Абайтану тақырыбы бойынша 11-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар

Қазақ тілі және әдебиеті
Муханов Асет Нартаиевич, Абайтану тақырыбы бойынша 11-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар

Мақала авторы: Муханов Асет Нартаиевич
Жұмыс орны: Б.Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 04.02.2017


 

 

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Бағдарламада:

Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

  • қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:
  • ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
  • шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
  • Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
  • Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
  • Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін

 

оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

  • курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

Курсты оқытудың мақсаты:

Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

 

Курсты оқытудың міндеттері:

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;.

3). Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толықадам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

 

Курс жүктемесінің көлемі:

11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

10-11 сыныптардың соңында оқушылар:

1) ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білуі;

2) шығыс, батыс және орыс әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын білуі;

3) ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;

4) ғұлама ойшылдың ғылым, білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және  сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын түсінуі;

5) ақынның ән мен күй өнері хақындағы пайымдауларын түсінуі;

6) қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;

7) Абайдың «Толық адам» философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы білулері:

8) ұлы ақынның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;

9) ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып білуі;

10) абайтану  бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі;

11) абайтануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;

12) оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙТАНУ курсы

11-сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

 

Тақырыптар Сағ.

саны

Мерзімі
 «Абайтану» курсы туралы түсінік — 1сағат.
1 Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік. 1
Қазіргі Абайтану мәселелері — 1 сағат
2 Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. 1
«Білімдіден шыққан сөз»  — 2 сағат
3 Абайдың отыз бесінші қара сөзі. 1
4 Абайдың отыз бірінші қара сөзі. 1
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» — 7 сағат
5 «Осы мен өзім – қазақпын». 1
6 «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі. 1
7 «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Бөтен елде бар болса» өлеңдері. 1
8 «Сегіз аяқ» өлеңі. 1
9 «Сегіз аяқ» өлеңі. 1
10 «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңдері. 1
11 Абайдың жиырма екінші қарасөзі. 1
«Абай – сатирик» — 5 сағат
12 «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері. 1
13 «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды» өлеңдері. 1

 

 

 

 

14 «Бойы бұлғаң» сатирасы. 1
15 Абайдың қырық бірінші қарасөзі. 1
16 Шығармашылық жұмыс. 1
 

«Махаббатсыз дүние бос» — 4 сағат 

17 «Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері. 1
18 «Сен мені не етесің», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері. 1
19 «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы»  лирикалық өлеңі. 1
20 «Қызарып, сұрланып» өлеңі. 1
«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» — 7 сағат
21 Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай. 1
22 Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы. 1
23 Абайдың «Толық адам» философиясы. 1
24 Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың  жетінші қарасөзі. 1
25 Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қарасөздері. 1
26 «Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі. 1
27 Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Иманигүл» философиясының негізі болатындығы туралы. 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақтың бас ақыны»  — 7 сағат
28 Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы. 1
29 Ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері. 1
30 Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі. 1
31 Абайдың талантты ақын шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір. 1
32 Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар. 1
33 Шығармашылық жұмыс. 1
34 Қорытынды. 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

  • Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995 ж;

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай  «Құнанбай /Тарихи және әдеби тұлға»/ Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж;

7) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

8) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

9) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

10) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

11) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

12) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

13) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

14) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

15) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

16) М.О.Әуезов  «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»  Алматы «Санат» 1997 ж;

17) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

18) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

20) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

21) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 ж;

22) Абай тілінің сөздігі «Ғылым» 1968 ж;

23) Т.Тәжібаев «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары» Қаз.Мем.КӘБ, 1957 ж;

24) К.Шаймерденова «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» «Рауан» 1990 ж;

25) Республикалық «Абай» журналы.