Алғашқы ұстаз — Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналған тәрбие сағаты

Тәрбие сағаттары
Мейрманова Маржан Исмагзамовна, Алғашқы ұстаз — Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналған тәрбие сағаты

Мақала авторы: Мейрманова Маржан Исмагзамовна
Жұмыс орны: Чириковка орта мектебі
Лауазымы: қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 15.01.2017


 Тәрбие сағатының мақсаты: 
Бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету; 
Оқушылардың  шеберліктерін, тапқырлықтарын дамыту; 
Ұйымшыл болуға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: ойын сабағы. 
Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта, суреттер, Ы. Алтынсариннің шығармалары.
Тәрбие сағатының барысы: 
Мұғалімнің алғашқы сөзі: 
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 5-7 сыныпта өткізілгелі отырған «Білімпаздар» ойынына қош келдіңіздер! 
Сабағымыздың бірінші бөлімінде Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша айта кетейін.  Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Өз әкесі Алтынсары Ыбырайдың 4 жасар кезінде қайтыс болады, үлкен әкесі Балғожаның тәрбиесінде өседі. 1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жетіжылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балғожа осы ашылмақ мектепке 1846 жылы 5 жасар немересі Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтардан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай Алтынсарин болады. Алтынсаринның мектеп ашу, бала оқыту, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын алдына нысана етіп қойып, белгілі жүйемен жүргізу мәселесі өз алдына, сонымен қатар ол өзінің педагогтік, тәрбиешілдік міндетін бір минут ұмытпай, оны әрбір ісінде жүзеге асыруға тырысады. 
Енді оқушыларымызды топқа бөлеміз. Әр оқушы өзіне ұнаған стикерды алып, соның түстері бойынша екітопқа бөлінеді. Ойынымыз 4кезеңнен тұрады: 
І Жүйріктер? (Сұрақтарға тез жауап беру) 
ІІ Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру) 
ІІІ Суретші (мысалдар бойынша сурет салу) 
ІҮ Сөз өнері (Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты  өлең немесе әңгіме құрастыру) 
Ү Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау) 
І кезең- Кім тапқыр? 
Әр топ басшысы жетон таңдап алады. Қай топқа қызыл түс түссе, сол топ бірінші боп қойылатын сұрақтарға жауап береді. 
Сұрақтары: (әр топқа 7 сұрақтан қойылады) 
1 топқа қойылатын сұрақтар. 
1. Ыбырай Алтынсарин қай жылы туды? 
2. Ыбырай неше жасында болған кезде әкесі қайтыс болады? 
• (4 жасында) 
3. Балқожа би деген кім? ( атасы) 
4. Мектепті қай жылы бітіріп шығады? ( 1857 жылы) 
5. 1864 жылы ашылған мектепке неше бала барады? (14 бала) 
6. Ең алған шыққан кітабын атаңдар. ( қазақ хрестоматиясы) 
7.Ы.Алтынсариннің өлеңдері,әңгімелері неге тәрбиелейді? 
2 топқа қойылатын сұрақтар. 
1.Ыбырай Алтынсарин кім? 
2.Ыбырай қай жерде дүниеге келді? 
3. Ыбырай қай жылы мектепке барады? ( 1850 жылы) 
4. Ол қандай мектеп еді? ( орыс-қазақ мектебі) 
5. Қай жылы мектепке Ыбырай ұстаз болады? ( 1864) 
6. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін атаңдар. 
7.Қандай қалаларда мектеп ашты? (Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз) 
ІI кезең –« Ойлан тап». 
Ойыншылар ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді. 

10 20 30 10 20 30 10 20 30 
Бірінші бағандағы 10 саны – Берілген мақалды аяқта.( Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.) 
Бірінші бағандағы 20 саны – Ы Алтынсаринге мектеп ашуға кімдер көмектесті? (халық) 
Бірінші бағандағы 30 саны – Суреттегі жазушы кім?(Абай Құнанбаев) 
Екінші бағандағы 10 саны – Ы.Алтынсарин кім? 
Екінші бағандағы 20 саны – үзінді оқылады , шығарманың атауын табу. 
Екінші бағандағы 30 саны – мәтін беріледі . зат есімдерді тез оқып шығу

Үшінші бағандағы 10 саны – 10 ұпай сыйға беріледі. 
Үшінші бағандағы 20 саны – Берілген өлең шумағын жалғастыр. 
Үшінші бағандағы 30 саны – Бейне сұрақ. 
III кезең – оқушылар мысалдарды оқып шығып, оқиғ желісі бойынша сурет салулары керек

IҮ кезең – Сөз өнері

2 топ өздері Ы.Алтынсариннің әңгімелері, мысалдары , өміріне арнап өз ой – толғауларын жазады.. 
Ү кезең — Қорытынды: сайланған қазылар алқасы топтардың балдарын есептеп, оұушылар марапатталады.