Абай Құнанбаев: Жаз

Бастауыш сынып
Жаксылыкова Толганай Куандыковна, Абай Құнанбаев: Жаз

Мақала авторы: Жаксылыкова Толганай Куандыковна
Жұмыс орны: "27 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 25.05.2017


Тақырыбы: Абай Құнанбаев  Жаз

Мақсаты: 1.Шығармадағы негізгі ойды анықтау.Абайдың «Жаз» өлеңін оқи отырып,сөз өнерімен,табиғатты суреттеудегі шеберлігін,суреткерлігін таныту.

2.Жаз мезгілінің әдемі,тамаша көріністерін сипаттай отырып,оқушылардың өз ойларынан қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

3.Жаз мезгілінің әдемі  көрінісін бағалай білуге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,ой-қозғау,талдау,топпен жұмыс,топтастыру

Көрнекіліктер: автор портреті, бейнежазба,доп,А3.

Сабақ  барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

— Оқушылармен амандасу.

-Психологиялық ахуал.

Қане, балалар, шаттық шеңберін құрамыз. Шеңберге тұрудың өзінің үлкен ерекшелігі бар. Шеңберде бір-біріміздің жүзімізді анық, еркін көреміз, қуанамыз, шаттанамыз.
Шеңбер неге ұқсайды? Допқа, күнге, апельсинге, алмаға, қарбызға. Доппен ойнасақ көңіліміз көтеріледі, күн жарық, жылу сыйлайды, апельсин, алма, қарбыз тәтті.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

-Топқа бөлу.Сурет таңдау арқылы топқа бөліну.Топтық ережемен танысу.

2.Үй тапсырмасы

-«Ыстық орындық» әдісі.

3.Жаңа сабақ

-Бүгін жаңа тарауды бастаймыз.Тараудың атауы «Жаздыгүн шілде болғанда».

-Қалай ойлайсыңдар,бұл тарауда қандай шығармалармен танысамыз?

-Тарауды әлем жұртшылығына танымал ұлы тұлға Абай атамыздың шығармаларынан бастаймыз.

Ой қозғау.

-Тақтада қай мезгілдің суреті бейнеленген? Тақтадағы сурет бойынша әңгіме құрату.

Иә,бүгін Абай атамыздың «Жаз» өлеңімен танысамыз.Абай атамыз туралы не білеміз?

Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы,Абай ауданы,Шыңғыс тауында туылған. 1904 жылы қайтыс болған.Оның әкесі Құнанбай ел басқарған адам. Әжесі Зере,анасы Ұлжан. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі.

Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен.

— Бейнежазбаға назар аударайық.

4.Оқулықпен жұмыс

Іштей оқу,жұппен талдау,мәнерлеп оқу,талдау.

Доппен ойын. Балалар,Абай атамыз қандай көркемдеуші сөздер қолданған?

-Қандай шалғын?

— Бәйшешек қалай толады?

— Құлын,тай қалай шабады?

— Үйрек,қаз қалай ұшады?

— Қандай өзен?

5.Топпен жұмыс.

1-топ: Жазғы табиғатты сипаттау.

2-топ: Жан-жануарлардың жазғы тіршілігі.

3-топ: Жазғы жайлау.

6.Сабақты бекіту.

«Айналмалы әткеншек» әдісі.

Жаз мезгілін сипаттау

7.Қорытынды

Рефлексия

-Бүгінгі сабақтан не білдің?

-Өздеріңе қандай пайдалы  нәрсе алдыңдар?

-Не ұнады?

8.Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттау. « Біздің өлкедегі жаз» атты әңгіме жазу.

9.Бағалау,мадақтау.