Ағылшын тілі
Есмурзаев Ерлан, Ағылшын тілі сабағында оқушылардың құзырлылығын дамыту

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың құзырлылығын дамыту

Мақала авторы: Есмурзаев Ерлан
Жұмыс орны: Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі
Лауазымы: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 24.04.2017


Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл — ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым — қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс — педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.

Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технология-ларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдасында «12 жылдық білім берудің басты мақсаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін — өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» — деген.

Осы 12 жылдық оқытуға көшуге байланысты білім беру жүйесінде «құзырет», «құзыреттілік», «құзырлылық» деген жаңадан қолданыс-қа енген сөздердің мәні мен мағынасы біреуге түсінікті, таныс болса, біреуге бейтаныс, таңсық болуы мүмкін.Осыдан келіп педагогикалық терминологияға қосылып отырған «құзырет», «құзыреттілік», «құзыр-лылық» деген жаңа терминдерді шынында да қалайша түсініп, қалайша қолданамыз деген ой туындайды.

Латын тіліндегі «competens» сөзін ғалым К.С.Құдайбергенова: «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлғаның  мінез — құлқын, ең бастысы тұлғаның мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық — нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алуы қажет», — деп жазса, психология ғылымының кандидаты Б.К.Жұмағалиева «Құзыреттілікті тұлға бойындағы белгілі бір пән бойынша алған нәтижелі білімнің білім, білік, дағдыларынан көрінуі, ал құзырлылық осы құзыреттілікті тұлғаның пән бойынша алған білімін өз қажеттігіне сәйкес қолдана, пайдалана білуі» — деп көрсетеді.

Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығының сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.

Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған.

Әрбір білім алушының мынадай түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған:

  1. Құндылықты – бағдарлы құзыреттілік;
  2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік;
  3. Когнитивтік (проблемалардың шешімін табу) құзыреттілік;
  4. Коммуникативтік құзыреттілік;
  5. Ақпараттық – технологиялық құзыреттілік;
  6. Әлеуметтік өзара қарым – қатынас құзыреттілігі;
  7. Тұлғалық өзін — өзі дамыту құзыреттілігі.

Осы жоғарыда аталған құзыреттіліктердің ішінде ағылшын тілін үйретуде кеңінен қолданылатын түрлеріне жеке – жеке тоқталып өткен-ді жөн көріп отырмын. Олар:

— Когнитивтік (проблемалардың шешімін табу) құзыреттілік;

— Ақпараттық құзыреттілік;

— Коммуникативтік құзыреттілік.

Когнитивтік (проблемалардың шешімін табу) құзыреттілігі:

— түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабыл-дауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

— өз іс — әрекетіне мақсат қоя білуге, оны іске асыруға қажетті жағдай-ларды анықтауға, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдас-тыруға яғни, атқарылатын міндетке сай технологияларды әзірлеуге;

— өзін — өзі бағалауға және өзінің іс — әрекеті мен оның нәтижелеріне баға беруге;

— түрлі жағдайларда өзі үшін қызмет және мінез — құлық нормаларын таңдауына;

— қойылған міндетке сәйкес технологияларды таңдауына мүмкіндік береді.

Оқушыларға ағылшын тілін үйрету барысында проблемалық тапсыр-малар жиі пайдаланылады. Оларға: етістіктердің шақтарын табу, тест, бақылау жұмысы, өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес сұрақтар жиын-тығы жатады. Оқушы бойына проблемалық құзыреттілікті тіл материалдарының бағыттары арқылы (фонетика, лексика, грамматика) яғни, фонетикалық және грамматикалық бағыттағы жұмыстар арқылы қалыптастыруға болады.

Фонетикалық бағыт – ағылшын тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Бұл кезеңде ұйымдастыры-латын жұмыстар оқушының шығармашылық қабілетін ашуға бағытталып, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын игертуді көздейді. Атап айтқанда, олар: дыбыстық, буындық, сөздік талдауға арналған жаттығу жұмыстарының түрлерін, логикалық ойындар, сурет салу, әріптермен жұмыс және т.б. жүргізеді. Ағылшын тілі сабағын өту барысында барлық сыныптарда міндетті түрде фонетикалық бағытта жұмыстар жасалады.

Ағылшын тіліндегі ең басты қиындық, әріп пен дыбыстарды меңгертуді үйрету — проблемалық құзыреттілікті қалыптастырудың алғашқы баспалдағы болмақ.

Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру. Қойылған сұрақтарға бір сөзбен немесе бір ғана сөйлеммен жауап бермеуі керек. Керісінше, оқушы ойын жинақтап, бірнеше сөйлемдер арқылы күрделі, мағыналы пікірін білдіргені дұрыс. Мәтін сөйлемнен құралады десек, сөйлем белгілі бір ойды білдіреді.Сөйлемдерден ой жүйесі құралады. Жүйелі ойдан мәтін құралады. Мәтін мазмұны әңгімені білдіреді.Бұл бағытқа грамматикалық ережені сақтай отырып жұмыс жасау міндеті жатады.

Ақпараттық – технологиялық құзыреттілік:

— сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

— өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

— ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

— логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;

— өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологиялар мен баспасөздерді пайдалану арқылы оқушы бойында ақпараттық құзыреттілік  қалыптасады. Оқушыларға өтілетін тақырып бойынша жаңа мәліметтер бере отырып, бейне — роликтер көрсете аламыз. Ақпараттық құзыреттілікті жалпы білім беретін мектептің үш сатысында ағылшын тілі сабақтарында қолдана аламыз. Өтілетін тақырыптың мазмұнына қарай пайдаланылатын ақпараттар әртүрлі болып таңдалады.Мысалы: өзімнің «Speaking about Kazakhstan» тақырыбындағы сабағымда Қазақстандағы жеті кереметті көрсетумен қатар, елордамыз Астана жайлы бейне көрініс көрсете алдым.  Бұл жаңа мәліметтер оқулықта кездеспейтіндіктен оқушының ақпараттық құзырлылығын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

Сонымен қатар 6 сыныпта «Describing places»  тақырыбына өткен сабағымда пайдаланған жаңаша ақпараттарды айта аламын. Бұл ақпараттар бейне көрсетілім арқылы беріледі. Онда ауа — райына, дүкендердің түрлеріне, тағам түрлеріне ағылшын тілінде сипаттама беріледі.

Коммуникативтік құзыреттілік:

— нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

— коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;

— әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;

— нәтижелі өзара іс — әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;

— жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас (коммуникация) құруға мүмкіндік береді. Мұнда да оқушы бойына коммуникативтік құзыреттілікті тіл материалдарының бағыттары арқылы яғни,  лексикалық  бағыттағы жұмыстар арқылы қалып-тастыруға болады.

Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тез игеру. Жаңа сөздерді үйрене отырып, сөздік қорларын байытып, сөйлем құрастыра отырып өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды. Меңгерген сөздерді өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тұжырымдайды.

Осы құзыреттіліктер 5 — 11сынып оқушыларының арасында, әрине жас ерекшеліктерін ескере отырып және жеңіл-ден ауырға принципі бойынша жүзеге асырылады. Ағылшын тілін меңгеріп, емін — еркін сөйлеуде оқушылар бойында коммуни-кативтік құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы зор. Яғни, оқушыларға сөздікпен жұмыс жасаумен қатар әңгіме, диалог құрату маңызды роль атқарады.

Тұжырымдамада көрсетілгендей, құзыреттіліктің өзі бірінен — бірі тәуелсіз бірнеше бөліктерден тұрады. Оларды талдай отырып жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады:

— өзінің даралығын сезініп, өзін — өзі дамыта білуі;

— өзінің қызметін бағалай білуі;

— түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;

— өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі;

— өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;

— өз бетінше алған ақпаратты талдай, таңдай білуі;

— түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.

Коммуникативтік құзыреттілік сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайларды жасайды. Коммуникативтік әдісті қолдану негізінде қарым — қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.

оммуникативтік құзыреттілік – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым — қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категория-ларға тән белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым — қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.

Коммуникативтік оқыту тілдік әрекеттің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.

Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну.

Коммуникативтік құзыреттілік: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас пен жазбаша өзара қатынас біркелкі және бір уақытта дамиды. Бұдан коммуникативтік оқыту сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым — қатынас жасаушылардың бір — бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.

Мектептерде ағылшын тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалып-тастырып, шет тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Оқушылардың құзырлылығын дамыту мақсатында жоғарғы сыныптар-дағы тәжірибемізде коммуникативтік құзыреттілікті қолданамыз. Сабақ түрлерін қолдана отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана біліміміз тиянақты болады. Сабаққа дайындалған уақытта сабақ түрле-рін анықтап, іріктеп аламыз. Олар: топтық, ұжымдық, жеке, т.б. Содан соң қандай нәтиже беретінін әр түрлі іс — шаралардан көруге болады.

Төменде құзыреттіліктің түрлерін қолдана отырып өткізген сабақ-тарым мен пайдаланған слайдтарды ұсынып отырмын.

 

The degrees of comparison

(Conclusive lesson)

Aims of the lesson:

  1. practical: to read and learn new texts, new words, to consolidate The degrees of comparison, to enable students to exploit the material during doing the exercises.
  2. developing: to develop students’ logical thinking, imagination, reading, speaking, listening and writing skills.
  3. educative: to build students’ humanity, to encourage being industrious, love the mother tongue and respect foreign languages.

Type of the lesson: mixed.

Visual aids: a projector, a blackboard, chalk, slides, a textbook, cards, handouts.

Methods: question – answer, games, grouping.

Procedure of the lesson.

  1. Organization moment.
  2. Warm up. Brainstorm.

Students, imagine that you are going to a desert island for a month. Each group can take only 5 things apart from basic food and clothing. (3 min)

Aim of this game is to create an English — speaking atmosphere.

  • Introduction of a new material.

Aims: to read new words, to practice the degrees of comparison,to do exercises.

New words:

Difficult     [difikәlt]                       Successful  [s/ksesful]

Interesting  [interestin]                   Funny         [f/ni]

Important   [impo:tәnt]

The degrees of comparison

Comparative and Superlative form of adjective

Жай шырай

 

Positive

Салыстырмалы шырай

Comparative

Күшейтпелі шырай

 

Superlative

Nice

Hot

Long

Nicer

Hotter

Longer

The nicest

The hottest

The longest

Easy

Dirty

Easier

Dirtier

The easiest

The dirtiest

Interesting

Beautiful

More interesting

More beautiful

The most interesting

The most beautiful

Ережеге бағынбайтын сын есімдер
Good

Bad

Far

Little

Many/much

Better

Worse

Farther

Less

More

The best

The worst

The farthest

The least

The most

 

Doing exercises:

  1. Translate the given sentences into English.
  2. Менің ағам маған қарағанда ұзынырақ.
  3. Арман біздің сыныптағы ең жақсы оқушы.
  4. Мына кітап анау кітапқа қарағанда қызығырақ.
  5. Ніл — әлемдегі ең ұзын өзен.
  6. Атам біздің жанұямыздағы ең жасы үлкен адам.
  7. Жанар біздің сыныптағы ең сұлу қыз.
  8. Тайқоңыр – аудан орталығынан ең ұзақ ауыл.
  9. Put the necessary degrees of comparison.
  10. The lion is _______________________ (strong) animal.
  11. Car race is _______________________ (dangerous) sport.
  12. Giraffe is ________________________ (tall) animal in the world.
  13. Elephant is _______________________ (heavy) animal.
  14. The Thames is ____________________ (long) river in Great Britain.
  15. Please, tell me something ___________________ (interesting) than this old joke.
  16. Your English is much ___________ (good) now. You’ve made ____________ (little) mistakes this time.
  17. Find the mistakes and correct them.
  18. London is more bigger than Birmingham. ____________________________________
  19. Indian food is the nicer than Chinese, I think.____________________________________
  20. This is the most quickest way to the hotel. ____________________________________
  21. You’re taller than he is. ____________________________________
  22. I’ve got the less powerful computer in the world. _______________________________
  23. The piano is the heaviest than the sofa. ____________________________________
  24. The telephone is one the most usefuller inventions. _______________________________
  25. Make up sentences using Comparative and Superlative forms of adjective. Example:

My grandfather is older than my grandmother.

Asan is the tallest in our class.

  1. “Where is the adjective?” Find adjectives in the chart and give their comparative and superlative forms
D A N G E R O U S M
I X E W V R L J T A
F Z W U B A D X R N
F A S T Z W H Q O Y
I J L I T T L E N I
C H E A P Q B I G J
U B E A U T I F U L
L O N G X G O O D X
T A L L J S Z F A R

 

  1. Concluding stage.
  2. to conclude the lesson
  3. commentary on marks
  4. to give home task
  5. to say good bye

 

Сабақтың тақырыбы:            Holiday postcards.

Сабақтың мақсаты:             Саяхаттау және еліміздің көрікті орындары

бойынша оқушылардың білімін бекіту .

Оқушыларды бос уақытын тиімді

пайдалануға үйрету.

Ойлау қабілеттерін дамыту, Отансүйгіш-

тікке баулу,туған құрметтеуге үйрету

Сабақ әдісі:                            Сұрақ — жауап

Сабақ түрі:                            Саяхат сабағы

Көрнекілігі:                           тақырыптық суреттер, слайдтар, интернет

материалдары

Пән аралық байланыс:       Қазақ тілі, орыс тілі, география

New words

Trekking – to go on a long and difficult journey on foot. Some people go on holiday to do this:

She’s going trekking in New Zealand.

Ascend – to climb a mountain, stairs etc:

They began slowly ascending the rock face.

Descend – to go down a mountain or slope, or to go downstairs:

I descended into the valley.       He slowly descended the stairs.

Summit – the top of a mountain:

They camped about 1000 feet from the summit.

Routes – the roads or paths that you use when you go from one place to another:

It’s a good idea to plan your route before you leave.

  1. Read the text and translate into Kazakh

My friend Ann likes to talk about health and diets. She thinks that diet and exercise are both important for good health. As she isn’t good at sports, she prefers to keep to a diet. She has been on different diets since last year. First she tried the Japanese diet of rice, fish and vegetables, then she decided to eat no fried fish, meat or eggs. But still Ann falls ill very easily and she  permanently  has colds. So diets don’t always help, do they?

  1. Answer the given questions
  2. Why do you think Lucy is not healthy?
  3. What diets did she try to keep to?
  4. Can keeping to a diet help a person to be healthy?
  5. What should you do to be healthy?
  6. Talking about health and sports doesn’t always help to be healthy, does it?
  • Jennifer has been ill for 3 days and she doesn’t go to school. Her friend Pat phones her. Complete the dialogue

P: Hi, Jennifer. __________________________?

J: I’m much better thank you. ________had ____________yesterday.

P: _____________________________________

J: Yes, he came last Monday and examined me.

P: _________What ______________________?

J: He said it was flu.

P: __________examine___________________?

J: Yes, he felt my pulse and took my temperature.

P: _____________it________________________?

J: No, it wasn’t very high.

P: _______________medecines_____________________________?

J: Yes, he prescribed a lot of medecines for my sore throat and promised I would recover soon.

  1. Group the words into two categories. Think of the general

Headache, ear, eye, toothache, leg, mouth, earache, hair, arm, finger, backache, throat, insomnia, lip, a sore throat, hand, head

A B

 

  1. Write when people do the following
  2. Go to the dentist
  3. Drink warm milk with honey
  4. Call a doctor
  5. Go to bed early and rest
  6. Take some aspirin
  7. Don’t drink coffee or tea

Example: People take medicines when they are ill.

  1. Word square. Find 14 medical words in the word square
M E D I C I N E N E T B U R N
A Q X A Y U R F P V W A P C O
N Y V H O S P I T A L S O Q P
U R U V H E A D A C H E K I A
R H E A L T H O P F U G B S T
S W O U N D B C A D I L L P I
E O R D I E T T H U R T K D E
R E C O V E R O T A B L E T N
W A S A S P I R I N P A I N T

 

  • Write the names of:
  1. Four parts of the body which you can move
  2. Five things which you can eat to be healthy
  3. Four English verbs which an irregular past tense
  4. The jobs of three people who work in a hospital
  5. Three things you can take when you are ill