.
Мен атаның баласы,
Мен оқушы баламын….
Ата келші тезірек,
Ана тілін бастадым.
Өзіңе айтар тағы да,
Дайын менің тақпағым…..
Сымбат

Қош  бол , құтты  «Әліппем

Көп  нәрсені  үйреттің

Таныстырып  әріппен,

Тақылдатып  сөйлеттің.

Оқулықпен  достассақ,

Әліппемен  қоштаспақ.

Өсті  білім , бойымыз,

Құтты  болсын  тойымыз.

 

Ермахан

Әліппем,  менің  әліппем,

Өмірді  келем  танып  мен,

Қайталап  айтам  мың  рет,

Өзіңе  көп  рақмет!

Әліппе  деген  алтын  жол

Апарар  сені  алысқа.

Жеңіл  емес ауыр  жол

Тырысып  бақ  намысқа.

 

Құралай

Әліппе-білім анасы,

Әліппе-кітап данасы,

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы

 

Жаңыл

Таныстырған  42  әріппен

Қош  бол  менің , қасиетті  Әліппем.

Сенің  арқаң  оқи  жаза  білгенім,

Сауатты  адам  санатына  енгенім.
Айым
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Әліппе:- Жарайсыңдар,  балалар.

Әліппе:
— Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Жалқаубек: Математика деген не?
Сандар шығады.
Нұрдария:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берер қасыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың болар табылатын қасыңнан.

Шерхан:

Өмірдегі заттарды

Есептейтін бәрін мен.

4 амалды қолданған

Математика пәні мен.

Айым

Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын
Ақерке

Бірден кейін тұрамын

Бірден кейін тұрағым

Бірге бірді қосқанда

Мен шығамын шырағым

 

Қанағат

Екіден соң әрқашан
Үш саны мен тұрамын,
Жаңыл
Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар қояды,
Төрт дегенің баяғы
Төрт түлкінің тұяғы
Сәуле

Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті,
Санашы бір қолыңның саусағын
Оңай табасың бесті.
Қыдырәлі

Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін қоямын.

Бір орнымды ұстаймын

Орныма барамын

Екі айшық саламын

Саят:

Қара мына қызықты,
Көсеуді кім ұмытты
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты.
Құралай

Менің атым сегіз

Жетіден соңғы деңіз

Жазылғанда қос дөңгелек

Мен боламын сегіз

Зере:

Сегізден кейін тоғыз

Алтыны төбесінен тұрғыз

Сонда болам мен тоғыз

Ерасыл

Әліппеде о-ға ұқсаймын

Санда 0-ге ұқсаймын

Жеке тұрсам мәнім жоқ
Басым бірден басталып,
Нольмен бітер аяғым.
Нұрдария:  Ал, мамырға дейін санап үйреніп кел. (Сандардың барлығын Жалқаубекке береді)
Сәуле:

Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат,
Надандықтың белгісі,
Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
(Жалқаубектің тұрысын, киімін жөндейді)
Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім, мен де сендер сияқты ақылды да, тәртіпті болғым келеді. Мен өз атымды Ақылбекке ауыстырып ендігі жылы әліппені меңгеріп келемін.
Оқушылар: Біз саған сенеміз, Жалқаубек.

Қош сау бол! (Жалқаубек кетеді)

Хор: «Мұғалім ол біздің» әні

 

1.Жүргізуші  Қыдырәлі:   Біз  әліппені  бітірген  соң  не  істейміз?

2.Жүргізуші Сәуле:   Соны  мен  де  ойлап  тұрмын

1.Жүргізуші Қыдырәлі: Шынымен де  не оқимыз?

Әліппе: Қиналатын  түгіде  жоқ,  Достарым ,  Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар.

Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар: Балаларға үйреткен.
Хормен. Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ал мен енді кетейін, қош сау болыңдар!
Бірге: Қош сау бол, құтты Әліппе! (Әліппе кетеді)
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Оқушылар хормен: — Қош  келдіңіз , Ана  тілі .

Ана тілі : Армысыздар , балалар!  Неткен  білімділер  десеңізші  әліппеден  үйренген  өнерлеріңізді  ортаға салып  жатырсыздар ма?

Кітап оқу адамға

Әкеледі жақсылық

Ой ұшқындап санада

Оянады жақсы үміт

Ұсынылатын тектілік

Кітап қана қорғаның

Көп оқысаң көп біліп

Нағыз жігіт болғаның.

-Мен қазір сіздерге бірнеше сөздер көрсетемін, соны оқып мені таң қалдырар деймін

Отан –анам,

Отан – досым

Отан – өлкем,

Астанам!

Хор: «Отан» әні

 

Қыздардың орындауында:  «Қазақ биі»

Ән: «Ертегілер елі» Ақниет

Құралай мен Зеренің орындауында «Үнді биі»             

Нұрдарияның орындауында  Ән: «Бала тілегі»

Ұлдардың орындауында: «Моряк биі»

Би: «Қуыршақтар»

Мұғалім:

Әліппемен қош айтысып отырған оқушыларды құттықтап, бестіктерін тарату рәсімен  мектеп директоры  Маржан Мырзалықызына береміз.

Мұғалім:

Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу сүйсінеді ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жарыса,
Мұнда біреу елтіп отыр балалардың жырына.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, — дей келе келесі сөз кезегін ата – аналарға береміз.

Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз
— Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
— Қош сау болыңдар.