1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған  эстафеталық ойындар

Тәрбие сағаттары
Утарбекова Фарида Батырхановна, 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған  эстафеталық ойындар

Мақала авторы: Утарбекова Фарида Батырхановна
Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, колледж әдіскері
Порталға жариялану мерзімі: 08.01.2019


                                                                                                                                                        БЕКІТЕМІН
                                                                                                                                       Директордың ТІЖ орынбасары
                                                                                                                                        ______   Байжігіт А.Д.
                                                                                                                                     « 27»қараша 2018ж

 Тақырыбы: 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған  эстафеталық ойындар

ЖОСПАРЫ

28.11.2018ж. күні сағат 11-00 де колледждің спорт кешенінде өткізілетін іс-шара

Мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы бәсекелік қабілет қалыптастыру мақсатында қазіргі таңдағы жеке  адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатындығын ескере отырып, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық-эстафеталық іс-шара өткізу.

Көрнекілігі: Доп, қап, ракетка-шариктер, арқан, кедергілер, секіртпелер

Салтанатты кештің ашылуы:

Құрметті ұстаздар, студенттер! Бүгінгі 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Жаны саудың-тәні сау» атты эстафеталық сайысымызға қош келдініздер!

  1. Қазақстан Республикасының ән-ұраны
  2. Салтанатты кешті ашу үшін ОҚ көпсалалы колледжінің құрылтайшысы Нұржан Жарылқасынұлы Керімбекке және колледж директоры Ж.Қожатаевқа сөз кезегі беріледі.
  3. *** Шымкент қалалық жастар орталығының маманы сөз сөйлейді.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай.

Бір аспанның астында,

Береке болсын ортада- деп ортамызға жарысқа қатысушы педагог қызметкерлер мен студенттері қарсы алайық.

Енді сайысқа қатысушылардың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

  1. Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы_________________
  2. Ардагер ұстаз: Зиядаш Ізбасарова
  3. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы: Дамир
  4. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы: Мұрат Арман.

Сайысымыз 5-бөлімнен тұрады: әр сайыс бес балдық жүйемен бағаланады.

1) «Тез қимылда » сайысы

2) «Ептілік» сайысы

3) «Мергендік» сайысы

4) «Кім шапшаң?» сайысы

5) Арқан тарту сайысы

Таныстыру. Топтар өз топтарын таныстырады.

Топтың аты, ұраны, формасы  бағаланады.

Ендеше 1- «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: топ басшысы белгіленген межеге дейін кедергілер арасымен жүгіріп барып, қайтып келіп, топ мүшесіне эстафетаны береді, осылайша, барлық топ мүшелері ең соңғы ойыншымен ойын аяқталады. Бұл жерде ептілік,  жылдамдық бағаланады.

Әділқазылар алқасы І-ші бөлімнің бағасын берейік.

Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,

Көрсетер көп еңбектенген мығымдылық,

Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Қай топтың ептілігін анықтайық- деп

ІІ- «Ептілік» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: үлкен қасықпен теннис добын алып, белгілі межеге дейін барып жүгіріп барып, артқа қайтып келу. Доп жерге түсіп қалмауы керек. Барлық топ мүшелері қатысады. Бұл сайыста жылдамдық, ептілік,бағаланады.

Әділқазылар алқасы «Ептілік» сайысының бағасын берейік.

Сергіту:   Нәбиева Жансаяның  орындауында  ән «Менімен биле!»

Жүргізуші:Бір, екі, үш

Шынығайық қане біз.

Жүгір, секір қалыспай,

Жарысайық бәріміз- деп

ІІІ- «Мергендік» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: топ мүшелері секіртпемен межеге дейін жүгіріп барып, обруч ішіндегі допты кольцоға дәлдеп түсіреді, допты қайтып алып, секіртпе тұрған межеге әкеліп, секіртпемен артқа секіріп қайтады. Бұл сайыста: ұқыптылық, жылдамдық, дәлдік бағаланады.

Әділқазылар алқасы ІІІ-ші бөлімнің бағасын берейік.

Әрі қарай «Кім шапшаң?» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты:екі топ мүшесі бір топ мүшесін айқасқан қолдарына отырғызып алып, белгіленген межені айналып артқа қайтулары керек. Бұл жерде жылдамдық, мықтылық, ептілік бағаланады.

Әділқазылар алқасы «Кім шапшаң?» сайысының бағасын берейік.

Сергіту: Ортаға колледж студенттерінің арнайы осы жарысқа дайындаған Жанкүйерлер биін тамашалаңыздар!

Ең соңғы сайысымыз «Арқан тарту»

Ойын шарты: Екі топ арқанның 2 жағынан ұстап, өз топтарына қарай арқанды тартады. 2 топ кезек кезек бір-бірімен арқан тартысады, осылайша жеңген екі топ бір-бірімен сайысады.

Ең соңғы сайысымыздың қорытындысын берейік.

Әділ қазы алқасы соңғы қорытынды есептеп шығарғанша кезекті  ән-шашуға берейік. Ән: *****

Сайысты қорытындылау.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша «бас жүлде»1, 2, 3 орындар мен жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдар тапсырылады. Сол сияқты төмендегі арнайы жүлделерімізді марапаттасақ:
1. «Ең үздік»топ басшы_____________________________________________
2. «Ең үздік»ойыншы________________________________________________
3. «Ең үздік жанкүйерлерге»_____________________________________________

Осымен 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Жаны саудың- тәні сау» атты эстафеталық сайысымыз мәресіне жетті. Олай болса, топ командаларын марапаттау үшін, колледж директоры Ж.Қожатаевты, әділқазы мүшелерін ортаға шақырамыз! 

Ән. «Толағай»