Адамның шығу тегі

Биология
Елубаева Жанар Әсетқызы, Адамның шығу тегі

Мақала авторы: Елубаева Жанар Әсетқызы
Жұмыс орны: М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
Лауазымы: оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 08.06.2018


Сабақтың технологиялық картасы №32

Пән: Биология 

Күні:

Топ:

Бөлім: 15 бөлім. Адамның шығу тегі

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Адамның шығу тегі туралы алғашқы көзқарастар. Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар.
Сабақ мақсаттары Адамның шығу тегі туралы алғашқы және қазіргі кездегі көзқарастарға, адам эволюциясының негізгі кезеңдеріне жалпы сипаттама беру;

Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру;

Жан — жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру, бір – бірімен ұйымшылдықты және сыйласымдықты ояту.

 

Сабақтың типі Аралас сабақ
Сабақтың түрі Зерттеушілік — ізденушілік
Бағалау критерийлері Тарихи дамуда адамның арғы тегінің мінез — құлығы мен құрылысындағы күрделілену үдерісін біледі;

Адамның дамуындағы негізгі кезеңдерді меңгереді;

Адамның адамтектес маймылдардың бір-бірінен айырмашылын ажырата алады;

 

Тілдік мақсаттар

 

Антропология, антропогенез, саналы адам, рудимент, атавизм, хордалылар, омыртқалылар, сүтқоректілер, ұрықжолдастылар, маймылдар, адамтектес маймылдар, архантроптар, питекантроп, синантроптар, Гейдельберг адамы, палеонтроптар, неандерталь адамы, неоантроптар, кроманьон адамы, адам популяциясы.

 

Құндылықтарды дарыту Қиянат жасамау: қамқорлық, жауапкершілік, тәртіп
Пәнаралық байланыстар Тарих, адамның алғашқы дамуы
АКТ қолдану дағдылары  «Адамның шығу тегі» презентациясы. BilimLand білім порталы
Бастапқы білім

 

Жерде органикалық дүниенің пайда болуы
Сабақтың технологиясы мен әдістері: АКТ, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, интерактивті әдістер: түсіндіре-баяндау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, «мен саған, сен маған», терминдер кабинеті

 

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

 

 

1.Амандасу.

Кезекші мәліметімен танысу, журналға белгі соғу.

 

2.Білім алушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін тренинг өткіземін.
«Мен сізге ризамын» тренингі

Мақсаты: оқушыларды бір — бірімен қарым — қатынасын жақсартуға, бір — бірін сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге үйрету. Оқушылар шеңбер бойына бой түзеп, бір — бірінің қолынан ұстап тұрып, «Мен сізге ризамын, себебі…» деп өз ойлары мен тілектерін айтулары керек. Осылай барлық оқушы бір — бірінің барлық жақсы қасиеттерін атап өтуі керек.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

70 минут

3. Топқа бөлу

Тақтадан 4 сурет көрсетіледі және сол суреттерден пазлдар  таратылады. Білім алушылар осы пазлдарды қолданып тақтадағы суретті құрастырады. Сол бойынша топқа бөлінеді.

 

4.Үй жұмысын тексеру

Тест жұмысы

 

5. Жаңа тақырып

(дәріс материалдары ұсынылады)

Жоспар:

1.Адамның шығу тегі туралы көзқарастар;

2.Саналы адам түрінің жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны;

3.Адамның адамтектес маймылдармен ұқсастықтары және айырмашылықтары;

4. Адам эволюциясының кезеңдері.

 

6. Миға шабуыл:

-Адамның шығу тегі туралы не білесіңдер?

-Қалай ойлайсыңдар адам қалай пайда болды?

-Адамның шығу тегі туралы қандай көзқарастарды білесіңдер?

7.М.Мақатаев  «Адам қайдан жаралған»  өлеңі

Адам қайдан жаралған Маймылдан ба, пілден бе

Осынау бір сұрақты Әр нәрсеге үңілдік

Топшылаймыз сан алуан Ұқсап бақтық әркімге

Жауабы жоқ тұрақты. Ақыры кеп жүгіндік,

Ұғынамыз ғылымнан Ғұлама шал Дарвинге …

Топшылаймыз діндерден. Мен адамнан жаралдым,

Адам қайдан туылған. Ниетім жоқ айнуға

Тәйірі, оны кім көрген! Баласымын адамның

Судан ба әлде оттан ба, Ұқсағым жоқ маймылға

Жерден бе әлде күннен бе Кісі емеспін Адаммын!

Бардан ба әлде жоқтан ба?

8. Шығармашылық тапсырма:

Топ бойынша постер қорғау және кері байланыс орнату;

1 топ – Адамның шығу тегі туралы көзқарастар және саналы адам түрінің жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны, адам мен жануарларда болатын ұқсастықтар;

2 топ – Адамның адамтектес маймылдармен ұқсастықтары мен айырмашылықтары;

3 топ – Ежелгі адамдар және ертедегі адамдар;

4 топ – Қазіргі адамдар және адамның популяциялық құрылымы;

 

Постер қорғау критерийлері:

-топтық жұмысқа барлығы белсене қатысуы керек;

— топтар бір-бірін тыңдауы керек;

-берілген тақырыптар толықтай ашылуы қажет;

-постердің безендірілуі ұқыпты, таза, қатесіз болуы керек;

-әділ бағалануы керек.

 

9.Bilimland.kz білім порталынан бейнематериалдар көру және жаттығулар орындау

 

 

Интерактивті тақта, суреттер, пазлдар

 

 

 

Тест материалдары

 

 

Р.Сәтімбеков, Ж.Шілдебаев, Биология: 11-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2015. -5-29 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А4 қағаздары, маркерлер, интербелсенді тақта, презентация жұмысы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта,

проектор, интернет желісі

Сабақтың соңы

15 минут

10. Бекіту

Bilimland.kz тест жұмысы

 

11. Қорытындылау.

—  Бүгінгі тақырып бойынша түсінбеген жерлері болса сұрау;

— Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау;

 

12.Үйге тапсырма беру:

1.Тақырыпты оқу

2.Адам эволюциясының негізгі кезеңдерін жүйелі түрде зерделеп, кесте жасап толтыру;

3.Тақырып бойынша терминдердің ағылшын тіліндегі аудармасын жазу

13. Рефлексия. 

Менің бүгінгі білгенім:

Маған қызықты болғаны:

Мені таң қалдырғаны:

Мен мынаны сезіндім:

 

Интербелсенді тақта, интернет желісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

·      Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Қосымша көмекті әр топтың жанына барып мәтінмен қалай жұмыс істеу керек,  ақпаратты стратегияның шартына сай қалай өңдеуге болады, қандай идея айтатындықтарын тыңдап, ой қосу арқылы  беремін.

·      Дарынды студенттерден идея қосуларын, қазіргі жаңа мағлұматтарды іздесіруді сұраймын.

 

  Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Информатика.

Электронды презентация

лар құрастыру, электронды ресурстарды қолдану.

Интерактивті тақтаны 20-25 минуттан артық қолдануға болмайды. Көзге, денсаулыққа зияндығын ескеремін