ӘЛІППЕ ОҚУЛЫҒЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Хакимова Алия Джумагалиевна, ӘЛІППЕ ОҚУЛЫҒЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Мақала авторы: Хакимова Алия Джумагалиевна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2018


Биылғы оқу жылы  №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі үшін ерекше жыл болып отыр. Себебі, «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығымен пилоттық режимге мектепалды даярлық «А» сыныбына «Алматыкітап» баспасының «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу кіргізілді. Эксперименттік  сыныпқа  20 оқушы қабылданды. Жоғары білімді І санатты тәрбиеші Борог Сункар мектепалды даярлық «А» сыныбын апробациядан өткізуде. Эксперимент жөнінде ата-аналар толық мәлімет алды.

          Эксперименттің негізгі мақсаты – педагогтерге мектепалды балаларына сауат ашу негіздерін меңгертудегі «Әліппе» оқу-әдістемелік кешеннің негізгі идеялары мен күтілетін нәтижеге оңтайлы жетудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Әліппе оқу-әдістемелік кешенінің бір ерекшелігі – 6 жасар балалардың жетекші әрекеті ойын екендігі ескеріліп, сенсорлық және ұсақ моторикасының дамуын қамтамасыз ететін әрекеттермен ұштастырылуы. Оқулықтың суреттері, безендірілуі, іс-әрекеттердің балалардың психологиялық және жас ерекшелігіне қарай құрылуы – басты құндылықтарының бірі. Әліппе оқулығының қалыптасу тарихында А.Байтұрсыновтың талдау-жинақтау әдісін, баланың өмірлік тәжірибесімен байланыстыру, күнделікті өмірде қолдану әдістерінен  бастап және дүниежүзіндегі оқулықтарға талдау жасалынып, ең қолайлы тұстары, әдістемелері негізге алынды.

         Мектепалды сыныбының оқу бөлмесі материалды-техникалық базасымен толық қамтылған. Ақпараттық коммуникациялық техникамен (интерактивті тақта) қамтылған және интернет желісі қосылған. «Алматыкітап» баспасының әліппе оқулығын апробациядан өткізу туралы стенд жасалды және толық оқулықтармен қамтылды. Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг уақытылы жүргізілді. Ата-аналармен жұмыс жоспарға сай бекітілген мерзімде өткізіліп отырылды.

          Тәрбиеші Борог Сункар жоспарланған жоспарға сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар мен ашық есік күнін өткізді. Қыркүйек айында «Менің Әліппем!» атты тақырыпта іс-шара өткізді. Жалпы әліппе оқулығымен таныстырып өтті.  Қазан айында «Күз кереметі» атты ертеңгілікті ата-аналармен бірге тамашалады. Тәрбиеленушілерді күз әлемімен таныстырды. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді балалар сахналай алды. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстырып, табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеуді тәрбиеші мақсат еткен.

         23 қараша күні тәрбиеші Борог Сункар «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа он жеті ата-ана қатысты. Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін сабаққа қолдана білді.  Жеке, топтық жұмыстар жүргізді. Ынтымақтастық жағдайды қалыптастырды. Тиімді педагогикалық технологияларды үнемі қолданып отырды. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескерді және жеке жұмыстар ұйымдастыра білді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамуына жағдай жасады. Оқушылардың оқудағы жетістіктеріне күтілетін жоғары талап қоя білді. Интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізілді. Борог Сункар балалардың пәнге деген қызығушылығын оята алды. Мектеп жасындағы балалардың психологиясы мен физиологиясын біледі және оны өз жұмысында қолдана алды. Ынтымақтастық принциптері негізінде оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім ара қатынасын ұйымдастыра білді. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге және пікірлерін білдіруге жағдай жасады. Сабақта жағымды психологиялық ахуал тудырды және шығармашыл орта қалыптастыру әдістері мен түрлерін қолдана білді. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін өзіндік және өзара бағалатты, бағалау әдістері мен тәсілдерін тиімді қолданды. Оқушылардың деңгейін ескере отырып бақылау-бағалау материалдарын қолданып отырды.

     Сабақ соңында ата-аналар тарапынан ашық сабаққа өз бағалары мен ризашылықтарын білдірді. Жалпы ата-аналар сабаққа қатысқандарына өте қуанышты болды.  

           20 қараша күні ата-аналарға ашық есік күні болды. «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша «Жануарлар мекені қайда? Е е дыбысы мен әрпі» тақырыбында өткен ашық сабақтың негізгі мақсаты-сөз, сөйлем сызбасын оқу, құру, суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы). Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолды жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу болып табылады. Тәрбиеші сабаққа түрлі көрнекі құралдарды пайдаланды. Интербелсенді тақтамен де тәрбиеленушілер жұмыс жасады. Сабақ барысында «Сөйлемді жалғастыр» ойыны өте тиімді болды. Сабақта түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана алды. Атап айтсақ, ертегіні сахналауды, постермен жұмыс жасауды, жұппен және топпен жұмыстар жүргізді меңгергендері көрініп тұрды. Е дыбысын қатыстырып,  сөз, сөйлем құрастырады. Тәрбиеленушілер өте қызыға сабаққа қатысты. Сабаққа толық ата-аналар қатысты. Сабақ соңында ата-аналармен кері байланыс жүргізілді. Ата-аналар өз тілектерін білдіріп, сабақтың жоғары дәрежеде өткенін айтып, кері байланыс берді.

           21 желтоқсан күні «Бала тәрбиесі бесіктен» атты ата-аналармен сайыс өткізді. Сайысқа толық ата-аналар қатысты. Сайыстың негізгі мақсаты-бала тәрбиесінің дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы сондықтан, ата – ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін – өзі тануына бағыт беріп, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата – аналарды өздерінің балаларының жан – дүниесін түсінуге шақыру. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Сайыс сегіз кезеңнен құрылған. Әр кезеңдер бойынша әділ ұпай сандарын әділқазылар алқасы беріп отырды. Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды «Тұлпар» тобы, ІІ орынды «Қыран» тобы, ІІІ орынды «Жалын» тобы иеленді.

          «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу жұмыстары жалғасуда. Борог Сункар өз шеберлігімен «Әліппе» пәніне деген балалардың қызығушылығын оята алды. Сабақ бойы оқушының жауабына түзетулер енгізіп, олардың толық жауап беруіне талап етіп отырады. Оқулықта оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмаларды дұрыс орындап есте сақтауларына көп мән береді. Әліппемен жұмыс барысында, оқулықтағы суреттерге қарап ойлау әрекетін жандандыруда мұғалім белсенді оқыту әдістерін қолданды. Ата-аналар «Әліппе» оқулығына деген жағымды көзқараста екендігін, оқулықтың суреттері, безендірілуі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында құрылғандығын айтты. Әліппені оқу арқылы балалар әріптерді тез меңгеріп, білім деңгейлері көтерілуде,- деп атап өтті.           

        «Әліппе» оқулығы мен оқу-әдістемелік кешенін апробациядан өткізу барысында оқу мақсаттарының, күтілетін нәтижелердің білім, білік және дағдылар деңгейіне сәйкестігі анықталады. Осы бағытта апробация жұмыстары жалғасуда.