Абайтану курсына арналған тест жинағы

Тест жинағы
Тамбай Жайнагүл, Абайтану курсына арналған тест жинағы

Мақала авторы: Тамбай Жайнагүл
Жұмыс орны: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Жақсы ауданы
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 18.03.2017


Абайдың «Ескендір» поэмасына қатысты тест сұрақтары

 

  1. Поэмадағы оқиғалар қай елде болады ?

А.  Сауд Арабия

Ә. Египет

Б. Македония

 

  1. Ескендірдің әкесі кім ?

А. Теодор

Ә. Филип

Б. Августин

 

  1. Ескендірге берілген мінездеме :

А. Әділ, мейірімді, жанашыр

Ә. Қорқақ, зұлым, парасатты

Б. Мақтансүйгіш, қызғаншақ

 

  1. Ескендірдің алға қойған мұраты, арманы :

А. Үлкен қорған салу

Ә. Жер жүзін жаулау

Б. Халқын бай-дәулетті ету

 

  1. Адамдар Ескендірден неге қорыққан ?

А. Қанішер қаһарлығынан

Ә. Тым жас болғандықтан

Б. Айлакерлігінен

 

  1. Ескендір неше жасында патша болды ?

А.  20           Ә.   21               Б. 23

 

  1. Ескендір әскерімен қандай қиындыққа жолығады ?

А. Батпаққа батып кетеді

Ә. Елсіз щөлге тап болады

Б. Жау қоршауына алынады

 

  1. Ескендірдің көзіне жалтырап түскен сәуле не ?

А.  Мөлдір бұлақ

Ә. Аспандағы күн сәулесі

Б. Белгісіз сәуле

 

  1. Бұлақ суының дәмі қандай ?

А. Өзгеше, тәтті          Ә. Ащы, қышқыл            Б. Тұщы, тұзсыз

 

  1. Ескендір судын дәмін тексеру үшін суға нені салады ?

А. Балықты               Ә. Қолын                    Б.  Ыдысты

 

  1. Ескендір бұлақты басып алу үшін қайда келеді ?

А.  Тосқауылға          Ә. Бөтен елге                Б. Алтын қорғанға

 

  1. Қақпаның ар жағынан қандай дауыс естіледі ?

А. «Бұл – өте құнды жәдігер, саған рұқсат жоқ»

Ә. «Саған қақпаны ашып беремін, тек бір шартым бар»

Б. «Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,бұл — құдайға бастайтын қақпа»

 

 

  1. Қақпадан Ескендір қандай сый алады ?

А. Көп қап алтын    Ә.  Ағаш сандық         Б. Бір қу сүйек

 

  1. Ескендірдің ақылшысы:

А.  Платон                Ә.  Аристотель           Б .  Әль-Фараби.

 

 

  1. Ескендірге сүйектің қасиетін көрсету үшін не алдырады ?

А.  Таразы            Ә. Ақылшы уәзірлер      Б. Сандық

 

  1. Сүйекті немен теңестіреді ?

А. Ауыр заттармен             Ә. Темірмен         Б. Алтын-күміспен

 

 

  1. Сүйектің ауырлығын басқан не ?

А. Алтын          Ә. Топырақ            Б. Адам салмағы

 

  1. Қақпа иесінің Ескендірге сүйекті берудегі мәнісі не ?

А. Досының жанында төмендігін көрсеткісі келді

Ә. Ақылын тексеріп көргісі келді

Б. Дүниеге тойымсыздығын көрсеткісі келді

 

 

  1. Аристотельдің сүйекті берудегі жұмбағының шешуі қандай сөз болды?

А. «Бұл – сенің ең дұрыс шешімің»

Ә.»Бұл – адам көз сүйегі»

Б.»Бұл – сенің өміріңнің бақытты шағы»

 

 

  1. Поэманың соңында Ескендір не істейді?

А. Ақылға келмей, қақпаны құлатады

Ә. Ақылға келіп, әскерін алып кері қайтады

Б. Өз –өзіне қол жұмсайды

 

Абайдың қара сөздеріне тест сұрақтары

  1. Ызалы күлкі, бояма күлкі туралы Абай қай қара сөзінде айтады ?

А.  9                  Ә. 32            Б. 4

 

  1. Абай «бірінші қара сөзінде» нені ермек қылайын деп шешеді ?

А. Ғылым мен софылық

Ә. Ел  мен бала қамы

Б. Ақ қағаз бен қара сия

 

  1. Екінші қара сөзінде Абай қандай ұлттарды салыстырады ?

А. Сарт, тәжік, қазақ, қырғыз

Ә. Сарт, орыс, ноғай, қазақ

Б. Сарт, орыс, ноғай, түрік

   

  1. Абай қай  қара сөзінде  мақал-мәтелдерді сынға алады ?

А. 15,1               Ә.  29,6              Б.   37,16

 

  1. 39-қара сөзінде Абай бұрынғы ата-бабалардың бұл замандағылардан неше мінезін артық қояды ?

А.  4        ә. 3           б. 2

 

  1. «Мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп қай қарасөзінде айтады ?

А. 11           ә. 29          б. 33

 

  1. Абай 32-қарасөзінде ғылымды, ақылды сақтайтын «сауытты « не деп айтады ?

А. Хақиқат       Ә. Мұхафаза           Б. Мінез

 

  1. «Естіген нәрсені ұпытпастыққа төрт түрлі себеп бар »(31-қарасөз), олар қандай ?

А. Көкірегі байлаулы берік болмақ, достарымен сырласып бөлісу керек, түсінбесең де жаттанды түрде есте сақтау, ой кеселі нәрселерден қашық болу керек

Ә. Көкірегі байлаулы берік болмақ, достарымен сырласып бөлісу керек, бірнеше уақыт қайтарып, көңілге бекіту керек, ой кеселі нәрселерден қашық болу керек

Б. Көкірегі байлаулы берік болмақ, сол нәрсені көргенде ғибратлану керек, бірнеше уақыт қайтарып, көңілге бекіту керек, ой кеселі нәрселерден қашық болу керек

 

  1. Абайдың 17-қарасөзінде өзара айтысатын кімдер ?

А. Қайрат, ақыл, жүрек, ғылым

Ә. Қайрат ,сенім, талап, достық

Б. Қайрат, махаббат, ақыл, ғылым

 

  1. Жетінші қара сөзінде Абай жас бала анадан неше түрлі мінезбен туады дейді ?

А. 3               ә. 4           б. 2

 

  1. Абай 9-қарасөзінде не айтады ?

А. Білім-ғылымның пайдасы туралы

Ә. Өз халқын жамандыққа қимайтыны туралы

Б. Құдайға бастайтын тура жолды хақиқат екені туралы

 

  1. Тегінде адам баласы, адам баласынан қандай қасиеттерімен озады дейді?(18-қарасөз)

А. Ақыл, сана, адалдық

Ә. Парасаттылық, әділдік, ұят

Б. Ақыл, ғылым, ар, мінез

 

  1. «Балаң бала болсын десең — …..» (25-қарасөз)тиісті сөзді қой:

А. Оқыт, мал аяма!

Ә. Үйрет, өзің көрсет!

Б. Ел ісіне бер!

 

  1. Сократ хакім мен шәкірті диалог құратын Абайдың қай қарасөзінде ?

А. 14                Ә. 42           Б. 27

 

  1. «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғының бір себебі» не ?

А. Ақылсыздығы мен білімсіздігі

Ә. Жұмысының жоқтығы

Б. Ешнәрсеге көңіл бөлмейтіндігі

 

Абайдың өлеңдеріне қатысты тест сұрақтары

 

  1. Абайда жылдың неше мезгіліне арналған өлеңдері бар ?

А. Тек жаз бен күзді суреттеген

Ә. Барлық 4 жыл мезгілін суреттеген

Б. Тек қыс мезгіліне арналған өлеңі бар

 

  1. Бес асыл іс пен бес дұшпан туралы қай өлеңінде айтылған?

А. «Интернетта оқып жүр»

Ә. « Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Б. « Ғылым таппай мақтанба»

  1. «Жайнаған туың жығылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай,

Жасаулы жаудан бұрылмай,

Жау жүрек жомарт құбылмай…» өлеңінде қандай көркемдік құрал қолданылған ?

А. Аллитерация

Ә. Ассонанс

Б. Аллегория

 

4.Әннің маңызы туралы айтылатын Абайдың өлеңі?

А. «Қансонарда бүркітшы шығады аңға»

Ә. «Құлақтан кіріп бойды алар »

Б. «Сен мені не етесің?»

 

 

  1. «Гете – Лермонтав — Абай» байланысы болып,үш халықты табыстырған өлең?

А. «Қақтаған ақ  күмістей кең маңдайлы»

Ә. «Қараңғы түнде тау қалғып »

Б. «Сегіз аяқ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абайдың өлеңдеріне қатысты тест сұрақтары

 

  1. «Адамның бір қызығы – бала деген» Абай сөзі қай өлеңнен алынған ?

А. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

Ә. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Б. «Айттым сәлем қаламқас»

 

2.»Ойында жоқ бірінің

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат

Болсам деген бәрінде ой,

Көңілінде жоқ санасы.» — үзінді қай өлеңнен алынған ?

 

А. «Өзгеге көңілім тоярсың»

Ә. «Сегіз аяқ»

Б. «Интернатта оқып жүр»

 

  1. Әнге айналған Абайдың өлеңі?

А. «Бөтен елде бар болса»

Ә « Жақсылық ұзақ тұрмайды»

Б. «Көзімнің қарасы»

 

  1. Абайдың өз қоғамындағы мәселелерге көңілі толмай жырлаған өлеңі?

А. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

Ә. «Сап, сап, көңілім, сап көңілім»

Б. « Білектей арқасында өрген бұрым»

 

  1. Қыздың портретін, сұлулығын суреттеген өлеңі?

А. «Өлсе өлер, табиғат, адам өлмес»

Ә. «Мәз болады болысың»

Б. «Ққатаған ақ күмістей кең маңдайлы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Абай өлеңдері бойынша тест тсұрақтары

 

 

 

  1. Абайдң қазақ әдебиетіне ұйқастың жаңа түрін әкелген өлеңі ?

А.»Бойы бұлғаң»

Ә. «Күз»

Б. «Сегіз аяқ»

 

  1. «Дұға», «Теректің сыйы», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін Абай кімнен аударған ?

А.   И.С.Крылов

Ә. М.Ю.Лермонтав

Б. А.С.Пушкин

 

  1. «Өгіз бен бақа » аудармасында өгіздей болғысы келген мақтаншақ бақа қайтеді ?

А. Суға секіріп кетеді

Ә. Іші жарылып өледі

Б. Сабырға келеді

 

  1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде Абай не айтады ?

А. Өлеңнің құрылысы, қадірі туралы

Ә. Өлеңнің керексіз дүние екенін айтады

Б. Өлеңге ешкімнің таласы жоқ екенін айтады

 

  1. «Жастардың күлкісі кетіп, бала шуламайтын, жас қатындар жыртық үйін жамайтын, күлкі-ойын, сейіл-серуені азайған жабырқанқы ауылды, жапырағынан айрылған ағашты»суреттейтін Абайдың өлеңі?

А. «Жазғытұры»

Ә «Қыс»

Б. «Күз»

 

Мектеп бағдарламасы бойынша Мұхтар Әуезовтың

«Абай жолы» романына арналған тест сұрақтары

(7-11 сыныптар аралығында)

 

  1. «Абай жолы» романы қалай басталады ?

А. Қодар мен Қамқаның жазасынан

Б. Абайдың оқудан келе жатқанынан

С. Құнанбайдың өмірін баяндаудан

 

  1. Есембай жырасында келе жатқандағы Абайдың жанында жүрген екі адам :

А.Оспан мен Майбасар

Б. Байтас пен Жұман

С. Байтас пен Жұмабай

 

  1. Абайдың ауылға келгенде Ұлжан сәлем бер деген адамы:

А. Ағасы

Б. Әкесі

С. Әжесі

 

  1. Ауылда Абайды жеңгелері қалай атаған:

А. Телғара

Б. Ызғұтты

С. Оспан

 

  1. Құнанбай кімдерді өлім жазасына кеседі?

А. Қодар мен Байсалды

Б. Қаратай мен Майбасарды

С. Қодар мен Қамқаны

 

  1. Романдағы Абайдың ең жақын досы:

А. Қаратал

Б. Жиренше

С. Сағит

 

  1. Қамқа Қодарға кім боп келеді ?

А. Әйелі

Б. Келіні

С. Қызы

 

  1. Қодар мен Қамқаны қалай өлтіреді ?

А. Аттың артына байлап

Б. Таспен атып

С. Түйенің өркешіне артып

 

  1. Қодар мен Қамқаның өлімін көрген соң Абаймен не болады?

А. Абай ауырып қалады

Б.Абай Семейге қайтып келеді

С. Абаймен ештеңе болмайды

 

  1. Шығыс ақындарынан Абай кімдерді оқыған?

А. Әл-Фараби, Тоныкөк

Б. Фзули, Науаи, Сағди.

С. Диккенс, Дарвин, Шиллер

 

  1. Романда не туралы айтылады?

А. Абайдың бүкіл өмірі туралы

Б. Абайдың ақындығы туралы ғана

С. Қазақ халқы туралы

 

  1. Абай қайда жерленген?

А. Қасқабұлақта

Б. Балашоқыда

С. Жидебайда

 

  1. Абайдың қосыла алмаған ғашығы:

А. Дәлдә

Б. Тоғжан

С. Әйгерім

 

  1. Пушкин аудармалары туралы қай тарауда айтылады?

А. «Қат-қабатта»

Б. «Шытырманда»

С.»Биікте»

 

  1. Абайдың ақын, данышпан болып қалыптасуына кім себепші болды?

А. Әкесі Құнанбай

Б. Әжесі Зере

С. Анасы Ұлжан